Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын партия жиынында үкіметтен көмек сұрағандарды сынаған.
Білім гранты иегерлерінің тізімі биыл әдеттегіден ерте жарияланды. Білім саласының сарапшысы "ҰБТ жеңіл өтті, гранттар да жеткілікті. Бұл - халықты шулатпау үшін жасалған қадам" дейді. Биыл білім гранттарын үлестіруде қандай өзгешелік бар?
Солтүстік Қазақстан облысында жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады. Сатушылар мұны көтерме сауда бағасының өсуімен түсіндіреді. Бағаның қымбаттауы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қиын тиіп отыр.
Алматылық әнші Ксения Әшіғалиева отбасында зорлық-зомбылық көргені туралы видео жариялағаннан кейін полиция оның жұбайы Бауыржан Әшіғалиевті қамауға алды. Бірақ күйеуі әйелінің сөзін жоққа шығарған. Сарапшы Қазақстанда әйелдер отбасында зорлық көргенін сыртқа жаюға ұялатынын, сондықтан нақты статист
22 шілдеде Алматыда журналистерге шабуылдаған әйелдерді полиция әлі таба алмай отыр. Бұл туралы 30 шілдеде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Қазақстанның адам құқығын қорғау бюросы халықаралық ұйымдар назар аударған оқиғаны зерттеуге полиция әрекет жасамай отыр деп санайды.
Алматыда қазақстандық адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау бюросына баспасөз жиынына қатысуға барған Азаттық пен өзге де БАҚ тілшілеріне белгісіз адамдар шабуыл жасады.
Шілденің 18-і күні таңертең Алматыда Жетісу ауданындағы бояу өнімдері қоймасы өртенді.
Алматыда құрылысшылар жалақысын даулады. «Жарты жылдан аса еңбек ақымызды ала алмай жүрміз» деген наразылар соңғы айларда жұмысқа шықпай қойғандарын айтады. Ал мемлекеттік тапсырыспен көпір салатын мердігер мекеме басшылығы жұмысшылардың "жалақы алмадық" деген сөздерін жоққа шығарады.
6 шілде Алматыда полиция жүзден астам адамды ұстады.
Маусымның 30-ы күні таңертең Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында шамамен 900-ге жуық адам қатысқан митинг өтті. Онда елдегі саяси жүйені өзгерту, жаңа Конституция қабылдау, саяси тұтқындарды босату, Арыс оқиғасы және тағы басқа мәселелер айтылды.
Тағы