Халықаралық адам құқығын қорғаушы екі ұйымның «тұтқындарды құпия түрмеге қамап, азаптады» деген айыптауына Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) әжуа сурет жариялап жауап қатты.
Bellingcat зерттеу тобы әлеуметтік желілерде жарияланған медальдардың фотосуреттері Украина шығысындағы соғысқа мыңдаған ресейлік солдат қатысқанын көрсететінін мәлімдеді.
Владимир Путинмен жақсы араласатын магнат және «сұр кардинал» Виктор Медведчук Украина саясатына жиырма шақты жыл бойы ықпал етіп келеді. Ресейшіл сепаратистермен бейбіт келіссөз өткізуге көмектескен адамды сыншылар «Түнек князы» деп атайды.
Украинадан шығатын тұтыну тауарларын сататын қазақстандық сатушылар ол елден өнімдер келмей жатқанын айтады. Ресми мәліметке сай, жарты жылда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 40 пайызға жуық кеміген.
Ресей түрмесінде Украинаның ұлттық қаһарманына айналған ұшқыш қыз Отанына оралған соң үлкен саясатқа араласты. Надежда Савченко саяси майданда өзін қалай көрсетеді?
Киевте белгілі журналист Павел Шереметтің автокөлікке қойылған бомба жарылысынан қаза табуы жұртшылыққа төбеден жай түскендей әсер етті. Жаңарған Украина үшін бұл қылмысты ашу сынақ болғалы тұр.
Қазақстан мен Украина кәсіпкерлері «1 шілдеден бастап Украинадан Ресей арқылы жүк тасымалдамауға» шақырған хабарламалар ала бастады. Қазақстан билігі украин тауарларын өткізу тәртібін ұзарту мүмкіндігі туралы сауалға Ресейдің жауап бермей отырғанын айтты.
Украинадан қару-жарақ әкеле жатқан француз экстремисінің ұсталуы соғыс ошағына айналған Донбастағы қару шетелдегі террористердің қолына өтіп кетпей ме деген қауіпті күшейтті.
Қырымды басып алу кезінде алдыңғы шепте болған мәскеулік бизнесмен біліксіздік пен жікшілдіктің және сараңдық кесірінен «Новороссия» мемлекетін құру жоспары құрдымға кетті дейді.
Ресей өзіне қосып алған Қырымда жөндеуден өткен ауруханадағы жағдайды қоғамда көзбояушылықтың классикалық үлгісіне жататын «Потемкин ауылымен» салыстырады.
Украиналық әскери ұшқыш Надя Савченко Ресей түрмесінен босатылып, Киевке оралды. Қаһарман қызды қарсы алып қуанып жатқанымен, украиналықтарды Ресей түрмесінде жатқан басқа отандастарының тағдыры да алаңдатады.
Ресейде 22 жылға сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы Украинада сотталған ресейлік екі азаматқа айырбастап, ел президентінің ұшағымен Дондағы Ростовтан Киевке әкелді.
Тағы