Accessibility links

«Шәкерім» симфониясына екі мыңнан астам адам келді


Ұлыбританиялық композитор Карл Дженкинстің «Шәкерім» симфониясының премьерасы. Алматы, 10 қазан 2012 жыл.
Ұлыбританиялық композитор Карл Дженкинстің «Шәкерім» симфониясының премьерасы. Алматы, 10 қазан 2012 жыл.
Алматыда ұлыбританиялық композитордың «Шәкерім» атты симфониясының Қазақстандағы премьерасы өтті. Бұл симфония тұңғыш рет Лондонда орындалған еді.

Қазанның 10-ы күні Алматыда ұлыбританиялық композитор Карл Дженкинстің «Шәкерім» атты симфониясы қойылды. Симфония тұңғыш рет 2010 жылы қазанның 31-і күні Лондонда орындалған.

«АРНАЙЫ КЕЛДІМ»

«Шәкерім» симфониясын Марат Бисенғалиевтің оркестрі орындады. Симфонияның солистері - Марат және Арухан Бисенғалиевтер, Анар Қасымова (сазсырнай), Асқар Сұлтанғазин (домбыра), Еділ Құсайынов (шаңқобыз). Ал хорды Чайковский атындағы музыкалық колледждің «Алатау» жастар тобы айтты.
Ұлыбританиялық композитор Карл Дженкинстің «Шәкәрім» атты симфониясының Қазақстандағы премьерасы. Алматы, 10 қазан 2012 жыл.
Ұлыбританиялық композитор Карл Дженкинстің «Шәкәрім» атты симфониясының Қазақстандағы премьерасы. Алматы, 10 қазан 2012 жыл.

«Шәкерім» симфониясын тыңдауға екі мыңнан астам көрермен жиналды. Концерт бағасы 5 мың теңге болғанына қарамастан, классикалық музыка тыңдармандары көп болды. Оның ішінде арнайы осы симфонияны тыңдау үшін ғана келгендер бар. Солардың бірі, алматылық Айхан Қайсарова:

- «Шәкерім» симфониясының Лондондағы қойылымын интернеттен көргенмін. Алматыдағы қойылымына арнайы келдім. Ағылшындық композитордың Шәкерімге туынды арнауы мені қуантады, - дейді.

Жиналғандардың қатарында шетелдік азаматтар да көп болды.

СИМФОНИЯ ГЕРМАНИЯДА ТАСПАҒА ТҮСІРІЛЕДІ

Ал «Шәкерім» симфониясының Алматыда орындалуына себепкер болған Марат Бисенғалиев Азаттыққа берген сұхбатында:

- «Шәкерім» туындысы екі жыл бұрын жазылған. Алматыға алып келу басты мақсатымыз еді. Биыл бүкіләлемдік бірінші орындау шеберлігі конгресінің (The First World Congress for the Perfoming Arts) аясында Қазақстанға алып келдік, - деді.

Бейсенғалиев бастаған оркестр «Шәкерім» симфониясын Лондондағы «Альберт-холл» сахнасында орындауды жоспарлап отыр.
Ұлыбританиялық композитор Карл Дженкинстің «Шәкәрім» атты симфониясының Марат Бисенғалиевтің (скрипка тартып тұр) оркестрі орындады. Алматы, 10 қазан 2012 жыл.
Ұлыбританиялық композитор Карл Дженкинстің «Шәкәрім» атты симфониясының Марат Бисенғалиевтің (скрипка тартып тұр) оркестрі орындады. Алматы, 10 қазан 2012 жыл.

- Симфонияны Германиядағы Deutsche Grammophon дауыс жазу студиясында таспаға түсірсек деген жоспарымыз да бар. «Шәкерім» біздің оркестрдің бас симфониясы болуы тиіс. Қазір Үндістанның Мумбай қаласының музыканттарымен де жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстан симфониялық оркестрінің құрамында елуден астам музыкант бар. Биыл Оман еліне алғаш рет барып, концерт қойдық. Енді шетелге гастрольдік сапарымызды бастаймыз. Алматыға қай уақытта келетініміз әзірге белгісіз, - деді Бейсенғалиев.

Концертте «Шәкерім» симфониясынан бөлек, «Шалқыма» (А.Серкебаева), «Чакона» (Т. Витали), «Салют Д'Амур» (Э.Элгар-Романс) , «Концертштюк» (Т. Қажығалиева), «Вокализ» (С.Рахманинова) туындылары да орындалды.

Концерт бас-аяғы екі сағатқа созылды. Ал «Шәкерім» симфония 20 минут қойылды.

«Шәкерім» симфониясының үзіндісін мына жерден тыңдай аласыз:

«Шәкәрім» симфониясы Алматыда орындалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:03 0:00

Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.

(Мақаланы әзірлеуге Әбілқасым Есентаев қатысты)
XS
SM
MD
LG