Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылына қарасты орта мектептің бір топ қызметкері жол бойындағы ағашты әктеп жүр. Бірақ жергілікті әкімдік өкілі "олар мектеп қызметкерлері емес, ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар" дейді.
Қызылордада көп балалы аналар қала әкімдігіне наразы. Бәйтерек ықшамауданынан биыл ғана уақытша баспана алған отбасылар жаңа оқу жылында мектеп, балабақшаның жоқтығына алаңдайды. Инфрақұрылым жасалмаған шағын ауданның кейбір тұрғынынына дүкенге барып-қайту да - проблема.
Әлемде жыл сайын ұшақтардың құстармен қақтығысуы жиілеп, соның салдары әуедегі апат санын арттырған. Мәселен, орнитологтар бір ғана құс ұшақ қозғалтқышына кіріп кетсе, апатты жағдай саналады дейді.
Соңғы бірнеше ай көлемінде Оңтүстік Америкада Амазон орманы өртеніп жатыр.
25 тамызда Нью-Йоркте "Қазақстан түрмесіндегі саяси тұтқындардың барлығына бостандық берілсін!" деген талаппен акция өткізді. "FreeKazakhs Еркін қазақтар" тобы ұйымдастырған бұл шараға АҚШ-та тұратын бір топ қазақстандық қатысты.
Нұр-Сұлтандағы "Хан шатыр" ойын-сауық кешені алдында монстрация өткізбек болған жастарды полиция ұстап, әкімшілік айыппұл салды. Жастардың заңгері шағым беретіндерін айтады.
25 тамызда Шымкентте бірнеше жергілікті белсенді елде сотталып немесе тергеліп қамауда отырған, құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған азаматтарды қолдап акция өткізді.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын партия жиынында үкіметтен көмек сұрағандарды сынаған.
Білім гранты иегерлерінің тізімі биыл әдеттегіден ерте жарияланды. Білім саласының сарапшысы "ҰБТ жеңіл өтті, гранттар да жеткілікті. Бұл - халықты шулатпау үшін жасалған қадам" дейді. Биыл білім гранттарын үлестіруде қандай өзгешелік бар?
Солтүстік Қазақстан облысында жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады. Сатушылар мұны көтерме сауда бағасының өсуімен түсіндіреді. Бағаның қымбаттауы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қиын тиіп отыр.
Алматылық әнші Ксения Әшіғалиева отбасында зорлық-зомбылық көргені туралы видео жариялағаннан кейін полиция оның жұбайы Бауыржан Әшіғалиевті қамауға алды. Бірақ күйеуі әйелінің сөзін жоққа шығарған. Сарапшы Қазақстанда әйелдер отбасында зорлық көргенін сыртқа жаюға ұялатынын, сондықтан нақты статист
22 шілдеде Алматыда журналистерге шабуылдаған әйелдерді полиция әлі таба алмай отыр. Бұл туралы 30 шілдеде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Қазақстанның адам құқығын қорғау бюросы халықаралық ұйымдар назар аударған оқиғаны зерттеуге полиция әрекет жасамай отыр деп санайды.
Тағы