Мұнай бағасы барреліне 66 доллардан төмендесе, Қазақстан жыл сайын 20 миллиард доллардай табыстан қағылады. Бірақ "Баға 50 доллар болса да, экономика өсімі тоқтамайды" дейтіндер де бар.
Украина жұртта жоқ дәстүр шығарып, жаңа үкіметтегі үш маңызды министрлікті шетелдіктерге ұсынды. Парламент үкімет құрамын бекітерден бірер сағат бұрын ғана АҚШ, Грузия, Литва азаматтарына Украина паспорты берілді.
Жеті күн бойы Ресей телевизиясының хабарларын үзбей көрген америкалық сарапшы мидың екі жақ бөлігінің арасындағы қайшылықты байқағанын айтады.
Киевте бұдан бір жыл бұрын полиция ұрып-соғып, күшпен таратқан «Еуромайдан» шеруін еске алды. 30 қараша 2014 жыл.
Қырым татарлары осы жылдың көктемінде наразылық шарасына шыққан төртінші адамды тұтқындаған жаңа биліктің рақымсыздығына наразы. Қырым татарлары жетекшілері Ресей аннексиясына қарсы болған еді.
Ресей депутаты Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында соғысып жатқан ресейлік еріктілерге «соғыс қимылдарына қатысушылар» деген мәртебе беруді ұсынды.
Азаттық ресейлік БАҚ-тың Қазақстандағы ықпалы туралы блиц-сауалнама жүргізді. Мұндай сауалнаманы редакция былтыр да жүргізген. Осы мерзім ішінде Қырым аннексияланды.
Украинада соңғы бір жылдың көлемінде болған негізгі оқиғалар жайлы бір минуттық бейнебаян.
«Донецк халық республикасы» содырларының тұтқынында болған тұрғын қамауда көргендерін Азаттық тілшісіне айтты.
Қарашаның 21-інде Украинадағы «Еуромайдан» қарсылық толқуы басталғанына бір жыл толды. Қазақстандық сарапшылар бұл оқиғаның елдеріне тигізген әсерін әртүрлі бағалайды.
Қырымда мешіттер өртеніп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл - Қырым татарларын арандату әрекеті. Ал Қырым татарлары ондай арандатуға ермейтіндерін мәлімдеді.
Белгілі ақын әрі президентшіл саясаткер Олжас Сүлейменов Азаттыққа сұхбат берді. Гептилден басталған әңгіме «Еуразия Одағына кіру Қазақстанды тәуелсіздігінен айырмай ма?» деген даумен аяқталды.
Тағы