Қазақстанда тағы да монархия орнату идеясын ұсынатындар шыға бастады. Бұл жолы жас ақын Балтабек Нұрғалиев осындай ұсыныс тастады. Бірқатар қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берген Нұрғалиев «елді тек Назарбаевтар династиясы басқаруы керек» деп мәлімдеді. Азаттық Қазақстанда монархия орнатайық деген басқа да бастамашыларды еске түсіріп, бұған қатысты сарапшылардың пікірін тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қарсыластары елде президенттің жеке басына табыну белгілері күшейіп келеді деп мәлімдейді. Назарбаевтың жақтастары елде мұндай құбылыс жоқ, бұл – "ұлттық ерекшеліктердің көрінісі" ғана деп санайды.
Картина директорымен күні бұрын жасалған келісімге қарамастан, "Елбасы жолы" киноэпопеясының кезекті бөлімі түсіріліп жатқан алаңға Азаттық тілшісін кіргізбей қойды. Эпопеяның бұрнағы жылдары прокатқа шыққан бөлімдерінде Қазақстан президентінің балалық шағы, жастық шағы және егде тартқан кезі қамтылған.
Тәжікстанда ел президенті туралы пьеса жарық көрді. Екі жыл бұрын Қырғызстанда Қазақстан президенті туралы спектакль премьерамен шектелген. Сарапшылар іс басында отырған басшыны дәріптеу жағымпаздық пен жеке басқа табынуды көрсетеді дейді.
Алматы мәслихаты қаладағы жүзден астам көшенің атауын жаңартуды ұйғарды. Орталықтағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылына айналып, қала бойынша "Нұр" сөзінен басталатын бірнеше көше пайда болмақ.
Алматы қалалық мәслихаты Фурманов көшесінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
Орталық Азияда Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін "ұлт көшбасшысы" атанған Эмомали Рахмонның да аудио-кітаптары радиодан оқыла бастады. Тәжікстанның Қазақстаннан айырмашылығы – президент кітаптарының аудио-нұсқасын таратуға жекеменшік радиоларды да міндеттеп отыр.
Ақмола облысы Ақкөл ауданында Сара Назарбаева атындағы "табиғи парктің" жобасы таныстырылған. Жергілікті билік өкілдері биорезерват құруды ұсынған қордың белсенділеріне қорықты қай жерде құратындарын анықтауды тапсырғандарын айтады. Идея авторлары жерді Ақкөл қаласының шығысынан таңдағандарын хабарлады.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылының атауы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының құрметіне "Әлжан ана" деп өзгертіліп жатыр. Жамбыл облысы мәслихатының қызметкері "ауыл атауын өзгерту туралы шешімді әділет департаментінде тіркеу жұмысы ғана қалғанын" айтады.
Бүгін Октябрь революциясына ғасыр толды. Азаттықтың Қырым қызметі Ленин ескерткіштерінің "көрмесін" ұсынады.
Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзияев бұрынғы президент Ислам Каримовтің саясатын бір жылға жетпей-ақ сынай бастады. Сарапшылардың кейбірі «Қазақстанның билігі мұнан сабақ алуы тиіс» десе, кейбірі «сабақ алу керек емес, Қазақстанның саяси бағыты тұрақты» деп санайды.
Түркіменстанның автократ басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сан қырлы "талантының" тағы бірін жұртқа паш етті – бұл жолы мемлекеттік БАҚ президенттің әскерилерге тапанша мен мылтықтан дәлдеп атып, қанжарды қалай қадауды үйреткенін көрсетті.
Тағы