Accessibility links

Қазақстандықтар визасыз Таиландқа да, Угандаға да бара алады


Прага әуежайына кіріп бара жатқан жолаушылар. 5 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Прага әуежайына кіріп бара жатқан жолаушылар. 5 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстандықтар әлемнің 27 елі мен екі аймаққа (Гонконг пен Хайнань) визасыз саяхат шеге алады. Ал 13 елге визаны әуежайда рәсімдеуге болады.

Алматылық ауыр атлет Әлібек Балақаев шетелдік жарыстарға жиі шығады. Ол әлемнің бірнеше мемлекетіне визасыз барғанын айтты.

- 2011 жылы Доминикан Республикасындағы жарысқа барған кезде виза жасаған жоқпыз. Тек әуежайда елге кіруге рұқсат беретін мөр (виза) басып берді. Мөр басқаны үшін 10 доллар төледік. Одан кейін Кипрде өткен турнирге барғанымызда да виза алған жоқпыз. Бірақ елді толық аралай алмадық. Кейін білгеніміздей, Кипрдің түріктер тұратын аймағына виза қажет емес екен. Ал Кипрдің грек аймағына виза міндетті түрде болуы керек, - дейді спортшы.

ВИЗАСЫЗ КІРГІЗЕТІН ЕЛДЕР

Алматыдағы «Аssyl-Travel» туристік компаниясының директоры Жұпархан Жүйрікбаеваның айтуынша, Қазақстан азаматтары 20 елге визасыз шыға алады.
Малайзия астанасы Куала-Лумпурдың түнгі көрінісі. 1 қаңтар 2011 жыл.
Малайзия астанасы Куала-Лумпурдың түнгі көрінісі. 1 қаңтар 2011 жыл.

- ТМД елдерін қоса алғанда, Таиланд, Малайзия, Түркия, Моңғолияға виза қажет емес. Яғни, Қазақстан азаматтары бұл елдерде үш айға дейін визасыз жүре алады. Бұдан бөлек, Сербия, Македония, Хорватияға да кедергісіз шыға алады. Қытайдың Пекин, Шанхай қаласына бару үшін виза қажет. Ал Хайнань аралына виза керек емес,- дейді ол.

Жұпархан Жүйрікбаева Гонконг қаласына және Эквадор, Шри-Ланка, Уганда, Никарагуа, Оман елдеріне, Сейшель, Мальдив аралдарына бару үшін де құжат жинаудың қажеті жоқ екенін айтты.

- Гонконг, Шри-Ланка, Мальдив аралдарына Қазақстаннан туристер барады. Ал Эквадор, Угандаға визасыз режим болғанымен, ол жаққа барып жатқандар өте аз, - дейді туристік компания директоры.

ВИЗАНЫ ӘУЕЖАЙДА БЕРЕТІН ЕЛДЕР

Биыл Шығыс Азия елдеріне іс-сапармен барған алматылық экономист Манарбек Қажыбаевтың айтуынша, «біраз мемлекеттердің визасын әуежайда реттеуге болады».

- Камбоджа мен Лаостың визасы әуежайда дайындалады. Виза дайындау көп уақыт алмайды. Құжат пен керекті 30 доллар көлемінде төлем жасасаңыз жеткілікті, - дейді ол.

Алматыдағы «Жібек жолы» туристік агенттіктігінің дерегі бойынша, Қазақстан азаматтары Африка мен біраз экзотикалық аралдарға да визаны әуежайда рәсімдейді.
Камбоджа азаматтары адам құқықтары туралы халықаралық декларацияның қабылданғанына 61 жыл толуын тойлап жатыр. Пномпень, 10 желтоқсан 2009 жыл.
Камбоджа азаматтары адам құқықтары туралы халықаралық декларацияның қабылданғанына 61 жыл толуын тойлап жатыр. Пномпень, 10 желтоқсан 2009 жыл.

Компания сайтында: «ТМД елдерінің азаматтары Маврикий, Доминикан Республикасы, Замбия, Зимбабве елдеріне бара қалса, виза әуежайда беріледі. Ол үшін шетелге шығатын құжат және қайтар билет пен қонақ үйдегі орны туралы ақпаратты көрсетсе жеткілікті» деп жазылған.

Туристік агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, Антигуа және Барбуда, Барбадос, Непал, Мадагаскардың да визасын әуежайда алуға болады. Бірақ бұл елдердің визасы тек астанасындағы әуежайда беріледі.

Ал Египет, Вьетнам, Бахрейн елдеріне визаны Қазақстандағы елшілікте немесе әуежайдан алуға болады. Оқуға және саяси немесе ресми жиындарға қатысуға барсаңыз, визаны елшіліктен аласыз. Ал турист ретінде қыдырып барсаңыз, әуежайдан аласыз. Ол үшін қайтар жолыңыздың билеті мен қонақ үйдегі орныңыз жайлы ақпарат жеткілікті.

СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЗІМІ

Сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметіне қарағанда, Қазақстанмен азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы келісімдер жасаған
немесе Қазақстан азаматтарына бір жақты тәртіппен визасыз келуге рұқсат берген шет мемлекеттер мыналар:

Мемлекет Дипломаттық
паспорт
Қызметтік паспорт Ұлттық паспорт Визасыз жүру мерзімі Келісім күшіне енген кез
1. Ресей визасыз визасыз визасыз мерзімсіз 2000
2. Беларусь визасыз визасыз визасыз
3. Қырғызстан визасыз визасыз визасыз
4. Тәжікстан визасыз визасыз визасыз
5. Армения визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 28.04.2008
6. Грузия визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 21.06.2007
7. Молдова визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 05.01.2007
8. Өзбекстан визасыз визасыз визасыз мерзімсіз 26.06.2003
9. Әзербайжан визасыз визасыз визасыз мерзімсіз 23.04.2010
10. Украина визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 27.02.2002
11. Түрікменстан визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 20.02.2002
визасыз* 5 күнге дейін *(Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары 5 күнге дейін визасыз Балқан уәләятында бола алады)
12. Венгрия визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 06.11.1996
13. Словакия визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 17.04.1998
14. Румыния визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 22.08.2001
15. Польша визасыз виза виза 30 күнге дейін 31.07.2008
16. Хорватия визасыз визасыз визасыз 30 күнге дейін 21.05.2009
17. Эстония визасыз виза виза 90 күнге дейін 24.02.2010
18. Франция визасыз виза виза 90 күнге дейін 01.03.2010
19. Испания визасыз виза виза 90 күнге дейін 31.08.2010
20. Сербия визасыз визасыз визасыз 30 күнге дейін 28.05.2011
21. Италия визасыз виза виза 90 күнге дейін 07.05.2010
22. Словения визасыз виза виза 90 күнге дейін 05.06.2010
23. Болгария визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 14.05.2010
24. Германия визасыз виза виза 90 күнге дейін 26.04.2012
25. Дания визасыз виза виза 90 күнге дейін 26.11. 2010
26. Македония визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 10.08.2011
27. Моңғолия визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 02.01.1995
28. Түркия визасыз визасыз визасыз 30 күнге дейін 02.04.1992
29. Малайзия* визасыз визасыз визасыз 1 айға дейін *Малайзия азаматтары
Қазақстан визасын алуы керек
30. Үндістан визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 04.12.1999
31. Иран визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 24.11.1994
32. Қытай визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 01.02.1994
33. Пәкістан визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 29.09.1995
34. Филиппин визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 28.03.2005
35. Сингапур* визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 01.11.2003
*Сингапур азаматтары Қазақстан визасын алуы керек
36. Египет визасыз виза виза 30 күнге дейін 21.05.2008
37. Корея визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 05.12.2008
38. Израиль визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 11.05.2010
39. Вьетнам визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 11.04.2010
40. Біррікен Араб Әмірліктері визасыз виза виза 90 күнге дейін 12.04.2011
41. Иордания визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 05.11.2011
42. Куба визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 10.01.2005
43. Бразилия визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 08.09.2008
44. Литва
визасыз виза виза 6 ай мерзімінде
90 күнге дейін
17.05.2012
45. Хайнань және Таиланд (туристер үшін) - - визасыз 90 күнге дейін 01.05.2011
XS
SM
MD
LG