Accessibility links

Ауылды басқан тасқынды "аздап су жайылды" деп сипаттады

Тасқын су басқан Заречный аулындағы жол белгісі. Солтүстік Қазақстан облысы.
Тасқын су басқан Заречный аулындағы жол белгісі. Солтүстік Қазақстан облысы.

Биылғы көктем Қазақстанда су тасқынына қарсы жүйенің мықтылығына қатысты проблемаларды ғана емес, биліктің су тасқыны ауқымы туралы хабар таратуға қатысты көзқарасын да жайып салды.

Елдің орталық және солтүстік аймақтарына жайылған көктемгі тасқын судың ауқымдылығы соншалық, кей аймақ билігі төтенше жағдай режимін жариялауға мәжбүр болды. Кей сарапшылар ел басшылығының ұстанымы халыққа түсініксіз, ал орталық БАҚ-тарда тасқын жағдайы туралы ақпарат жарытымсыз болғанын айтады, бірақ мұның себебін әрқалай түсіндіреді.

ЕСЕПТЕН ЖАҢЫЛЫСУ

Бірнеше ай бұрын үкімет жиындарында салалық министрліктер мен ведомстволар және аймақ басшылары көктемгі су тасқынына әзірлік жайлы көңіл көншітерлік сипатта және оптимистік сарында есеп берген. Мысалы, ақпанның 21-і күні премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өткен үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев "су тасқыны кезеңіне Қазақстан өзендеріндегі судың тасу деңгейіне қатысты алдын ала болжам" жасалды деп баяндаған. Министр су нысандарында күрт өзгеріс болған жағдайда гидрологиялық бекеттер су деңгейін жіті – әр төрт сағат сайын бақылауға көшуі тиіс метеорологиялық қызметтің жұмысын да оң бағалаған.

Ақтөбе қаласы маңындағы Махамбет ауылында тасқын салдарынан құлаған тұрғын үй. 18 сәуір 2017 жыл.
Ақтөбе қаласы маңындағы Махамбет ауылында тасқын салдарынан құлаған тұрғын үй. 18 сәуір 2017 жыл.

Көктемгі су тасқынына жаппай даярлық туралы ақпарат аймақтық ғана емес, орталық ақпарат құралдарында да көп тарады. Ақпанның 1-і күні "Хабар" телеарнасы "Атбасар қаласы су тасқынына әзір" деген сюжет көрсетті. Оптимистік сарындағы мұндай хабарлар сәуірге дейін жалғасты. Бірақ сәуірдің 4-інде "Хабарда" "Қарағанды облысында 100 шақты адам эвакуацияланды" деген хабар шықты. Ол хабарда облыстың Қарқаралы ауданындағы Нұркен ауылының мал іздеуге атпен Қопа өзенінен өтіп, кері оралмаған екі тұрғынын іздеп жатқаны жайлы хабарланды. Оған дейін бұл ауданда еріген қар суы толған жыраға ішінде 13 адам болған УАЗ көлігі аударылған. Көліктегілердің үшеуі суға батып кеткен.

Көктемгі су тасқынының алғашқы құрбандары жайлы ақпарат өзге БАҚ-тарда да жарияланды.

Ішкі істер министрлігіне (ІІМ) қарасты төтенше жағдайлар комитеті қаза болғандарды тасқын құрбаны деп атауға қарсы болған. Шенеуніктердің болжамынша, "адамдар қауіпсіздік шараларын ескермегендіктен" мерт болған. Сәуірдің 4-інде өткен үкімет жиынында қауіпті тұстарда өзеннен өтуге тыйым салынатын бекеттер қойылмағаны үшін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа Қарағанды облысындағы адам өліміне байланысты сәл кейіс білдірген премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та бұл болжаммен келіскен болатын.

Су тасқыны әсіресе қыратта орналасқан Заречный сияқты кей кенттері аралға айналған Солтүстік Қазақстан облысына қатты тиді. Бірақ еріген қар суының астында қалған ауылдардың жағдайы тіпті мүшкіл болды. Ғабит Мүсірепов ауданының Рузаевка және Чистополье кенттері осындай жағдайға тап болды. Тіпті облыстың әкімшілік орталығы – Петропавл қаласының көп жерін су алды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқын (Азаттықтың 19-сәуірдегі видеосы.):

Бір жыл бұрын ғана салынған бөгетті еріген қар суы жырып кеткен Ақмола облысының Атбасар қаласы су астында қалды. Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы – Ақтөбе қаласының бір бөлігі - қала іргесіндегі саяжайларды да су басты.

"ТӨТЕНШЕ ҮНСІЗДІК РЕЖИМІ"

Топ-шенеуніктер "тасқын су басты" деген сөзді қолданбауды жөн көреді. Оның орнына "су жайылды" деп қана айтады. Сәуірдің 18-інде Астанада өткен үкімет отырысында Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов облыста тасқынға байланысты жағдай бақылауда, құрбан болғандар жоқ, 22 үйді су басқан жоқ, аздап су жайылды деп есеп берді.

Ертеңінде, яғни сәуірдің 19-ы күні, Қостанай облыстық "Наша газета" апталық басылымы сайтында жарияланған "Төтенше үнсіздік режиміндегі тасқын" деген мақаласында автор Надежда Ковальская "су басқан ауыл тұрғындары үрейленіп отыр, ал билік ештеңе болмағандай кейіп танытады" деп жазды.

Облыстың тасқынға дайын болмай шыққаны ғана емес, су тасқыны жайлы үнсіздік те жұрттың ашуын тудырды.

Мақалада "Қарасу, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарының кенттеріне қарай жөңкілген, жұртты мал-мүлкінен айырып, ас-сусыз қалдырған тасқын су халықтың ашу-ызасын оятты. Облыстың тасқынға дайын болмай шыққаны ғана емес, су тасқыны жайлы үнсіздік те жұрттың ашуын тудырды. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов әлі күнге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл аздай, сәуірдің 18-і күні өткен үкімет отырысында премьер-министрге облыс басшысы үш елді мекенде 22 үйді су басқанын баяндап, бәрі бақылауда деп есеп берді. Әлеуметтік желілер ашық айтылған өтірікке ашынған жұрттың ашулы комментарийлеріне толып кетті" делінген мақалада.

Бұған қоса, мақалада малдың қырылғаны, бірақ облыс басшылығының ол жайында ресми хабарламағаны туралы жазылған. Мақала авторының тезистері видео және фотоматериалдармен дәлелденген.

Informburo.kz сайтының хабарлауынша, Қостанай облысында тасқыннан үш адам мерт болған, биліктің пікірінше, олар "өз аңғалдығының кесірінен" мерт болған, яғни олардың қазасына мерт болғандардың өздерінен басқа ешкім кінәлі емес жазатайым жағдай деп алдын ала баға берген.

Сәуірдің 23-інде Informburo.kz сайтында Қостанай облысындағы су тасқыны мен басшылардың позициясына қатысты "Зеленов кенті тұрғындары оларды апат ауқымы жайлы ештеңе айтпауға мәжбүрлеп жатқанын, бірақ тым көп шығынға батқандықтан ол туралы үнсіз қала алмайтындарын мәлімдейді" деген жазба шықты. Арада екі күн өткенде, яғни сәуірдің 25-інде Informburo.kz сайтына берген сұхбатында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк "Біреулерге жұрттың біз туралы адамдарға көмектеспей қойды деп ойлағаны керек" деп мәлімдеді.

Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің облыстағы су тасқыны туралы есебіне қатысты қайшылықтар жайлы елдің "бас" БАҚ-тары – "Казахстанская правда" мен "Хабар" телеарнасы ештеңе айтпады.

ЖОҒАРҒЫ ЖАҚТАҒЫЛАР ҮНСІЗ ОТЫРДЫ

Су басқан аймақ тұрғындары тасқын кезінде күні-түні алаңдаумен болды. Мамырдың 16-сы күні Солтүстік Қазақстан облысы билігі Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасында су деңгейі алты сантиметрге түсті деп хабарлады. Аймақтың тасқыннан зардап шеккен ауыл тұрғындары бұған дейін Азаттыққа облыста су тасқынының беті қайтты деген ақпарға сенбейтінін айтқан болатын.

СҚО тұрғындары: су азайған жоқ (Азаттықтың 11-мамырдағы сюжеті):

Су тасқыны азабын тартқан аймақ тұрғындары одан келген зиян ауқымы жайлы баяндалған ресми есептерге сенбейтіндерін білдірген. Кей бақылаушылар халықтың билікке сенбеуінің бір себебін мемлекеттік жоғары органдар – ең әуелі президент пен парламенттің – сәуірдің ортасында шарықтау шегіне жеткен су тасқыны кезінде үнсіз отырған түсініксіз позициясымен байланыстырады.

Оппозициялық жалпыұлттық социал-демократиялық партияның саяси кеңес президиумы төрайымы Зәуреш Батталова Азаттыққа елдің жартысына жуық бөлігін су басқан кезде президент Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің ашық жиынын өткізіп, халыққа "билік халықпен бірге, тіпті елдің ең шалғай түкпірінде тұратын болса да, ешкімді көмексіз қалдырмайтыны" туралы мәлімдеуі тиіс еді дейді. Ал парламент кезектен тыс сессиясын, қажет болса, қос палатаның жалпы отырысын өткізіп, шұғыл шешім қабылдауы керек еді дейді бұрын сенат депутаты болған Зәуреш Батталова.

Мұның орнына халық президент Нұрсұлтан Назарбаевтың су тасқынына байланысты жағдайды баяндаған ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездескенін ғана естіді. Бірақ әлдебір сандар жарияланған жоқ. Су тасқыны күшейіп тұрған тұста парламент онымен күресу мәселелерімен айналысқан жоқ. Тек сәуірдің үшінші онкүндігінде ғана парламент депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына көмекке бір күндік жалақыларын аударуды ұйғарды.

Ақтөбедегі тасқын салдары туралы Азаттықтың фотогалереясы:

Ақтөбедегі су тасқыны

Ақтөбе қаласының іргесінен ағатын Елек өзенінің сағасында орналасқан кей елді мекендер мен саяжайлар су астында қалды.
1/13 Ақтөбе қаласының іргесінен ағатын Елек өзенінің сағасында орналасқан кей елді мекендер мен саяжайлар су астында қалды.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Әсіресе қала іргесіндегі Кірпішті, Келешек, Махамбет, Қарғалы, Заречный-2 елді мекендерінде күрделі жағдай қалыптасқан.
2/13 Әсіресе қала іргесіндегі Кірпішті, Келешек, Махамбет, Қарғалы, Заречный-2 елді мекендерінде күрделі жағдай қалыптасқан.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Кірпіштінің "Эко" деп аталатын бөлігінің тұрғындары жексенбіге қараған түні үйлерінен шұғыл кетуге мәжбүр болған. "Түнгі сағат үште көршім есігімді қағып, эвакуация басталғанын айтты. Құжаттарымызды қолымызға ұстап үйден шығып үлгердік" дейді Армангүл есімді тұрғын Азаттыққа.
3/13 Кірпіштінің "Эко" деп аталатын бөлігінің тұрғындары жексенбіге қараған түні үйлерінен шұғыл кетуге мәжбүр болған. "Түнгі сағат үште көршім есігімді қағып, эвакуация басталғанын айтты. Құжаттарымызды қолымызға ұстап үйден шығып үлгердік" дейді Армангүл есімді тұрғын Азаттыққа.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Судың беті қайтпай, үй-жайына алаңдай бастаған Кірпішті ауылының тұрғындары резеңке қайықтармен суда қалған үйлерінен керек-жарақтарын тасып алып жатыр.
4/13 Судың беті қайтпай, үй-жайына алаңдай бастаған Кірпішті ауылының тұрғындары резеңке қайықтармен суда қалған үйлерінен керек-жарақтарын тасып алып жатыр.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Келешек елді мекені тұрғындарынң сөзінше, тасқын су сәуірдің 14-іне қараған түні келген. Тұрғындар Азаттық тілшісіне екі тәуліктен бері үйлеріне кіре алмай жүргендерін айтты.
5/13 Келешек елді мекені тұрғындарынң сөзінше, тасқын су сәуірдің 14-іне қараған түні келген. Тұрғындар Азаттық тілшісіне екі тәуліктен бері үйлеріне кіре алмай жүргендерін айтты.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тасқын салдарынан 290 аула су астында қалған.
6/13 Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тасқын салдарынан 290 аула су астында қалған.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Суда алған кей үйлердің ауласында суда қалған автокөліктердің төбесі ғана көрінеді.
7/13 Суда алған кей үйлердің ауласында суда қалған автокөліктердің төбесі ғана көрінеді.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Тасқын су басқан ауыл ішін қайықпен ғана аралауға болады.
8/13 Тасқын су басқан ауыл ішін қайықпен ғана аралауға болады.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сәуірдің 16-сына қараған түні су басқан аймақтардан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген.<br />
&nbsp;
9/13 Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сәуірдің 16-сына қараған түні су басқан аймақтардан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
 
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Су басқан аймақтан көшірілген 196 адам қазір қаладағы орта білім беретін мектептердің базасында ұйымдастырылған 12 эвакуациялық пунктті паналап отыр. 419 тұрғын туыстарының үйлеріне кеткен.
10/13 Су басқан аймақтан көшірілген 196 адам қазір қаладағы орта білім беретін мектептердің базасында ұйымдастырылған 12 эвакуациялық пунктті паналап отыр. 419 тұрғын туыстарының үйлеріне кеткен.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Ақтөбенің &quot;Сүт зауыты&quot; ауданындағы №15 мектептің жанынан ұйымдастырылған эвакуациялық пунктті уақытша паналаған 61 адамның он алтысы - балалар. Бұл адамдардың &quot;Горсетьсвет&quot;, &quot;Ақсүт&quot; және &quot;Геолог&quot; саяжайлары аумағындағы тұрғын үйлерін су алған.
11/13 Ақтөбенің "Сүт зауыты" ауданындағы №15 мектептің жанынан ұйымдастырылған эвакуациялық пунктті уақытша паналаған 61 адамның он алтысы - балалар. Бұл адамдардың "Горсетьсвет", "Ақсүт" және "Геолог" саяжайлары аумағындағы тұрғын үйлерін су алған.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті сәуірдің 16-сы күні SMS арқылы таратқан хабарламада тұрғындарға Қарғалы өзені де арнасынан шығып, тасуы ықтимал екендігін ескертті.
12/13 Облыстық төтенше жағдайлар департаменті сәуірдің 16-сы күні SMS арқылы таратқан хабарламада тұрғындарға Қарғалы өзені де арнасынан шығып, тасуы ықтимал екендігін ескертті.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Су басқан аймақтарда төтенше жағдайлар қызметі мен құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр деп хабарлады жергілікті билік.
13/13 Су басқан аймақтарда төтенше жағдайлар қызметі мен құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр деп хабарлады жергілікті билік.
Ақтөбеде жүздеген тұрғын үйді тасқын су алып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аймақтан 743 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 290 аула су астында қалған.
Previous slide
Next slide

Президент пен парламенттің үнсіз қалған мұндай позициясын саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов көктемгі су тасқыны қаупімен стратегиялық деңгейде күрес жүргізілуі тиіс деген уәжбен түсіндіреді. Бірақ стратегия құру үшін көп уақыт пен оны іске асыратын қыруар қаржыны қажет ететін ауқымды және терең зерттеулер жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, саясаттанушының пікірінше, президент пен парламент тіпті бұған дейін болып көрмеген тасқын кезінде де асығыстыққа салынбай дұрыс істеген.

Бұған қоса, Бөріхан Нұрмұхамедовтің сөзінше, Қазақстан аймақтары аумағы жағынан Еуропаның кей елдерінің территориясынан асып кететініне қарамастан, су тасқыны аймақтық сипатта болды, ал аймақ басшылары негізінен жағдайды бақылауда ұстап отырған. Ал орталық БАҚ-тарда су тасқыны жайлы жарытымсыз хабар тарату себебін саясаттанушы билікшіл БАҚ-тар жағымды ақпарат таратуға ғана құлықты деп түсіндіреді.

Орталық БАҚ-тар су тасқыны жайлы толымды хабар таратпағанын Зәуреш Батталова да айтады. Ол мұның себебін "олар биліктің құралы, ал дүрбелеңнен қорыққан билік, керісінше, шамасы келгенше жұртты тыныштандырып, ал кейде тіпті аймақтардағы мүшкіл жағдай жайлы хабарлауға тыйым салды" деп түсіндіреді. Оның сөзінше, өзге елдерде апатты жағдай болған кезде президент Нұрсұлтан Назарбаев бірден көңіл айтып, жанашырлық танытады. Ал елдің жартысына жуық бөлігі су астында қалған кезде, оның сөзінше, проблеманың қаншалықты үлкен екенін көрсетпеу үшін президент Назарбаев үнсіз қалуды жөн көрді. Оның сөзінше, есесіне әлдебір болмашы проблема кезінде билік "өзін жарнамалау" мүмкіндігін пайдаланып қалады.

Су тасқынынан зардап шеккен Заречный ауылы. Солтүстік Қазақстан облысы. 16 мамыр 2017 жыл.
Су тасқынынан зардап шеккен Заречный ауылы. Солтүстік Қазақстан облысы. 16 мамыр 2017 жыл.

- Бәлендей маңызды емес және көкейкесті деуге келмейтін мәселеде олардың [билік] жанталасып, әлгі проблеманы көпірте бастайтынын байқаймыз. Ал әбден ушыққан, жаппай сипат алған және үлкен әлеуметтік шиеленіс тудырған мәселелерді олар бүркемелеуге тырысады, өйткені жұртты толқытып алудан қорқады, - дейді Зәуреш Батталова.

Ол мәжіліс депутаты, бұрын төтенше жағдайлар министрлігін басқарған Владимир Божконың Астананы су басу қаупі туралы "қауесет таратқан адамның мойнын үзер едім" деген сөзіне назар аударады. Оппозициялық саясаткердің пікірінше, депутаттың әлгі сөзі ел басшылығының су тасқыны ауқымы жайлы хабар тарату мәселесіне қатысты ақпараттық саясатын абайламай көрсетіп қойған.

Батталованың сөзінше, қазір билік өз қоластындағы БАҚ-тар арқылы су тасқыны зардаптарының шын ауқымын бүркемелеп, аймақтарға шенеуніктерді іссапарға аттандыру тәрізді әрекеттер арқылы халықты тыныштандыруға тырысып жатыр.

Су басқан ауыл тұрғындарының талабы (Азаттық аудиоподкасты):

Мамырдың 15-і күні премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. "Хабар" телеарнасы "Сапар мақсаты – мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауында және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру барысымен танысу және елді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы үкімет жұмысын түсіндіру" деп хабарлайды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG