Алматылық әнші Ксения Әшіғалиева отбасында зорлық-зомбылық көргені туралы видео жариялағаннан кейін полиция оның жұбайы Бауыржан Әшіғалиевті қамауға алды. Бірақ күйеуі әйелінің сөзін жоққа шығарған. Сарапшы Қазақстанда әйелдер отбасында зорлық көргенін сыртқа жаюға ұялатынын, сондықтан нақты статист
22 шілдеде Алматыда журналистерге шабуылдаған әйелдерді полиция әлі таба алмай отыр. Бұл туралы 30 шілдеде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Қазақстанның адам құқығын қорғау бюросы халықаралық ұйымдар назар аударған оқиғаны зерттеуге полиция әрекет жасамай отыр деп санайды.
Алматыда қазақстандық адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау бюросына баспасөз жиынына қатысуға барған Азаттық пен өзге де БАҚ тілшілеріне белгісіз адамдар шабуыл жасады.
Шілденің 18-і күні таңертең Алматыда Жетісу ауданындағы бояу өнімдері қоймасы өртенді.
Алматыда құрылысшылар жалақысын даулады. «Жарты жылдан аса еңбек ақымызды ала алмай жүрміз» деген наразылар соңғы айларда жұмысқа шықпай қойғандарын айтады. Ал мемлекеттік тапсырыспен көпір салатын мердігер мекеме басшылығы жұмысшылардың "жалақы алмадық" деген сөздерін жоққа шығарады.
6 шілде Алматыда полиция жүзден астам адамды ұстады.
Маусымның 30-ы күні таңертең Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында шамамен 900-ге жуық адам қатысқан митинг өтті. Онда елдегі саяси жүйені өзгерту, жаңа Конституция қабылдау, саяси тұтқындарды босату, Арыс оқиғасы және тағы басқа мәселелер айтылды.
Әскери қоймадағы жарылыс кесірінен Арыс қаласынан кетуге мәжбүр болған тұрғындар үйіне қайтып жатыр. Бірнеше күннен бері Шымкентті паналаған олар 28 маусымда таңғы сағат алтыдан бастап әкімдік ұсынған көліктерге мініп Арысқа аттанды.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың «3300-ден астам термин қайта қаралып бекітілді. Оның 300-ге жуығы халықаралық терминдер. Азатжол - абзац, пайыз – процент, сынып – класс, әнұран – гимн мейрамхана - ресторан болып қайта өзгерді» деген сөзі түрлі пікір тудырды.
Тағы