Accessibility links

«Ұлт көшбасшысы» Рахмон жайлы жыр жинағы жарық көрді

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 16 қараша 2013 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 16 қараша 2013 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзін «ұлт көшбасшысы» етіп бекіте сала тәжік ақындарының «Пешво» («Көшбасшы») деп аталатын өлеңдер жинағы жарық көрді. Кітапта 30-дан астам ақынның өлеңі бар.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды дәріптеген алғашқы жыр жинағының тиражы – 1000 дана. Бұрын-соңды Тәжікстанда президент туралы өлеңдер бір кітапқа топтастырылып жарық көрмеген. Бұл жинақ елде «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы» заңын президент бекіте салысымен баспадан шықты.

Кітапты құрастырушылардың бірі Гурез Сафардың айтуынша, бұл жинаққа Ашур Сафар, Лоиқ Ширали, Камол Насрулло, Гүлназар Келди, Саидали Мамур тәрізді белгілі әдебиетшілер бастатқан ақындардың «ұлт көшбасшысы» Эмомали Рахмонды мадақтайтын өлеңдері топтастырылған.

Азаттық радиосы Тәжік қызметінің хабарлауынша, 80 беттен тұратын бұл кітап 28 желтоқсаннан бастап сатыла бастайды.

Ақын, әдебиет сыншысы Исфандиёри Назар «Пишво» («Көшбасшы») жинағын әзірге оқымағанын айтады. Алайда ол «басшыны дәріптеп, мадақтайтын кітаптың жарық көруі – бізде Рудаки заманының әлі де жалғасып жатқандығын көрсетеді» дейді.

– Мұның бәрі көпшіліктің көңілінен шығатын жай деп ойламаймын. Бұл – бар болғаны белгілі бір ақынның біреуді мақтаудағы жеке пікірі ғана ғой, – дейді әдебиет сыншысы Исфандиёри Назар.

Душанбедегі "Ұлт көшбасшысы" туралы заңды қолдау шарасы:

Душанбедегі "Ұлт көшбасшысы" заңын қолдау

25 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзіне ерекше мәртебе беретін «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы» туралы заңға қол қойды. 
1/12 25 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзіне ерекше мәртебе беретін «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы» туралы заңға қол қойды. 
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
26 желтоқсанда осы заңды қолдап арнайы шара өткізілді.
2/12 26 желтоқсанда осы заңды қолдап арнайы шара өткізілді.
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
16 бабтан тұратын заңда Эмомали Рахмонның президент кезінде қабылдаған шешімдеріне бола кейін қудалаудан босатылатыны айтылған. &nbsp;<br />
&nbsp;
3/12 16 бабтан тұратын заңда Эмомали Рахмонның президент кезінде қабылдаған шешімдеріне бола кейін қудалаудан босатылатыны айтылған.  
 
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
Жаңа заңда &quot;ұлт көшбасшысының&quot; жанұясы мүшелері мен олардың барша мүліктері мемлекет тарапынан қорғалатыны айтылған.
4/12 Жаңа заңда "ұлт көшбасшысының" жанұясы мүшелері мен олардың барша мүліктері мемлекет тарапынан қорғалатыны айтылған.
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
<br />
Биылғы сәуір айында Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Носирджон Салими мен ғалым Холмахмади Саме билік партиясының ресми сайтында Эмомали Рахмонның еңбегі оны &quot;ұлт көшбасшысы&quot; деп жариялауға лайықыт деген мазмұнда үндеу жариялады.&nbsp;
5/12
Биылғы сәуір айында Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Носирджон Салими мен ғалым Холмахмади Саме билік партиясының ресми сайтында Эмомали Рахмонның еңбегі оны "ұлт көшбасшысы" деп жариялауға лайықыт деген мазмұнда үндеу жариялады. 
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
18 желтоқсанда Тәжікстан парламенті &laquo;Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы&raquo; туралы заңын бірауыздан қолдап дауыс берді.&nbsp;
6/12 18 желтоқсанда Тәжікстан парламенті «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы» туралы заңын бірауыздан қолдап дауыс берді. 
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
Жаңа заңды сынаған оппозиция мүшелері, қоғам белсенділері және құқыққорғаушылар бұл қадамды &quot;демократиядан шегіну&quot; ретінде бағалады.&nbsp;
7/12 Жаңа заңды сынаған оппозиция мүшелері, қоғам белсенділері және құқыққорғаушылар бұл қадамды "демократиядан шегіну" ретінде бағалады. 
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері төрт рет президент болып сайланған. Тәжікстанда ендігі президент сайлауы 2020 жылы өтеді.
8/12 Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері төрт рет президент болып сайланған. Тәжікстанда ендігі президент сайлауы 2020 жылы өтеді.
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
Мәжіліс спикері Шукурджон Зухуров құжат мақұлданар кезде 1990 жылдарғы соғыс жағдайын еске салып, Рахмонды &quot;тәжік халқы үшін көп еңбек сіңірген батыр&quot; деп атады.
9/12 Мәжіліс спикері Шукурджон Зухуров құжат мақұлданар кезде 1990 жылдарғы соғыс жағдайын еске салып, Рахмонды "тәжік халқы үшін көп еңбек сіңірген батыр" деп атады.
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
Шукурджон Зухуров &quot;ұлт көшбасшысы&quot; туралы заңды демократияға қайшы емес деп санайды.
10/12 Шукурджон Зухуров "ұлт көшбасшысы" туралы заңды демократияға қайшы емес деп санайды.
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
11/12
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
Қазақстанның Совет Одағы құлағаннан бергі үздіксіз президенті 75 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев &quot;ұлт көшбасшысы-елбасы&quot; мәртебесіне 2010 жылы ие болған еді.&nbsp;
12/12 Қазақстанның Совет Одағы құлағаннан бергі үздіксіз президенті 75 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев "ұлт көшбасшысы-елбасы" мәртебесіне 2010 жылы ие болған еді. 
Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015
Previous slide
Next slide

Ол елде «ұлт көшбасшысы» туралы заң қабылдана салысымен ақындардың бұрыннан әр жерде жарық көрген жырлары бір кітапқа топтастырылып, жарық көрді деп есептейді. Исфандиёри Назар халықтың қазіргідей әлеуметтік жағдайында жинақтың бірден сатылып кетеріне де күмәнмен қарайды.

Тәжікстанда ел президенті туралы кітаптар да бұрын да шығып тұратын. Бірақ ол туралы жыр жинағы бірінші рет жарық көріп отыр.

Эмомали Рахмон өзі билікке келген 1994 жылдан бері төрт рет президент болып сайланған.

Эмомали Рахмонды «ұлт көшбасшысы» деп дәріптеу ел арасында өткен жылы басталған. Биыл парламент мұны қазіргі президенттің мәртебесі ретінде бекітетін «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы» туралы заң қабылдады. Эмомали Рахмонның өзі туралы заңды 25 желтоқсан күні мақұлдап қол қойды. Бұл заңда «ұлт көшбасшысы» атанған қазіргі президенттің өкілеті қашан аяқталатыны нақты айтылмаған. Конституция бойынша Тәжікстанда бір адам екі рет жеті жылдық мерзімнен артық президент бола алмайды. Ал Эмомали Рахмон өзі билікке келген 1994 жылдан бері төрт рет президент болып сайланған. Тәжікстанда ендігі президент сайлауы 2020 жылы өтеді.

Тәжікстандағы «ұлт көшбасшысы» туралы заң бойынша 63 жастағы Рахмонның отбасы мүшелері де мемлекет тарапынан қорғалады.

Қазақстанның Совет Одағы құлағаннан бергі үздіксіз президенті 75 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәртебеге 2010 жылы ие болған еді. Бірақ Қазақстан президенті «Ұлт көшбасшысы-елбасы» мәртебесін беретін заңға өзі қол қоймай, заң сенат төрағасы, мәжіліс және премьер-министрдің қолымен күшіне енген.

Басшыларына «ұлт көшбасшысы» атағын беру Орталық Азия елдерінде үйреншікті жайға айналып барады. Түркіменстанның бұрынғы басшысы Сапармұрат Ниязов «Түркменбашы» деген атағын 2006 жылы дүние салғанға дейін иеленді, ал оның ізбасары Гурбангулы Бердімұхаммедов ресми түрде «Арқадағ» («Қорғаушы») деп аталады.

Азаттықтың Тәжік қызметінің мақаласы.

Айдар
XS
SM
MD
LG