Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға қайтаруды талап етіп жүрген азаматтар Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары алдында қудалана бастады. Екеуі 15 күнге қамалып, үшеуі полицияға шақырту алды, тағы біреуіне полицейлер "астанаға бармауды" ескерткен.
Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келе жатыр? Пекин Орталық Азиядағы ықпалын арттыруға тырысып, аймақ Қытай мен Ресей арасындағы бәсеке алаңына айнала ма? Азаттық осы тақырып төңірегінде Қытай және Орталық Азия бойынша сарапшы Темір Омаровпен сұхбаттасып көрді.
Саяси лагерьде болған куәгер Жазира Әсенқызы қамаудан шыққаннан кейін есте сақтау қабілетінен айырылып қалғанын айтады.
Шыңжаңда мұсылмандарға қарсы қуғын-сүргін басталғалы бері ол жақта қалған туысының тағдырына алаңдаған қазақстандықтар екі елдің билігінен жақындарын Қазақстанға қайтаруды талап етіп келеді. Азаттық Қытайдағы туысын сарыла күтіп жүрген Қазақстандағы үш отбасының қазіргі жағдайымен танысты.
Шыңжаң полициясының компьютер желісіне сырттан кіріп алынған "Шыңжаң полициясы файлдары" атты құпия құжаттар саяси лагерьлердегі азаптаулар жайлы тың деректерді жария етті. Азаттық осы құжаттарды талдап, жүйелеген Вашингтондағы Коммунизм құрбандарын еске алу қоры қызметкері Адриан Зенцпен сөйлесті.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Қытайға барды. Бірақ белсенділер мен Батыс елдері оны Пекиннің Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарға жасап жатқан қылмысын заңдастыруы үшін "көзбояу сапарына" қатысқалы жатыр деп сынға алды.
Алматы маңындағы Ұзынағаш ауылында тұратын Бикамал Кәкенқызы 2016 жылы Шыңжаңнан атамекенге көшіп келген. Жеті және бес жасар екі қызын жалғыз өзі бағып отыр. Бикамал Қытайдың Алматыдағы консулдығына күнделікті дерлік барып, бес жылдан бері Қытайда түрмеде жұбайын босатуды талап етіп күресіп жүр.
Өткен аптада Қытайдың Шыңжаң аймағынан Қазақстанға 20 қазақ отбасы көшіп келді. Олардың айтуынша, Қазақстаннан "көші-қон шақыртуын" алғандардың ғана қоныс аударуына рұқсат бар. Қандастар "азаматтық бермей қоя ма" деп, Шыңжаңдағы лагерьлер туралы сұраққа қорқа жауап береді.
Тағы