Accessibility links

«Пастор Қашқымбаев азап шегіп жатыр» дейді адвокаты


Пастор Бақытжан Қашқымбаев СИЗО-дан шығып, жұбайымен амандасып тұр. Ол осы күні қайта тұтқындалды. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев СИЗО-дан шығып, жұбайымен амандасып тұр. Ол осы күні қайта тұтқындалды. Астана, 8 қазан 2013 жыл.

«Благодать» шіркеуі пасторы Бақытжан Қашқымбаевқа Астананың тергеу абақтысында медициналық көмек көрсетпей жатыр дейді қорғаушысы. Оның сөзінше, пастордың денсаулығы нашарлап кеткен.

«Благодать» пресвитериан шіркеуінің 67 жастағы пасторы Бақытжан Қашқымбаев 8 қазан күні тергеу абақтысынан босатылып, қайтадан қамауға алынған. Оның ісіне қатысты тағы бір мәселе шықты. Адвокаты «экстремизмге қатысты айыпталған пасторға әдейі ұзақ уақыт бойы медициналық көмек көрсетілмей отыр» деп мәлімдеді.

Қамауда жатқан пастор денсаулығының нашар екенін айтып, талай рет шағымданды. Ол алты ай бойы Астананың тергеу абақтысында отырды. Бақытжан Қашқымбаев соңғы хатының бірінде, 21 қазан күні «денсаулығым нашарлап кетті» деп жазған.

«Құлағымның созылмалы сырқаты қиындап кетті. Аяғым қатты ауырады, ісініп тұр, оған жүрек сырқатым да әсер етсе керек» деп жазады Қашқымбаев.

Бұрын пастор үйқамаққа шығаруды өтінсе, енді «камерадан камераға ауыстырмаңдар» деп жалынады. Оның айтуынша, өзіне 10 қазаннан бастап
Пастор Бақытжан Қашқымбаев абақтыдан шығып келеді. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев абақтыдан шығып келеді. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
карантин жариялаған, камерадан камераға ауыстырады, сол кезде жеке заттары мен дәрісін алуға рұқсат етпейді. «Науқас екенімді біле тұра мені азаптап жатыр» дейді ол.

Бір айдан бері медициналық тексеріс жасауды сұрап келсе де, әзірге оған электрокардиограмма ғана жасаған, нәтижесін өзіне көрсетпеген. Сондай-ақ Бақытжан Қашқымбаев «түрменің тамағын іше алмаймын, асқазаным ауырады» дейді. Ол туыстары әкелген тағамды ғана жейді. Ұлдарының бірі Асқар Қашқымбаевтың айтуынша, анасы аптасына екі рет тергеу абақтысына барып, кезекке тұрады, солайша тұтқынға азық-түлік беріп кетеді.

– Инфаркт алғандықтан Бақытжан Кәрімұлы диета сақтауға тиіс, тергеу абақтысында оған мүмкіндік жоқ. Дәрігер ресми түрде оны тексеруге келді. Бірақ нақты көмек көрсетілмеді, – дейді Асқар Қашқымбаев.

Ал адвокат Нұрлан Бейсекеев пастордың денсаулығына байланысты және алдыңғы соттың анықтамасы бойынша тергеу абақтысында емес, үйқамақта отыруға құқығы бар екенін айтады. Ол пастордың «экстремизмді насихаттады»
Адвокат Нұрлан Бейсекеев.
Адвокат Нұрлан Бейсекеев.
деген айыппен қайтадан қамалғанына байланысты шағымдануға тырысты. Бірақ 21 қазан күні Астана қалалық соты қорғаушының шағымын қанағаттандырмай тастады.

– Оған бірдеңе болғанын бәрі күтіп жүргенге ұқсайды. Тергеуші оны қамағаннан бері келмеді. Жаңадан қозғалған іс бойынша сараптама қорытындысымен таныстырмады. Солайша оны қорғану құқығынан айырып отыр. Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакт бойынша Қашқымбаевтың хатында жазылған жағдайлар азаптау болып есептеледі, – дейді Нұрлан Бейсекеев.

Адам құқығын қорғау бюросы Қостанай филиалының директоры және қоғамдық бақылау комиссиясының басшысы, құқық қорғаушы Анастасия Миллер «Бақытжан Қашқымбаевтың тергеу абақтысындағы жағдайын қатігез қарым-қатынас деп атауға болады» дейді. Оның айтуынша, азаптау қорқытып-үркіту үшін, нақты бір мақсатта әлденеге мәжбүрлеу үшін қолданылады.

– Егер қатты тән азабын шексе, оны азаптау деп атауға болады. Бірақ олардың немкеттілігі кесірінен тұтқын қиналып жатса, ол белгілі бір мақсатты көздеп жасалмаса, оны халықаралық стандарт бойынша «қатыгез қарым-қатынас» дейді. Медициналық көмек алмаған адам да қиналады. Оған тиісті көмек берілмейді, – дейді Анастасия Миллер.

Астананың тергеу абақтысы «телефонмен түсініктеме бермейміз» деп, пастор Бақытжан Қашқымбаевтың жағдайына байланысты мәлімет беруден бас тартты.

Құқық қорғау ұйымдары, соның ішінде халықаралық ұйымдар Қазақстан билігінен Қашқымбаевты босатуды талап етіп, олардың пікірінше саяси астары бар айыпты алып тастауға шақырған.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG