Түркіменстан мемлекеттік телеарнасы жарты сағаттық бағдарламасында президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейнесін 52 рет көрсетіп, аты-жөні немесе қызметін 34 рет атады.
Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласының бас алаңын тұңғыш президенттің құрметіне атауды ұйғарған. Әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі әзірше күшіне енген жоқ, бірақ аймақ әкімдігінің ресми сайтында алаң қазірдің өзінде жаңа атаумен көрсетілген.
Тәжікстанда құрылысы аяқталмаған Рогун ГЭС-і туралы поэма жазған ақын ел президенті Эмомали Рахмонды пайғамбарға да, халифаға да және эпос кейіпкеріне де теңейді.
Қырғызстанда экс-президенттерге тиісуге болмайды деген норманы шектейтін бастама көтерілді. Қызметінен кеткен мемлекет басшыларын ықтимал қудалаудан қорғау нормасы бірқатар постсоветтік елдердің заңдарында ашып жазылған. Қазақстандық белгілі құқық қорғаушы мұндай нормалар азаматтар тең құқылы деген принципті бұзады деп санайды. Кепілдікті өмір бойына сақтауды жақтайтындар иммунитетті "кек алғысы келетіндерден" қорғау деп біледі.
Тәжікстан Білім және ғылым министрлігі елдің жоғары оқу орындарында талапкерлерге жазғызатын эссе тақырыптарының тізімін бекітті. Олардың арасында "Пешвои миллат- ҳомии миллат" ("Ұлт лидері – ұлт қорғаушысы") немесе "Пайравони Пешвои миллатем!"("Біз – Ұлт лидерінің ізбасарымыз") деген эссе тақырыптары бар.
Қазақстанда тағы да монархия орнату идеясын ұсынатындар шыға бастады. Бұл жолы жас ақын Балтабек Нұрғалиев осындай ұсыныс тастады. Бірқатар қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берген Нұрғалиев «елді тек Назарбаевтар династиясы басқаруы керек» деп мәлімдеді. Азаттық Қазақстанда монархия орнатайық деген басқа да бастамашыларды еске түсіріп, бұған қатысты сарапшылардың пікірін тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қарсыластары елде президенттің жеке басына табыну белгілері күшейіп келеді деп мәлімдейді. Назарбаевтың жақтастары елде мұндай құбылыс жоқ, бұл – "ұлттық ерекшеліктердің көрінісі" ғана деп санайды.
Картина директорымен күні бұрын жасалған келісімге қарамастан, "Елбасы жолы" киноэпопеясының кезекті бөлімі түсіріліп жатқан алаңға Азаттық тілшісін кіргізбей қойды. Эпопеяның бұрнағы жылдары прокатқа шыққан бөлімдерінде Қазақстан президентінің балалық шағы, жастық шағы және егде тартқан кезі қамтылған.
Тәжікстанда ел президенті туралы пьеса жарық көрді. Екі жыл бұрын Қырғызстанда Қазақстан президенті туралы спектакль премьерамен шектелген. Сарапшылар іс басында отырған басшыны дәріптеу жағымпаздық пен жеке басқа табынуды көрсетеді дейді.
Алматы мәслихаты қаладағы жүзден астам көшенің атауын жаңартуды ұйғарды. Орталықтағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылына айналып, қала бойынша "Нұр" сөзінен басталатын бірнеше көше пайда болмақ.
Алматы қалалық мәслихаты Фурманов көшесінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
Орталық Азияда Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін "ұлт көшбасшысы" атанған Эмомали Рахмонның да аудио-кітаптары радиодан оқыла бастады. Тәжікстанның Қазақстаннан айырмашылығы – президент кітаптарының аудио-нұсқасын таратуға жекеменшік радиоларды да міндеттеп отыр.
Тағы