Accessibility links

Қазақстандық тағы бір компания Лондон сотына арызданды


«Қазақстан қағазы» компаниясы веб-сайтының скриншоты. (Көрнекі сурет)
«Қазақстан қағазы» компаниясы веб-сайтының скриншоты. (Көрнекі сурет)

Қағаз шығаратын ең ірі компания – «Қазақстан қағазы» бұрынғы үш басшысын «компания қаржысын жымқырды» деп айыптап, Лондон сотына шағымданды.

Лондон қор биржасына тіркелген «Қазақстан қағазы» бұрынғы басшыларын – Бағлан Жүніс, Мақсат Әріп және Шынар Диханбаеваны «компанияның 100 миллион фунт стерлинг (150 миллион доллар – ред.) қаржысын өздерінің бақылауындағы компанияларға заңсыз аударды, алаяқтық жасады» деп айыптады.

«АКТИВТЕРДІ БҰҒАУЛАУ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕДЕЛІ»

«Қазақстан қағазының» компаниясын 2001 жылы Бағлан Жүніс пен Мақсат Әріп (әрқайсысы компанияның 23,9 пайыз акциясының иесі) құрған. Мэн аралында тіркелген компания Лондон биржасына 2007 жылы 180 милилон еуроға тең қаржымен шыққан.

Компания басшылары Бағлан Жүніс (директорлар кеңесінің экс-төрағасы), Мақсат Әріп (бұрынғы бас директор) және Шынар Диханбаева (бұрынғы қаржы директоры) «Қазақстан қағазындағы» қызметтерінен 2009 жылы, компанияны қайта құру кезінде кеткен. Компания заңгерлерінің айтуына қарағанда, бұрынғы
«Қазақстан қағазының» компаниясы сайтының скриншоты.
«Қазақстан қағазының» компаниясы сайтының скриншоты.
басшылар қызметтен кетерде миллиондаған қаржыны иемденген. Бірақ ол жайт 2013 жылдың наурызына дейін, үшеуі құрған жалған компаниялардың біріне тиесілі компьютердегі мәліметтер базасы табылғанға дейін белгісіз болып келген.

Мақсат Әріп «Қазақстан қағазы» компаниясынан кеткен соң Ресейде Exillon Energy компаниясын құрып, акционерлерінің бірі болды. Ұлыбританияның қаржылық бақылау орны өткен жылы ол компанияға Мақсат Әріп пен отбасының қажетіне қаржы бөлудегі шартын жария етпегені үшін 293 мың фунт стерлинг айыппұл салған еді. Мақсат Әріп жуықта Exillon Energy компаниясының еркін айналымдағы 70 пайыз акциясын сатып алу ниеті барын айтқан.

Қазір Бағлан Жүніс Лондон маңындағы Суррей графтығында, ал Мақсат Әріп пен Шырын Диханбаева Дубайда тұрып жатыр деген ақпарат бар.

Financial Times басылымының жазуынша, Бағлан Жүніс өзіне тағылған айыптарды «жалған» деп атаған.

«Қазақстан қағазының» хабарлауынша, компания 6 тамызда Лондон жоғарғы сотынан Бағлан Жүніс пен Мақсат Әріптің активтерін бұғаулағаны туралы хабар алған.

Компанияға биыл бас директор болып келген Томас Вернердің сөзінше, «активтерді бұғаулау туралы шешім Қазақстанның беделін көтерудің маңызды екенін көрсетеді».

«ШАҒЫН АКЦИОНЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫ»

«Қазақстан қағазына» қатысты жайт Лондон биржасында жұмыс жасайтын кейбір шетелдік компаниялар Ұлыбританияның шағын акционерлер құқықтарын қорғауға құрылған ұжымдық басқару стандарттарымен өмір сүруге бейімсіз екенін көрсетті» деп жазады Financial Times басылымы 6 тамыз күні жариялаған мақаласында.

Ұлыбританияның алаяқтыққа қарсы күрес бюросы тау-кен өндірісі саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі – қазақстандық Eurasian Natural Resources Corporation
ENRC-дің акционері Александр Машкевич (сол жақта) ENI мұнай-газ корпорациясының атқарушы директоры Паоло Скаронимен бірге тұр.Астана, 18 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
ENRC-дің акционері Александр Машкевич (сол жақта) ENI мұнай-газ корпорациясының атқарушы директоры Паоло Скаронимен бірге тұр.Астана, 18 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
(ENRC) компаниясына қатысты да пара алу, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық туралы іс қозғаған. Бюро компанияның Қазақстан мен Африкадағы кейбір операциялары тексеріліп жатқанын айтқан.

Экономист, сарапшы Марат Қайырленовтің ойынша, мұндай оқиғалардың себебі – Қазақстан компанияларында корпоративтік басқару тәжірибесі кемшін болуы.

– Бұл оқиға Қазақстандағы ірі компаниялардың жалпы жағдайын көрсетті. Мұндай жайттар қайталанбас үшін корпоративті басқаруды дамыту керек. Көпшілік қашанда азшылықтың құқығымен санасып, оларды сыйлағаны жөн. Қазақстанда ірі акционерлер мен басқарушылар шағын акционерлермен санаса бермейді. Сол себепті осындай жағдай туындап отыр, – деді Марат Қайырленов Азаттыққа берген сұхбатында.

Ұлыбритания жоғарғы сотының келісім-шарттарға байланысты дауларды шешетін бөлімшесі – коммерциялық сот шығарған 705 шешімге көз жүгіртсек, британиялық судьялар мен заңгерлер көмегіне ең көп жүгінетін ел - АҚШ, одан кейінгі орында - Қазақстан мен Швейцария.

Лондон сотына шағымданған сондай шетелдік компаниялардың бірі «Қазақстан қағазы» – қайта өңделген шикізаттан қағаз бен қаптама шығару жөнінен Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші логистикалық оператор.

2 тамызда «Қазақстан қағазы» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып Ұлыбритания саясаткері Тони Болдри тағайындалған.
  • 16x9 Image

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Айбек – Азаттықтың қазақша вебсайтындағы ньюсрайтері. 1986 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді тәмамдаған. Азаттықта 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

XS
SM
MD
LG