Еуропарламент Қырым татарларының «құқықтарын өрескел бұзып жатқан» Ресейді айыптады. Мәскеу аннексиялаған Украинаның Қырым түбегінде жыл басынан бері байырғы халық өкілдерін қудалау жиілеген.
Қыркүйектегі сайлау алдында Ресейдің билік партиясы – «Біртұтас Ресей» өз кандидаттарының партия ережесін қатаң ұстанғанын қалайды.
Қырымдық блогер Заир Акадыров Ресей аннексиялаған түбектегі сөз еркіндігі мен «26 ақпан ісі» жайлы әңгімелейді.
Шығыс Украинадағы сепаратистер жетекшісі бір жыл бұрынғы соғыс кезінде селоны өртегенін растады және оны қалпына келтіруге ұсыныс жасағандарды мақтады.
Қырым татарлары белсенділері түбекті Украинаға қайтару үшін бірнеше айдан бері экономикалық және энергетикалық блокада қолданып келеді. Жергілікті жұртқа ауыр тигенімен, олар блокаданы жалғастырмақ.
АҚШ президенті Барак Обама Украинаны «Ресейдің қуыршағы» атап, көпшілікті таң-тамаша қалдырды. Вашингтонның сыртқы саясаты өзгерді ме, әлде бұл президенттің байқаусызда жіберген қателігі ме?
Жиырма жылдан астам уақыт Қырымның Ресейге қосылуына үндеп келген белсенді Валерий Подъячий Мәскеу түбекті Украинадан тартып алған кезде әлгі іс-әрекеті үшін жапа шекті.
Саяси себептермен атамекенін тастап, Алматыға көшіп келген Қырым татары Қазақстан Қырым аннексиясынан тарихи сабақ алуы тиіс деп санайды.
Украинаның Одесса қаласында тұратын Влад Росс – жеке адамдардың жұлдыз-жорамалын құрастырумен ғана емес, саяси оқиғаларды да болжаумен танылған астролог. Ол Азаттыққа жаңа жылға арналған болжамдарын айтып берді.
Ресей президенті Владимир Путинді өткен жылы Украинаға басқыншылық жасағаны үшін әлемнен оқшаулай бастаған еді. Оның Сирияға шабуылы Украинадағы әрекетін ұмыттырып жібергендей.
Түркия Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен қақтығыс аймағынан месхет түріктерін көшіріп әкете бастады.
Украинаның оңтүстік-шығысынан қашып, Мәскеу облысындағы жеке меншік пансионатта тұрып келген 100 шақты босқын Жаңа жыл түні баспанадан шығарылуы мүмкін.
Тағы