«Донецк халық республикасы» содырларының тұтқынында болған тұрғын қамауда көргендерін Азаттық тілшісіне айтты.
Қарашаның 21-інде Украинадағы «Еуромайдан» қарсылық толқуы басталғанына бір жыл толды. Қазақстандық сарапшылар бұл оқиғаның елдеріне тигізген әсерін әртүрлі бағалайды.
Қырымда мешіттер өртеніп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл - Қырым татарларын арандату әрекеті. Ал Қырым татарлары ондай арандатуға ермейтіндерін мәлімдеді.
Белгілі ақын әрі президентшіл саясаткер Олжас Сүлейменов Азаттыққа сұхбат берді. Гептилден басталған әңгіме «Еуразия Одағына кіру Қазақстанды тәуелсіздігінен айырмай ма?» деген даумен аяқталды.
Жақында қайта құрылған Қырым мүфтиятының жетекшісі Руслан Саитвалиев «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымы сапында 500 Қырым татары соғысып жатыр» деп мәлімдеді.
Украина «Еуромайдан» көтерілісінің бір жылдығын атап өтуге әзірленіп жатыр. Ал сол аласапыранда жақынынан айырылған жандардың қайғысы әлі жеңілейген жоқ.
Биыл наурызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Украинада арнайы бақылау миссиясын ашқан еді. Украиналықтар «миссия Ресейдің сөзін сөйлеп отыр» деп, ЕҚЫҰ-ға ашулана бастады.
Осы апта Түркия сыртқы істер министрі Киевке барды. Украина басшысы және Қырым татарлары жетекшілерімен кездескен ол Түркияның Украина аумағының бүтіндігін қолдайтынын, Қырым татарлары құқығын қорғауға көмектесетінін айтты.
Ресей мен Батыс арасындағы араздық қанша жерден асқынса да, оны қырғиқабақ соғыс деуге болмайды. Бұл - одан да өткен шатақ. Неге екенін Power Vertical блогында Брайан Уитмор баяндайды.
Қырымда тұратын ресейлік екі азамат 10 күннен бері Орал қаласынан кете алмай жүр. Қазақстан арқылы Ресейдің бір аймағынан екінші өңіріне жүк апара жатқан олардың көлігі Украинада тіркелген.
Украинаның сепаратистер басып алған шығыс аймағына Ресейден ауыр әскери техника конвойының келуі Минск бітімінің көпке созылмайтынын білдіргендей. Бұдан ары не болуы мүмкін?
Донецк облысы Марьинск ауданындағы Новоукраинка селосының 17 жастағы тұрғыны Виктория Аврамченко Оралда тұратын туыстарына қашып келген. Бірақ билік оған баспана бермей отыр.
Тағы