Accessibility links

Белсенділер Жаңаөзен оқиғасына орай өтіп жатқан соттарды тоқтатуға шақырды


«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» басшысы Зәуреш Батталова және «Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеті» қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков. Астана, 23 мамыр 2012 жыл.
«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» басшысы Зәуреш Батталова және «Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеті» қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков. Астана, 23 мамыр 2012 жыл.

«Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеті» қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков пен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» басшысы Зәуреш Батталова Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтауда өтіп жатқан сотқа байланысты ұсыныстарын айтты.

Олардың сөзіне қарағанда, Жаңаөзен оқиғасы кезінде қару жұмсады деген айыппен сотқа тартылған полицейлер «өмірлеріне қауіп төнген соң қару қолданғандарын» айтқан.

– Жаңаөзен оқиғасы кезінде ішкі істер басқармасының үш қызметкері түсірген бейнетаспаның бәрін көріп шықтық. Онда полицейлерге күш көрсетіп, олардың өмірлеріне қауіп төндірген ешқандай дәлел жоқ, – дейді Мұсағали Дуамбеков.

Белсенділердің айтуынша, сотта көрсетілген үш видео да (біріншісі – Saule540-тың видеосы, екіншісі – полицейлер түсірген видео, үшіншісі – «К-Плюс» телеарнасының хабары) «полицейлердің сөзін жоққа шығарады».

ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН «ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР»

«Полицейлер сотына» 16-17 мамырда қатысқан Зәуреш Батталова «маған полицейлердің сөз сөйлеу мәнері мен өздерін өздері ұстаулары ұнамады – олар біздің бауырымыз еместей, олар үшін халық – қарақшы, қара тобыр секілді» деді. Ол айыпталушы полицейлердің «қалай отырам, қашан тұрам десе де ерік берілгеніне» де наразылық білдірді.

Мұсағали Дуамбеков пен Зәуреш Батталова полицейлер сотындағы аударма мәселесіне де көңілдері толмағанын айтты.

– Сотта бір полицей қазақша сөйледі. Екіншісі орысша сөйледі. Оған аудармашы алдырды. Бірақ аудармашы қазақша жетік білмейді екен. Сол себепті аударма
Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
дұрыс болмады. Жәбірленушілер аудармаға түсінбей, полицияға сұрақ қойса, сот олардың сөзін бөліп отырды. Ал жәбірленушінің бір адвокаты қазақша жақсы сөйлей алмайды екен. Ол ойымды «орысша айтайын» десе, сот оған рұқсат бермей, «сен қазақша сөйле, сосын ұсынысыңды қанағаттандырам ба, қанағаттандырмаймын ба – оны сосын шешеміз» деп басып отырды. Халықаралық қауымдастық көз тігіп отырған бұл сотқа білікті бір аудармашының табылмауы – тіпті күлкілі. Сотта нақты сұраққа нақты жауап болмаса және ол аудармада сондай нақты болмаса, онда қандай әділ шешім, әділ сот болмақ? – дейді Зәуреш Батталова.

Ол сотта сөйлеген полицейлердің «алаңда тұрған азаматтар заң бұзды, бұлар – қылмыскерлер» деп айтқандарын да сөз етті.

– Заң бойынша, соттың шешімінен кейін ғана адам қылмыскер болып саналады. Осыны білсе де, судья полицейлер сөзіне тоқтау салмай, олардың пікірімен келіскендей сыңай танытты. Бұл сот тәртібіне сай емес, – дейді Зәуреш Батталова.

Қоғамдық ұйым жетекшілері Ақтаудағы сотқа Жаңаөзеннен жәбірленушілердің келіп қатысуына не жергілікті әкімшілік, не қоғамдық ұйымдар тарапынан ешқандай көмек берілмей жатқанын байқаған.

«СОТҚА БАРСАҢ, ЖҰМЫСТАН ШЫҚ»

Зәуреш Батталованың сөзіне қарағанда, «сотта жәбірленуші болғысы келетін адамдарға жұмыс берушілері қысым көрсетіп жатыр».

– Мысалы, Хасен Бейсекенов есімді азаматтың ұлы Атаберген мектепте мұғалім
Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың өліміне байланысты 5 жылға сотталған, уақытша қамау изоляторы бастығы болған Жеңісбек Теміров сотта отыр. Ақтау, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың өліміне байланысты 5 жылға сотталған, уақытша қамау изоляторы бастығы болған Жеңісбек Теміров сотта отыр. Ақтау, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
болып істепті. Алаңға мектеп директорының мәжбүрлеуімен шыққан оған оқ тиген. Енді әкесі қайтыс болған баласының құнын қуып, жәбірленуші ретінде сотқа барайын десе, жұмыс берушісі «онда арыз жазып, жұмыстан шық» деген талап қойыпты. Бұл енді жәбірленушілерге көрсетіліп жатқан әкімшілік қысымның бір түрі, – дейді Зәуреш Батталова.

Ал Мұсағали Дуамбеков «судья бұл сотта полицейлердің адвокаттарынан гөрі жәбірленушілердің қорғаушыларын көбірек шектеп отырғанын байқағанын» айтты.

«ДЕПУТАТТАР ВИДЕОНЫ КӨРСІН»

Азаматтық белсенділер Астанадағы басқа қоғамдық ұйымдармен бірге сәуір айының басында парламентке хат жазып, Жаңаөзен оқиғасы туралы парламент отырысын өткізуді ұсынған екен. Бірақ оның жауабын әлі алмаған.

– Депутаттар шынымен оқиғаның анық-қанығын білгілері келсе, полицейлер түсірген видеоны басынан аяғына дейін көріп шықсын. Басқа видеоны көрмей-ақ қойсын, – деді Зәуреш Батталова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Зауреш Батталованың ойынша, Қазақстан парламентінің депутаттары ол видеоны көрсе, «ереуілші мұнайшылардың арандатпағанын, бейбіт халыққа оқ атардай себеп болмағанын біледі».

Белсенділер Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот процестерінің бәрін тоқтатып, сотталушылардың ісін қайта тергеуге жіберу керегін айтты.
XS
SM
MD
LG