Accessibility links

Стамбулдағы жарылысқа ИМ-ді де, Ердоғанды да айыптайды

Дәрігерлер Ататүрік әуежайындағы жарылыстан зардап шеккен адамдарға көмектесіп жатыр. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл.
Дәрігерлер Ататүрік әуежайындағы жарылыстан зардап шеккен адамдарға көмектесіп жатыр. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл.

Маусымның 28-і күні Стамбулдағы Ататүрік әуежайында болған атыс пен жарылыстардан ондаған адам қаза тапты. Азаттық Түркиядағы кешегі жарылыстан кейінгі ахуалды сондағы қазақтардан да сұрап білді.

Түркияның Стамбул қаласында тұратын этникалық қазақ Илияс Сака Ататүрік әуежайында болған, қазіргі мәлімет бойынша 41 адамды мерт етіп, жүздеген адамды жаралаған кешегі жарылыстан кейін жағдай қалпына келе бастағанын айтады.

Стамбулдағы жарылыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:06 0:00
Жүктеп алу

– Жарылыстан кейін әуежай жұмысы бес сағатқа ғана тоқтады. Қазір бәрі бұрынғыша жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына Түркия премьер-министрі келді. Әзірге терактіні ешкім мойнына алмаса да, билік ДАИШ-тан (ИМ –«Ислам мемлекеті» экстремистік тобының бір аты – ред.) көріп отыр, – дейді ол.

Ататүрік әуежайында жұмыс істейтін бірнеше қазақ бар екенін айтқан Илияс Сака «Құдайға шүкір, бәрі дін аман екен» дейді.

Ататүрік әуежайындағы жарылыстан зардап шеккен адамның туыстары. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.
Ататүрік әуежайындағы жарылыстан зардап шеккен адамның туыстары. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

Стамбулда тұратын тағы бір қазақ Файзолла Топылының сөзінше, «жергілікті халық террористерді түгелімен құртқанын қалайды».

– Шын мәнінде бұл – Түркияның туризм саласына, сол арқылы экономикасына жасап отырған шабуыл. Біз бұны тек ДАИШ немесе Күрд жұмысшы партиясы жасады деп отырған жоқпыз. Бұған Ресейдің немесе басқа да елдердің бірінің әсері болуы мүмкін, – деп күдіктенеді ол.

Файзолла Топылы да қазір Стамбулдағы барлық мекемелер қалыпты жұмыс жатқанын, ешқандай қорқыныш жоқ екенін айтады.

Туыстары шабуылдан қаза тапқан Абдулхаким Бугда есімді жігіттің анасы Сажиде Бугданы сүйемелдеп әкетіп барады. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.
Туыстары шабуылдан қаза тапқан Абдулхаким Бугда есімді жігіттің анасы Сажиде Бугданы сүйемелдеп әкетіп барады. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

Азаттық хабарласқан адамдардың енді бірі – Түркияның Анкара қаласында оқып жүрген қазақстандық студент (аты-жөнін атамауды сұрады – ред.). Оның сөзінше, жергілікті халық жарылысқа билікті де кінәлайды.

– Жарылысты естіген түрік азаматтарының кез-келгені қынжылысын білдіріп жатыр. Тіпті біздің көшеде көп жүре бермеумізді өтінгендер де бар. Бәлкім, алаңдайтын шығар. Мен танитын Түркия азаматтары «бұл – Ердоғанның кесірі» дегенді айтады. Тайып Ердоған билікке келгелі жарылыс жиілей түсті, – дейді ол.

Стамбул әуежайындағы атыс пен жарылыс елдің туристік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін азаматтарын да уайымға салған. Мұны Азаттық тілшісі, қазір Түркияның Анталия аймағында демалып жатқан Әли Асқар да растайды.

– Мен жатқан, 500 орындық қонақ үйлеріне 150-ге жуық адам ғана келген отельдің қызметкерлерінің ұнжырғасы түсіп кеткен. Олар жарылыстың болуына билікті кінәлайды, – дейді Әли Асқар.

Ататүрік әуежайы. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.
Ататүрік әуежайы. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

Маусымның 28-і күні кешке Стамбулдағы Ататүрік әуежайында болған атыс пен жарылыстар салдарынан, соңғы ресми мәлімет бойынша, 41 адам қаза тауып, 200-ден астам адам зардап шеккен.

Түркия билігі «үш жанкешті әуежайға таксимен келіп, полициямен атысқанын, мұнан соң жолаушыларды тіркеу аймағында жарылыстар жасағанын, әуежайдағы жұртқа оқ жаудырғанын» мәлімдеді.

Түркия президенті Режеп Ердоған Ататүрік әуежайындағы шабуылды теракт деп атап, әлем елдерін «террорға қарсы күш біріктіруге» шақырды. Ол жарылыстарды жасағандарды айыптап, «кінәсі жоқ бейбіт тұрғындар» қаза тапқанын айтты. Түрік премьер-министрі Бинали Йылдырым жарылыстардың артында «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы тұр деуге негіз бар» екенін мәлімдеді. Әзірше шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.

Дүниежүзі елдері, солардың арасында Қазақстан да Стамбулдағы шабуылдарды айыптады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі шабуылдан өз азаматтары зардап шеккені туралы мәлімет түспегенін айтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Жарылыстан кейінгі Ататүрік әуежайы

Жарылыстан кейінгі Ататүрік әуежайы

28 маусым күні кешке қарай Стамбулдағы Ататүрік әуежайында үш жарылыс болған. Бомбаны үш жанкешті жарған. Стамбул мэрі жарылыстан қаза тапқандардың саны 41 адамға жеткенін мәлімдеді. 
1/13 28 маусым күні кешке қарай Стамбулдағы Ататүрік әуежайында үш жарылыс болған. Бомбаны үш жанкешті жарған. Стамбул мэрі жарылыстан қаза тапқандардың саны 41 адамға жеткенін мәлімдеді. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Жарылыс болған Ататүрік әуежайының маңы. Түркия үкіметі бұл жарылысты теракт деп мәлімдеді. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл. 
2/13 Жарылыс болған Ататүрік әуежайының маңы. Түркия үкіметі бұл жарылысты теракт деп мәлімдеді. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Жарылыс болған әуежайдың іші. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл. 
3/13 Жарылыс болған әуежайдың іші. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Ататүрік әуежайындағы  жарылысты ешқандай ұйым мойнына алған жоқ. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
4/13 Ататүрік әуежайындағы  жарылысты ешқандай ұйым мойнына алған жоқ. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Жарылыста мерт болғандардың туысқандары Ататүрік әуежайының маңында тұр. Қаза тапқандардың арасында шетелдіктер де бар екені хабарланды. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
5/13 Жарылыста мерт болғандардың туысқандары Ататүрік әуежайының маңында тұр. Қаза тапқандардың арасында шетелдіктер де бар екені хабарланды. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Ататүрік әуежайының сыртында тұрған күзет. Стамбул. 29 маусым 2016 жыл. 
6/13 Ататүрік әуежайының сыртында тұрған күзет. Стамбул. 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Ататүрік әуежайында және Түркияның басқа да әуежайларында тексеру күшейтілген. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
7/13 Ататүрік әуежайында және Түркияның басқа да әуежайларында тексеру күшейтілген. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Жарылыс болған Ататүрік әуежайында Түркия прьемер-министрі Бинали Йылдырым (ортада) келді. Ол бұл жарылысты "Ислам мемлекеті" ұйымы жасауы мүмкін" екенін мәлімдеді. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
8/13 Жарылыс болған Ататүрік әуежайында Түркия прьемер-министрі Бинали Йылдырым (ортада) келді. Ол бұл жарылысты "Ислам мемлекеті" ұйымы жасауы мүмкін" екенін мәлімдеді. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Ататүрік әуежайының маңындағы қарулы күзет. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
9/13 Ататүрік әуежайының маңындағы қарулы күзет. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Жарылыстан кейін әуежайда жөндеу жұмыстарын жүргізу сәті. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
10/13 Жарылыстан кейін әуежайда жөндеу жұмыстарын жүргізу сәті. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Ақпарат агенттіктерінің мәлімдеуінше, қазір Ататүрік әуежайының жұмысы қалпына келіп, рейстер уақытымен ұшып-қонып жатыр. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
11/13 Ақпарат агенттіктерінің мәлімдеуінше, қазір Ататүрік әуежайының жұмысы қалпына келіп, рейстер уақытымен ұшып-қонып жатыр. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Ататүрік әуежайында тіркеуден өтіп жатқан жолаушылар. Стамбул. 29 маусым 2016 жыл. 
12/13 Ататүрік әуежайында тіркеуден өтіп жатқан жолаушылар. Стамбул. 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Ататүрік әуежайындағы ұшақтар. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
13/13 Ататүрік әуежайындағы ұшақтар. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. 
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG