Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбатында экономикалық дағдарыстан соң үкіметтің «жұмсағырақ» жүйеге көшу жоспары барын айтқан.
Астана қаласының атын өзгертуді ұсынуға не себеп болды? Бұл уақыты жеткен қажеттілік пе, әлде «жеке басқа табыну» көрінісі ме? AzattyqLIVE хабарында саясаттанушы Айдос Сарыммен талқылаймыз.
Әміржан Қосанов 1990 жылдары саясатта қандай қауіп-қатерлер болғанын айтып берді.
Тәжікстанда биыл президент күні алғаш рет аталып өтті. Елі тәуелсіздік алған кезде совхоз директоры болған Эмомали Рахмон биыл заң жүзінде «тәуелсіздік негізін қалаушы» деп жарияланған.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қазасынан кейін іле-шала президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызының құдасы Берік Имашев орталық сайлау комиссиясы төрағалығына тағайындалды. Бірақ 2020 жылға дейін Қазақстанда ешқандай сайлау жоспарланбаған.Ал Дариға Назарбаева билік басына жақындап, сенат комитеті төрайымы болды.
Өзбекстанның 78 жастағы президенті Ислам Каримов ауруханаға түсті. Ол бұл елді 1989 жылдан бері басқарып келеді. (Сюжет - орыс тілінде)
Өзбекстан президенті Ислам Каримов мұны 30 маусым күні Сурхандария облысы Термез ауданында дихандармен кездесуінде айтты.
Ресейде үкіметті интернетте сынағаны (пост жазғаны) үшін жұртты соққыға жығып, қорқыту оқиғалары көбейді. Кремль бұл елдегі интернет бостандығын шектеп отыр.
Түркіменстанда жұрттың спутник антенналарын бұзып алып тастау науқаны жүріп жатыр. Бұл жаңалық емес, ел астанасы Ашғабад пен оның маңайындағы елді мекендерде бұл жұмыстар бірнеше жылдан бері жасалып келеді. Бірақ енді билік аймақтардағы антенналарды алып тастауға да кірісті.
Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның бесінші көркем фильмі прокатқа шықты. Ол «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталады.
Қазақстан прокуратурасы Азаттыққа берген ресми жауабында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, вице-премьер Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің "Паманагейт" дауына ілігуіне қатысты тексеру жүргізбейтінін мәлімдеді.
25 жыл бұрын Өзбекстанның Жоғарғы кеңесінде Ислам Каримовты сынап, 2012 жылы "экономикалық қылмысы" үшін сотталған бұрынғы депутат Шухрат Нусратов түрмеден мерзімінен бұрын босатылды.
Тағы