Донбаста соғысып жатқан украин солдаттарына тамақ пен киім-кешек тасып жүрген белсенділер иесіз қалған үй жануарларын ала қайтады.
«Мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен қамалған жеті баланың анасы Светлана Давыдова бостандыққа шықты.
Бірнеше апта бойы атыс астында қалған Дебальцево тұрғындары әр сәт сайын өмірлеріне қауіп төніп тұрғанын айтады.
«Мәскеу Украинаның шығысындағы бүлікшілерге әскери көмегін арттырды, енді Батыс Киевке қару жеткізбесе болмайды» деушілер қатары көбейіп келеді.
Нью-Йоркте Чайковский операсын қойған ресейлік әртістерге бір көрермен наразылық танытып, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты саясатын айыптайтын плакат ұстап, сахнаға шығып кетті.
Чехия астанасында Ресей елшілігі алдында Украинадағы соғысқа наразылық акциясы өтті.
"Гуманитарлық жүк келген кезде қаланы атқылау да еселеп үдеп кетеді" дейді Дебальцево тұрғындары.
Пекин Қытайдың бойдақ жігіттеріне қалыңдықты шетелден, оның ішінде Украинадан іздеуді ұсынып, әйел тапшылығы проблемасын шешуге тырысып отыр.
Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Вязьма қаласында тұратын үй шаруасындағы әйелді Украина елшілігіне телефон соққаны үшін «мемлекетке сатқындық жасады» деп тұтқындады.
АҚШ федералдық тергеу бюросы осы апта тыңшы деген күдікпен Ресей азаматын тұтқындады. Ал ресейлік сарапшылар «барлаушы топ аса құнды деректер жинаумен айналыспаған» дейді.
Грекиядағы сайлауда солшылдардың СИРИЗА коалициясының жеңіске жетуі Еуропа қаржы нарығында дүрбелең тудырды. «Бұл оқиға ЕО сыртқы саясатына өзгеріс әкеледі» деп болжайтындар да бар.
Украинаның теңіз жағалауындағы Мариуполь қаласына шабуыл жасаған ресейшіл сепаратистер Киев билігіне қарсы стратегиялық және символикалық тұрғыда соққы бергісі келеді.
Тағы