Шілде айы туысымен Ақтөбе облысындағы ауылдардан ер адамдарды табу қиынға айналады. Ақсақалдар мен сегіз сағаттық жұмысы бар бірен-саран тұрғын болмаса, өзге жұрттың бәрі ала жаздай шабындықтың басында жүреді.
Зорлық-зомбылық құрбандары мемлекеттік көмектің кемдігін, қоғам тарапынан да қолдау көре бермейтіндерін айтады. Олар психологиялық және әлеуметтік жәрдемге мұқтаж.
Шымкентте ВИЧ жұқтырған үш жасар баланың анасы «оның ауруын білген балабақша қабылдаудан бас тартты» дейді. Балабақша басшылығы мұны жоққа шығарады.
Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесінде 2 мың жұмыс орны ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығы дерегінше, қалада 3 мың жұмыссыз тіркеуде тұр.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасында шекараға байланысты дау шықты. Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ақсый ауданы Үңгір-Тау аймағында «Теле радио релейлік станцияға өзбекстандық әскерлер тікұшақпен түсіп, Қырғызстан азаматтарын қамауда ұстап отыр» деген хабар тарады.
Ұлттық баспасөз клубының Алматыдағы кеңсесінің үшінші және төртінші қабаттары бұзыла бастады. Ғимарат Алматының ауданаралық мамандандырылған соты шешімімен қиратылып жатыр.
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында дайын болуы тиіс «Қазақ елі» сериалы әлі бітпеді. Жобаны аяқтауға кедергі болып жатқан cебептер туралы фильм авторларының пікірі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Чистое ауылын бес айдан бері су басып жатыр.
Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов Алматыда түрмеден босағаннан кейінгі алғашқы баспасөз жиынын өткізді. Құқық қорғаушылар оны қылмыстық қудалау мен түрмеден босатудың саяси себебін талқылады.
Жаңатұрмыс ауылдық мектебі мұғалімінің «өз тәртібін заңсыз талқыға салды» деп мектеп директоры үстінен шағым түсірді.
Жаңа оқу жылы - әр көпбалалы отбасы үшін кіші-гірім "сынақ". Ал егер көпбалалы ана жалғыз өзі болса, тіптен ауыр.
Тағы