Ең қатаң жаза - 7 жыл айыпталушы Роза Төлетаеваға кесілді. Маусымның 4-і судья айыпталған 37 азаматқа қатысты үкімді оқуға кіріскенмен, соңғы үкімді - айыпталушы Мұрат Қосбармақовқа белгілеген жазасын оқи алмай залдан шығып кетті. Залда отырған сотталушылардың туыстары оған түрлі заттар лақтырған.
«Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеті» қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков пен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» басшысы Зәуреш Батталова Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтауда өтіп жатқан сотқа байланысты ұсыныстарын айтты.
Еуропа парламентінің депутаты Пол Мерфи БҰҰ-ға "Жаңаөзенде тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталған адамдар мен куәлік берген азаматтардың азапталғанын Қазақстан үкіметіне жеткізуге көмектесуін сұрап хат жазды.
Мамырдың 17-сі күні Жаңаөзендегі уақытша қамау изоляторының (УҚИ) бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровке қатысты сот үкімі оқылды. Сот Теміровті «қылмыстық кодекстің 308-бабы бойынша кінәлары толық дәлелденді» деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың жарыссөз кезеңі аяқталып, екі тарап бір-біріне сұрақ қоюға кіріскен. Судья Аралбай Нағашыбаев Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот үкімі шамамен он күннің ішінде шығатынын мәлімдеді.
Дүйсенбі күні Жаңаөзен оқиғасына байланысты жарыссөз әрі қарай жалғасты. Түске дейін айыпталушылар сөйлеп бітіп, кезек адвокаттарға жеткен.
Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар бойынша сот аяқталып келеді. Ертеңнен бастап, екі сотта қатар жарыссөз басталады. Соңғы соттардың бірінде куәгер ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) полковнигінің өзіне қысым көрсеткенін айтты.
Мамырдың 3-і өткен сот отырысында бүркеншік атпен жауап берген куәгердің анасы полициядан қысым көргенін айтты. Ал прокурор «жәбірлендік» деген айыпталушыларға байланысты «қылмыстық іс қозғауға негіз табылмағанын» хабарлады.
2 мамыр күні Жаңаөзен сотында «Өзенмұнайгаз» компаниясының өкілі Киікбай Ешмановтан жәбірленуші ретінде жауап алынды. Ал Шетпе сотында екі куәгер тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартты.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта бүркеншік атпен жауап берген екі куәгер өздерін көпке жария етіп, сотта берген жауаптарынан бас тартты. Олар өздеріне қысым жасалғанын мәлімдеген.
Тағы