Америкалық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма «Ресей президенті Владимир Путиннің Шығыс Украинадағы басқыншылығына Батыс қалай жауап беруі керек?» деген сауалға қатысты пікірін білдірді.
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, ел аймақтарында еріктілер «Антимайдан» топтарын құрып жатыр. Ақпараттарға қарағанда, олар билікке көмектесіп, оппозицияның халықты арандатуына қарсы тұрмақ.
Қырымның Ресей тағайындаған үкімет басшысы «гейлер мен жыныстық азшылық өкілдері біздің қоғамға қажет емес» деген пікір айтты. Ресейдегі гей-белсенділер «құқықтарымызды шектеу жалғасып жатыр» дейді.
Киев Сталин тәсілін пайдаланбақ. Украина әскер ішіндегі ресейшіл тыңшыларды қолға түсіретін құпия ұйым құрып жатыр.
Донецкіде қалған тұрғындар мина мен снарядтан қорғану үшін уақыттың көп бөлігін жертөледе өткізеді.
Словакияда Еуропа Одағынан Украинаға табиғи газ жеткізе алатын құбыр іске қосылды.
АҚШ президенті Бара Обама Таллинн қаласында Эстония, Латвия және Литва президенттерімен кездеспекші.
Сепаратистермен шайқастан соң Украина әскері Донецк әуежайын тастап шықты.
Алматыда өткен «Украина мен Қазақстан – Украинаның шығысындағы әскери қақтығысты бейбіт жолмен реттеудегі азаматтық қоғам» тақырыбын талқылауға қатысқандар көбінесе Путинге қарсы сөз сөйледі.
1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Украинаның шығысындағы соғыстан қашып, үйлерінен жырақта жүрген босқын балалардың көбінің мектеп партасына отыруы неғайбыл.
Украина армиясы мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қарулы қақтығыстар салдарынан баспанасын тастап, басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр болған көптеген отбасылар жаңа оқу жылын дүдәмал көңіл-күйде бастағалы отыр.
Балықшылар тауарды сату мүмкін болмағандықтан, балық аулауды азайтты. Қазір олардың табысы орталап қалған.
Тағы