Accessibility links

Владимир Козловқа қатысты қылмыстық іс прокуратураға жіберілді


Владимир Козловты туған күнімен құттықтау
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

Владимир Козловты туған күнімен құттықтау

Бүгін алматылық бірнеше азамат Ақтауда түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловты туған күнімен құттықтап, телеграмма жіберді.

ЖАЛҒЫЗ АДАМНЫҢ АКЦИЯСЫ

Телеграмма жіберген азаматтардың бірі, оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин мұнан соң Алматыдағы «Қазақтелекомның» ғимаратының алдында жалғыз өзі акция өткізді.

«Володя, туған күніңмен!», «Володя нағыз қазақ» деген жазулары бар плакат ұстаған Қуанышәлин журналистерге Козлов ісінің саяси астары бар екенін айтты.
Владимир Козловтың (сол жақта) бостандықта жүрген кезі. Қасында отырған - оппозициялық белсенді Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 23 қараша 2010 жыл.
Владимир Козловтың (сол жақта) бостандықта жүрген кезі. Қасында отырған - оппозициялық белсенді Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 23 қараша 2010 жыл.

- Козлов негізсіз айыпталып отыр. Володяны шындықты айтқаны үшін, осы режиммен күресіп, жаңаөзендіктерді қорғағаны үшін, сондағы болған жайттарға қарсы шыққаны үшін, жалпы оның саяси әрекеттері үшін қамап отыр, - деді Жасарал Қуанышәлин.

Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының өкілі Әділет Керімбеков Жасарал Қуанышәлинге «акцияны өткізу үшін рұқсат қажет екенін» ескертті.

Шараны полиция сырттай бақылап тұрды. Акция шамамен 15 минутқа созылды.

Facebоok-тегі ақпарат бойынша, бүгін Семей мен Ақтауда да бірқатар азаматтар Козловты туған күнімен құттықтаған.

Ал әйелі Әлия Тұрысбекова бүгін түстен кейін күйеуімен кездескен кезінде азаматтардың құттықтап жатқанын жеткізуге тырысқанын айтты.

- Кеше кездесу бермей қойған еді. Бірақ бүгін райларынан қайтып, түстен кейін кездесуге рұқсат етті. Мен барлық адамдардың құттықтауларын жеткізуге тырыстым. Бірақ таңертең кірер кезде адвокат бір де бір құттықтаудың өтпегенін қатты қадағалады, - дейді Әлия Тұрысбекова.

«КОЗЛОВ ІСІ»

«Әлеуметтік араздық тудырды» деп айыпталған азаматтарға қатысты соттың басталуына аз уақыт қалды. Адвокат Алексей Плуговтың айтуынша, қазіргі кезде Владимир Козловтың үстінен қозғалған қылмыстық іс аяқталып, прокуратураға жіберілген.

- Қылмыстық іс Маңғыстау облыстық прокуратурасына түсті. Енді прокурор зерттеп, танысуы керек. Егер прокурор айыптау қорытындысымен келіссе, оны тұжырымдайды. Бұдан кейін істі сотқа беру туралы қаулы шығарып, іс сотқа кетеді, - дейді Алексей Плугов.
Оны тамыздың 8-і күні басқа тәуірлеу камераға ауыстырды. Ол жерде ағаш еден бар. Құрғақ, қалыпты камера.

Ол "аз уақыт берілгендіктен, өзі қорғап отырған азаматтың іспен толық танысып үлгермегенін, соған орай Козловтың іспен танысқандығы туралы қаулыға қол қоймай отырғанын" да айтты.

Бұған дейін адвокат Плугов пен Әлия Тұрысбекова БАҚ-қа Козловтың санитарлық жағдайы нашар камерада отырғанын хабарлаған болатын. Плуговтың айтуынша, тамыздың 8-і күні Козловты тәуірлеу камераға ауыстырған.

- Козловты бір сағат бұрын көрдім. Оны тамыздың 8-і күні басқа тәуірлеу камераға ауыстырды. Ол жерде ағаш еден бар. Құрғақ, қалыпты камера. Жағдайы жаман емес. Туған күнімен құттықтадым. Ол да сәлем айтты, - дейді Алексей Плугов.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG