Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Академик-археолог Карл Байпақов ЮНЕСКО комитетінің мониторинг комиссиясы өкілдеріне Талхиз қаласының орта ғасырлардағы маңызы туралы айтып тұр. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Ортағасырлық Талхиз қаласының үстінен жол салуға қатысты дау әзірше оны салушылардың пайдасына шешілген жоқ. Бірақ көне қаланың орны бүкіләлемдік мұра нысаны ретіндегі мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін. Азаттық тілшісі ЮНЕСКО-ның мониторинг жүргізген комиссиясымен бірге Талхизде болып қайтты.
8-13-ғасырларда болған ортағасырлық қала жұрнақтарын Талғар қаласының (Алматыдан 25 километр жерде) оңтүстік шетінен археологтар өткен ғасырда тапқан болатын. Қазба жұмыстары 1970 жылдардан бері жүргізіліп келеді. Академик Карл Байпақовтың айтуынша, көне қалада 8 мыңға дейін адам тұрған. Археологтар Талхиз территориясынан бірнеше ғимараттың іргетасы, малта тас төселген көше сынды талай жәдігер тапқан. Қанатты сфинкстер бейнеленген мыс табақ, түрлі шырағдандар, қараханидтер дәуірінің ақшалары тәрізді көптеген артефактар да табылған.
2014 жылы Талхиз «Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолы» бірлескен номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Оған Қытай, Қазақстан және Қырғызстан территориясынан табылған ортағасырлық 33 қала кіреді. Қалалардың көбі Қытайда орналасқан, қазақстандық бөлігінде сегіз қала бар.
Алматы облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша құрылысшылар алдағы Универсиаданың спорт нысандарының біріне апаратын қысқа жолды тарихи қала территориясы үстінен салуды бастағаннан кейін Талхизге қатысты жанжал шыққан. Жол құрылысы 2014 жылы басталған. Ескі қаланың орны жатқан тұстың дәл іргесінен әлгі жолға арнап көпір салған.
Көне қала аумағы арқылы автокөлік жолы құрылысын салу жұмыстары қазан айында басталған. Алматы облысы, 20 қазан 2016 жыл.
Бүкіләлемдік мұра комитетінің Стамбулда өткен (2016 жылғы шілдеде) 40-сессиясында ескі қаланың орны табылған жердің үстінен жол салуды дереу тоқтатып, балама жоба жасау, салынған көпірді бұзуды ұсыну туралы шешім қабылданған.
Бірақ жол салушылар ұсыныстарды елемеген. Құрылыс жұмыстары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің бұйрығынан кейін ғана тоқтатылған. Қазанның 27-сінде ескі қаланың орны жатқан жерде өткен көшпелі жиналыста ол құрылыс жұмыстарын тоқтатып, жол төсеу үшін қазылған ұзын орды қайта көмуді бұйырған.
Ежелгі қаланы қорғауға қатысты талаптарды бұзу ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы комитетінің назарына іліккен. Биыл ЮНЕСКО комитетінің мониторинг жүргізетін комиссиялары наурыз және қараша айларында Талхизге екі мәрте келді. Наурызда келген комиссия құрамына мәскеулік профессор, ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау кеңесі (ICOMOS) сарапшысы Наталья Душкина ғана кірген. Қараша айының басында ол қытайлық сарапшы Фэнг мырзамен тағы келді.
Қазақстан премьер-министрі орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің бұйрығынан кейін автокөлік жолын салу үшін қазылған орды қайта көміп тастаған. Алматы облысы, 7 қараша 2016 жыл.
«БІЗ ПОСТСОВЕТТІК ЕЛДЕРДЕ ТҰРАМЫЗ ҒОЙ...»
Мониторинг жүргізетін комиссия келетін қарашаның 7-8-іне қарай ертеректе қазылған орды толық көміп тастапты. Жұмысшылар бұл шаруаны Иманғали Тасмағамбетов жарлық бергеннен соң небәрі бір аптадан кейін - бес күнде бітіріп тастағандарын айтады.
Комиссия келетін болған соң солтүстік жақтағы кіреберіс қақпаның жанындағы қабырғаға нысан туралы ақпарат жазылған баннер іліпті. Екі апта бұрын ол жерде ешқандай баннер жоқ болатын, ал сәл ертеректе жұлым-жұлым бірдеңе ілулі тұрған. Ескі қаланың шет жақтарында осындай тағы үш баннер орнатыпты. Қоршаудың қисайып жатқан тұстарын жөндеген. Бірақ мал сол қалпы жайылып жүр. Комиссия мүшесі Наталья Душкина «өзге өрескелдіктермен салыстырғанда, бұл ұсақ-түйек нәрсе ғой» дейді.
Ол әлгі өрескелдіктер туралы мониторинг жүргізу үшін биыл наурызда келген кезде де айтқан болатын. Мониторинг нәтижелері көрсетілген есепте жолды ескі қаланың орнын айналып өтетіндей етіп салып, көпірді бұзу туралы кеңес берген. Бірақ ол кеңесті жарты жылдай ешкім елемеді.
Наталья Душкина «әлгі көпірді бұзбай, жолды бәрібір салады деген қауіп сейілмейді» деп ескертеді. Мемлекеттік қызметшілердің ішінен комиссияға еріп келген ер адам бірден киліге кетті (кейінірек ол Азаттық тілшісіне аты-жөнін айтудан бас тартты).
- Ондай қауіп жоқ, біз кепілдік беріп жатырмыз ғой, - деді ол.
- Ой, білмеймін, біз постсоветтік кеңістікте тұрамыз ғой... - деп бастаған Наталья Душкина сөзін аяқтамады.
Наурызда келгенінде Душкина Талхиздің тура іргесінен жеке меншік үйлер де көптеп салынып жатқанын байқағанын айтқан еді. Қорғауға алынған аймақ төңірегінде бір қабаттан биік ғимараттар салуға 2013 жылы тыйым салынған. Ал комиссия бүкіләлемдік мұра нысанымен архитектурасы және түсі үйлеспейтін екі қабатты жекежайларды байқаған. Комиссия мүшелерінің айтуынша, Талхизді бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу туралы өтініш қаралған кезде әлгі коттедждер болмаған. Наурыздағы есепте ескерткіш шекарасына таяу маңда жаңадан құрылыс жүргізуге мораторий жариялап, әлгі үйлерді алып тастау мәселесін қарау ұсынылған болатын. Ол кезден бері жаңадан коттедж салынбаған, бірақ бұрын салынғандарды бұзу да жоспарда жоқ сияқты.
ЕСЕП ПЕН ҰСЫНЫСТАР ЖУЫРДА ШЫҒАДЫ
Азаттық тілшісі мониторинг комиссиясы мүшесі Наталья Душкинадан жаңа мониторингке қатысты есеп қашан шығатынын сұрады.
Сарапшы Наталья Душкина 2016 жылы наурызда келгенінде Талхиз қаласының дәл іргесінен жеке меншік үйлер бейберекет салынып жатқанына назар аударған еді. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
- Шамамен бір жарым айдан кейін - биылғы жылдың аяғына қарай немесе келесі жылдың басында шығады. Оны әуелі халықаралық ұйымдар қарайды. Сегіз қаланың бәрін («Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолы» номинациясының қазақстандық бөлігіндегі) аралаған сапар қорытындылары мен Талғар бойынша ұсыныстар әзірлейміз, - дейді ол.
- Бұл номинацияның тағдыры не болады деп ойлайсыз?
- Меніңше, сериялық номинациямен тіркелген нысандарды қалдырудың екі жолы бар. Біріншісі – мұра ескерткішіне қауіп төнді деп жариялау. Бұл жерге мұның қатысы жоқ, мен абстрактылы түрде айтып тұрмын. Ал екіншісі – сериялық номинацияда бір буынды алып тастауы мүмкін. Бірақ бұдан күллі серияның бүкіләлемдік құндылығы кемитінін ескеру керек. Яғни әлгі серияға зиян келеді.
ОРНЫ ТОЛМАС ЗИЯН
Ежелгі Талхиздің орнын аралап шыққан комиссияның жанында Қазақстанның оңтүстігінен табылған ортағасырлық қалалар жөніндегі мамандардың бірі - академик-археолог Карл Байпақов та болды. Ол бүкіләлемдік мұра комитетінің қазақстандық төрағасы. Карл Байпақов – ескі қаланы орны үстінен жол салу жоспарына белсенді қарсы шыққандардың бірі. Академиктің сөзінше, жол түсетін ор қазып, ескерткішке орны толмайтын зиян келтірген.
Қазу жұмыстарын ЮНЕСКО-мен келісіп жүргізу керек. Қала құрылымын, топографиясын жақсырақ түсіну үшін қажетін қазу керек.
Орды қайта көмгенімен, мәдени қабат жылжып кеткен, әлгі ордың орны енді археология үшін өлі аймаққа айналған. Карл Байпақов ескі қала орнының 10 пайызға жуығы ғана зерттелгендіктен, археологтарға ондаған жылға жететін жұмыс бар екенін айтады.
- Археология – зерттеулер баяу жүргізілетін ғылым. Помпейді 250 жыл қазды, соның өзінде жыл сайын қазып, жаңа бірдеңелер тауып жатады. Бірақ қазу жұмыстарын ЮНЕСКО-мен келісіп жүргізу керек. Қала құрылымын, топографиясын жақсырақ түсіну үшін қажетін қазу керек, - дейді ол.
Комиссияға еріп келген тағы бір алматылық археолог Арнабай Нұржанов ескі қаланың орнын қазу жұмыстарына үш жылдан бері ақша бөлінбегенін, «Мәдени мұра» бағдарламасы жабылғаннан кейін қаржыландыру тоқтап қалғанын айтады.
Көне Талхиз қаласы туралы Азаттық фотогалереясы:
Көне Талхиз қалашығы
1/16Көне қаланың солтүстік-шығысындағы қалпына келтірілген мұнарасынан Талхиз қаласының көрінісі. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/16Талхизден табылған жәдігерлердің бірі – 12-13 ғасырлардағы мыс табақ қазір Қазақстан орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы. Алматы, 5 тамыз 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/16Совет заманында бұл жерде әскери полигон болған. Тау етегіндегі саяжайларға баратын жол осы аумақ арқылы өткен. Қазір Талхиздің айналасы қоршалған, автокөліктер көне қонысты қоршаудың сыртынан айналып өтеді. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/162014 жылы «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлеттік кәсіпорны цитадельдің солтүстік қақпасы мен мұнарасын қайта жаңғыртқан. Мамандар реконструкциялық жұмыстар көне нысандарды өз тарихи қалпына келтіргенін айтады. Талхиздің солтүстік іргесінде жақында қосқабатты коттедждер салынуы тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық сарапшылардың сынына ілікті. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
7/16Қайта қалпына келтірілген мұнара. Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау халықаралық кеңесі (ICOMOS) сарапшысы Наталья Душкина бүкіләлемдік мұра тізіміне ескерткіш құжаттарын ұсынған кезде оның кескін-келбеті қазіргіден мүлде өзгеше болғандықтан көне қоныстағы реконструкциялық жұмыстарды доғаруға кеңес береді. Сарапшының пікірінше, ондай өзгертулерден мәдени мұраның құны жоғалады. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/16Талхиздің қорғалатын аймағы арқылы автокөлік жолы құрылысын салу қатты сынға кезікті. Құрылыс жүргізушілер даулы жолдың жобасы Талхиз бүкіләлемдік мұра тізіміне енбей тұрғанда жасалған деп ақталады. Ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар, қазақстандық археологтар, қоғам өкілдері тарихи қоныс арқылы жол құрылысын салуды тоқтатуды талап еткен. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/16Автокөлік жолын салушы мердігерлер қазба жұмыстарын жүргізу үшін жалдаған «Қазархеология» жеке меншік фирмасы өз есебінде құрылыс салынатын жерде ешқандай құнды нәрсе жоқ деп жазған. Бірақ құрылыс жұмыстары барысында ортағасырлық кезеңге жататын көптеген жәдігерлер – сүйектер, қыштан жасалған бұйымдардың сынықтары мен құрылысқа пайдаланылған кірпіштер табылған. Суретте: Талхиз орнынан табылған көне заманғы заттарды археологтардың бірі қапқа салып қойған. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/16Қазанның 27-і күні Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ескі қаланың орнындағы жол құрылысы жұмыстарын тоқтатып, қазылған орды қайта көмуді бұйырды. Әлгі орды бес күннің ішінде, ЮНЕСКО тарапынан Талхиз тарихи ескерткішінің мәртебесі бойынша кеңес беретін комиссия келгенше көміп тастады. Суретте: көпір жағынан қазылып, қайта көмілген ор. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
12/16Құрылысшылардың сөзінше, жол салу жұмыстарын аяқтау екі жылға шегеріледі. Бұған дейін бюджеттен жол құрылысына бөлінген қаржының бір бөлігін «жерге көмуге» тура келген. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/16Қазақстанның ортағасырлық қалалары бойынша маман, ғалым-археолог Карл Байпақов болашақта Талхиз ірі туристік орталыққа айналады деп үміттенеді. Әзірше туристер мұндай қаланың бар екенінен бейхабар. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
15/16Көне қалада экскурсоводтар жоқ, бірақ ЮНЕСКО комиссиясы келер алдында оның аумағында Талхиздің тарихы туралы жалпылама деректер жазылған бірнеше баннер пайда болған. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
16/16Тарихи ескерткіш аумағында бағыт беретін ешқандай белгі жоқ. Сондықтан мұнда келушілерге археологтар тапқан ортағасырлық қоныс орнындағы көне үйлердің іргетасын тауып, көру оңайға түспейді. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Previous slide
Next slide
КӨПІР МЕН ЖОЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Екі апта бұрын Алматы облысы әкімдігі ақпарат құралдарына таратқан мәлімдемелерінде Талхиз үстінен өтетін жол құрылысын қайтсе де аяқтауға бекініп отырғанын хабарлаған. Бірақ вице-премьердің Талхиздің үстінен жол салуды тоқтату туралы бұйрығы әкімдіктің жоспарын бұзған.
Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығы Ержан Жасыбаев Азаттық тілшісіне:
- Қазір біз жаңа көпір салып, айналма жолға басқа варианттар қарастыру туралы жаңа тапсырма алдық, - деді.
Көне қала орнына комиссия келер алдында солтүстік жақтан кіреберістегі қақпаның тұсына Талхиз туралы ақпарат жазылған баннер Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Ол әлгі айтқан бес нұсқа түрлі-түсті сызықтармен белгіленген картаны ашып көрсетті. Ержан Жасыбаевтың айтуынша, облыс билігі салынып біткен көпірді бұзбай, қалдыруды жоспарлаған, ал жаңа жолды жобалауға бір жылдай уақыт кетуі мүмкін.
Комиссияны күтіп тұрған кезде Азаттық тілшісі жанынан өтіп бара жатқан жұмысшылар «Енді жол түспейтін болды ма?» деп сұрады. Мақала авторы олардың біріне: «Ал сіздер жол түскенін қалайсыздар ма?» деп қарсы сұрақ қойды.
- Жоға! Одан да ақшаны мына жерге келетін жолды жөндеуге жұмсамай ма, - деді жұмысшы.
Ол айтып отырған Талғардың орталығынан ескі қаланың солтүстік шетіне дейін жететін көше жолының әр тұсында үлкенді-кішілі шұңқырлар үңірейіп жатыр.