Қырғызстан мен Өзбекстан арасында шекараға байланысты дау шықты. Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ақсый ауданы Үңгір-Тау аймағында «Теле радио релейлік станцияға өзбекстандық әскерлер тікұшақпен түсіп, Қырғызстан азаматтарын қамауда ұстап отыр» деген хабар тарады.