Ақтөбеде «Пантера» дүкеніне қарулы шабуыл жасалған кезде полицияға көмектескен тұрғынға медаль берілді.
Меркель мен Бердімұхаммедов, түркімен еліндегі түрмелерге шетелдік дипломаттардың кіру мәселесін талқылады.
Шымкенттегі 33 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген мектеп биыл да толық ремонтталмады. Бірақ қалалық білім бөлімі басқаша мәлімет береді.
Қоғамдық белсенділігі үшін мектеп жетекшілігі тарапынан «жапа шегіп, қысым көргенін» айтып арызданған мұғалиманың сотында жарыссөз басталды.
Ақтөбедегі қару-жарақ дүкендері мән әскери бөлімге жасалған шабуылдан соң қамалған Ақтөбе тұрғындарының бірі – Әлижан Пірмағанбетов.
Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева, билікті Березовкаға қатысты мәселемен айналысуға шақырды.
Семей полигоны 25 жыл бұрын, 1991 жылы тамыздың 29-ы жабылды. Бірақ полигон іргесінде тұратындар полигонның зардабын әлі тартып келеді.
27 тамызда Мәскеуде баспа қоймасы өртеніп, 17 адам қаза тапты, оның 14-і - Қырғызстан азаматтары.
Шілде айы туысымен Ақтөбе облысындағы ауылдардан ер адамдарды табу қиынға айналады. Ақсақалдар мен сегіз сағаттық жұмысы бар бірен-саран тұрғын болмаса, өзге жұрттың бәрі ала жаздай шабындықтың басында жүреді.
Зорлық-зомбылық құрбандары мемлекеттік көмектің кемдігін, қоғам тарапынан да қолдау көре бермейтіндерін айтады. Олар психологиялық және әлеуметтік жәрдемге мұқтаж.
Шымкентте ВИЧ жұқтырған үш жасар баланың анасы «оның ауруын білген балабақша қабылдаудан бас тартты» дейді. Балабақша басшылығы мұны жоққа шығарады.
Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесінде 2 мың жұмыс орны ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығы дерегінше, қалада 3 мың жұмыссыз тіркеуде тұр.
Тағы