2020 жылғы маусымда Ресей соты қазақстандық Виктор Филинковты лаңкестік қауымдастыққа қатысы бар деп тауып, жеті жылға бостандығынан айырған. Сот Филинков жазасын жалпы режимдегі колонияда өтесін деп үкім шығарғанымен, ол қазір қатаң режимдегі түрмеде жатыр. Мұның сыры неде?
Gulagu.net құқық қорғау жобасының өкілдері Ресейден "құқық қорғау органдарының құпия видеоархивін" алып шықты. Онда түрмедегі азаптау мен зорлау бейнеленген. Бұл туралы Facebook желісінде жобаның негізін қалаушы Владимир Осечкин жазды.
1997 жылы желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның жаңа астанасы болып бекітіліп, кейін оның атауы "Астана" деп өзгерді. Бұл идеяны Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Содан бері Қазақстанның басқа өңірлері бар тапқанын астанаға құйып келеді.
Көп елде не коронавирус екпесі жетіспейді, не халықтың өзі вакцинаға қарсы. Бірақ Моңғолия осы екі мәселені шеше алғанға ұқсайды. Мұнда Covid вакцинасын халықтың 65 пайызы салдырған. Моңғолия мұндай көрсеткішке қалай жетті?
Тәліптер Ауғанстандағы билікті қайта қолына алды. Олар бұл жолы халыққа көп құқық береміз деп уәде беріп отыр. Бірақ сарапшылар “Талибанның” уәдесі көбіне жүзеге аспайды дейді. Бұрын ауған жұрты тәліптердің билігі тұсында қалай өмір сүрді? Еске түсірелік.
"Витязь" гандбол клубының жаттықтырушысы Константин Яковлев Беларусьтен көшіп кетті. Ол бейбіт наразылық шерулеріне қатысып, былтыр тамызда болған президент сайлауынан кейінгі оқиғалар жайлы пікір білдірген. Маусымда Яковлев рұқсат етілмеген көпшілік шараға қатысты деген айыппен 15 күнге қамалған.
Екі апта бұрын телефонына Pegasus тыңшы вирусы орнатылуы мүмкін 50 мың адамның тізімі туралы зерттеу жарық көрді. Ал жақында Франциядағы ANSSI агенттігі вирус үш журналистің телефонынан анықталды деп айтып, журналистік зерттеу қорытындысын растаған алғашқы мемлекеттік мекеме атанды.
Беларусь ұлттық олимпиада комитеті жеңіл атлет Кристина Тимановскаяны Токио олимпиадасындағы жарыстардан шеттетіп, еш ескертпестен Минскіге жібермек болған. Спортшы еліне оралмайтынын, Еуропадан саяси баспана сұрайтынын айтты.
Беларусь билігі даулы президент сайлауынан кейін болған наразылықтарды басып-жаншыған соң, жүздеген мың адам елден кетуге мәжбүр болған. Олардың көбі Украинаға қашты. Шекара қызметінің дерегінше, 2020 жылдың тамызынан бері Украинаға 150 мыңнан астам беларус барған.
Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) екі күн бойы телефоны тыңдалған болуы мүмкін журналистердің, құқық қорғаушыларының және билік басындағылардың аты-жөнін жариялап келеді. Оның ішінде Тоқаевтың, Маминнің және Алматы әкімі Сағынтаевтың да бар екені мәлім болды.
Бұдан 26 жыл бұрын шешен дала командирі Шәміл Басаев басқаратын содырлар тобы Ресейдің Ставрополь өлкесінде, Шешенстанмен шекарадан 200 шақырым жерде орналасқан шағын қала – Буденновскіге басып кірді.
Беларусьтегі наразылықтың лидері Азат Еуропа/Азаттық радиосының студиясына келіп, қамауда отырған Роман Протасевич, Батыс санкцияларының Лукашенко режиміне әсері, Қырымның кімге тиесілі екені сұрақтарға жауап берді.
ДДСҰ дерегінше, Covid-19 жұқтырып ауырған әр оныншы адамда коронавирус инфекциясының салдары дерттен айыққаннан кейін де білінеді. Жүздеген мың адам тез шаршайтын күйге түсіп, иіс пен дәмді басқаша сезеді. Осындай және басқа белгілер тіпті аурудан бірнеше ай өткеннен кейін де байқалады.
Тағы