Accessibility links

Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кемінде 176 адам қаза болды


Өрт сөндірушілер қоршауға соғылып, өртеніп жатқан ұшақты сөндіріп жатыр. 29 желтоқсан 2024 жыл.
Өрт сөндірушілер қоршауға соғылып, өртеніп жатқан ұшақты сөндіріп жатыр. 29 желтоқсан 2024 жыл.

Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кемінде 176 адам қаза болды. Ұшақ Бангкоктан (Таиланд) Оңтүстік Кореяға ұшып келген. Ұшақ бортында 175 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған деп жазды Yonhap агенттігі.

Өрт сөндірушілер екі адамды құтқара алған: бір жолаушы және экипаж мүшесі. Билік кемінде 176 адам опат болғанын хабарлады. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

“Ұшақ қоршауға соғылғаннан кейін жолаушылар ұшақтан лақтырылған. Тірі қалу мүмкіндігі өте аз” деді өрт қызметінің өкілі агенттікке.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жергілікті Tengrinews агенттігіне "алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта қазақстандықтар жоқ" деп хабарлады.

Муан қаласында апатқа ұшыраған ұшақ бортында екі Таиланд азаматы болған, қалғаны – Оңтүстік Корея азаматтары деп жазды жергілікті БАҚ.

Ақпаратқа қарағанда, Boeing 737-800 ұшағы Jeju Air әуе компаниясына тиесілі. Ұшақ Сеулдің оңтүстік-батысындағы Муан әуежайына қонбақ болған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құстарға соғылып бағытынан ауытқып кеткен болуы мүмкін. Мамандар ауа райының да әсерін зерттеп жатыр. Тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG