Алматы облысының тұрғыны Гүлбаран Өмірәлі 2017 жылдан бері Қытайда қамалған туысына араша сұрап жүр. Қазақстанда онысы үшін полиция бірнеше рет ұстап, айыппұл да салды. Таяуда оның тағы екі бауырын Қытай билігі ұстап әкеткені туралы хабар жеткен.
Азаттыққа Қытайда саяси лагерьге қамалып, үйқамақта болдым деген тағы бір азамат сұхбат берді. Ол Шыңжаңдағы шағын бір ауылдағы мешіттің есепшісі болған 50 жастағы Бақтияр Мекешұлы. Өзі Қазақстан азаматтығын алса да, жұбайы мен қызы Қытайда қалған. Солар елге оралса деп армандайды.
Қытайдың Шыңжаң аймағында қазақ жастары арасынан шыққан әнші, сазгер Ғарапа Насиоллаұлын полиция алып кеткелі сегіз ай болды. Туыстары оның қазір нақты қай жерде екенін және қандай айыппен ұсталғанын білмейді.
Пекинде қысқы олимпиада ойындары өтіп жатқанда Қытайдың мемлекеттік медиасы саяси лагерьлерімен әлемге танылған Шыңжаң өлкесін "қысқы спорты қарқынды дамып келе жатқан аймақ" ретінде көрсетіп жатыр. Сарапшылар бұл Пекиннің көзбояуы әрі әлемді алдауы дейді.
Шыңжаңда қамауда отырған туыстарын босатуды талап еткен азаматтардың Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдына пикетке шығып жүргеніне жыл толды. Қытай тарабы үнсіз отыр. Қазақстан билігі наразыларға айыппұл салды, кейбірін әкімшілік қамауға алды. Азаттық солардың бірі Байболат Күнболатұлымен сөйлесті.
Қытай президенті Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсті. Қос мемлекет арасындағы құбылмалы қарым-қатынастың астарында не жатыр?
Екеуі де Шығыс Қазақстанның Үржарына көшіп келген Қытай қазағы. Шыңжаңдағы туыстарын көруге барған екеуі де "саяси үйрену лагеріне" түсіп, талай қиындықты көрді. Бірі кейін Қазақстанға оралса, екіншісі лагерьден кейін кейін үйқамаққа алынып, сол қалпы Қазақстанға қайта алмай Шыңжаңда көз жұмды.
Кейінгі бір жылда Қытайда ұлты қазақ жеті ақын-жазушы мен өнер адамы ұсталған. Бұл туралы "Атажұрт жастары" қоғамдық бірлестігі хабарлады. Ұйым өкілдері індетке байланысты шекара жабылғанда қысым күшейгенін айтады. Азаттық ұлынан хабар үзілген шешейдің зарын тыңдап қайтты.
Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы Интерпол президенті болды. Ал ұйымға кіретін маңызды комитет басшылығына Қытай азаматы келді. Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын топтар мен Батыс елдері бұл екеуі қызметін асыра пайдаланып, авторитар елдерді қолдауға кіріседі деп қауіптенеді.
12-14 қарашада Прагада (Чехия) өткен Әлемдік ұйғыр конгресінің бас ассамблеясында Шыңжаңдағы лагерьді көрген екі ұйғыр мен бір қазақ бастарынан өткен қиындықтарын баяндап берді.
Тағы