Facebook әлеуметтік желісі қолданушысы Жылбек Сенбекұлы сол желідегі «досына» – білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке жария сұрақ қойса да жауабын ала алмағанын айтады.
– Мамырдың 14-інде Аслан Сәрінжіповтің Facebook парақшасына сілтеме жасап: «Былтыр, 2013 жылы қыркүйекте қызым оқитын мектепке 33 ата-ана 10 мың теңгеден, барлығы 330 мың теңге жинап бердік. Таяуда жөндеу жұмыстарына мектеп тағы да ақша сұрады. Ата-анадан ақша жинау қашан тоқталады» деп сұрадым. Жемқорлыққа қатысы бар нақты фактілер айтылған соң министрдің реакциясы бола ма деп ойладым. Бірақ арада бірнеше апта өтсе де сұрағыма жауап қайтармады, – деді ол Азаттық тілшісіне.
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫ ЕМЕС»
Азаттық тілшісі Жылбек Сенбекұлының Facebook-тегі сауалының жайын білмек болып білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке хабарласқанымен, «жиналыста жүрген» ол кісімен сөйлесе алмады. Оның орнына кеңесшісі Қуатбек Домбай жауап берді.
– Министр Аслан Сәрінжіповтің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы министрліктің ресми ақпарат беретін орны емес. Егер ол (Жылбек Сенбекұлы – ред.) сауалын білім және ғылым министрінің блогына жазса, онда басқа мәселе, – дейді министрдің кеңесшісі.
Байланыс және ақпарат агенттігінің сарапшысы Әлібек Ескендіров те «министрлердің сұраққа жауап қайтаратын арнайы блогы бар» екенін еске салды.
– Әлеуметтік желідегі жеке парақша – әр адамның жеке кеңістігі. Сұраққа жауап беру-бермеуді әркім өзі біледі. Әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) емес. Интернет ресурстардың ішінде өкілетті органға тіркелгендер ғана БАҚ деп саналады, – дейді Әлібек Ескендіров.
Бірақ «әлеуметтік желілер БАҚ емес» деген пікірмен халықаралық «Әділ сөз» қорының жанындағы ақпараттық сараптамалар жөніндегі қоғамдық орталық жетекшісі Ғалия Әженова келіспейді.
– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылы қабылданған заңда веб-сайттар («интернет-ресурстар» деген атаумен – ред.), чаттар, блогтар, интернет-форумдар, электронды кітапханалар, ақпараттық-коммуникативтік желілердің бәрі БАҚ қатарына қосылды. Мәселен, әлеуметтік желілерде қандай да бір қылмыстық сипаты бар әрекеттер болса осы заң бойынша жауапқа тартылады, – дейді Ғалия Әженова.
«ЖАУАП БЕРЕТІН ШЕНЕУНІКТЕР БАР»
Әлеуметтік желілер БАҚ қатарына қосылғанымен, «шенеунік әлеуметтік желідегі жеке парақшасына түскен сауалға жауап қатуға міндетті емес» дейді бұрын білім және ғылым министрінің орынбасары болған Мұрат Әбенов.
Әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушы экс-вице-министрдің пікірінше, «шенеунікті әлеуметтік желіні қолдануға және ондағы сауалдарға жауап қатуға міндеттеудің де қажеті жоқ, бірақ соған қарамастан шенеунік халыққа жақындап, сұрақтарға жауап қатқаны жөн».
– Тікелей сұраққа жауап бере алмайтын, ыңғайсыз сұрақтан қорқатын шенеуніктер әлеуметтік желіге шыға қоймайды. Әлеуметтік желі – мемлекеттік қызметтің беделін көтеретін, елді демократияландыруға септігін тигізетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді пайдалануға болатын құралдардың бірі, – дейді ол.
Азаттық тілшісі «мектептегі жемқорлық» туралы хабарлаған Жылбек Сенбекұлының Facebook-тегі жауапсыз қалған сауалынан соң өзге қолданушылардан «Әлеуметтік желі арқылы шенеуніктің жауабын алып көрдіңіз бе?» деп сұрады.
– Осыдан екі ай бұрын ауыл шаруашылығы министрі Алматы облысындағы мал шаруашылығына қора-жай салу туралы сұрағыма жауап берді, – дейді Facebook қолданушы Советқазы Нұрсила
Айжан Жданова мен Zaira Sabitova есімді қолданушылар да Facebook әлеуметтік желісі арқылы бірнеше депутат пен шенеуніктен жауап алғанын айтады. Кей шенеуніктердің Facebook-тегі жеке парақшаларына қойылған сауалдарға жауап беретінін «31-арна» (Алматы) журналисі Болат Мүрсәлім мен «Оңтүстік Рабат» газетінің (Шымкент) тілшісі Жәмилә Мамырәлі де растады.
Ал Риза Алмұханова есімді интернет қолданушының пікірінше, «шенеуніктердің әлеуметтік желіге жұртқа жауап беру үшін тіркелмеген».
– Кей шенеуніктер парақшасын фотосымен толтырып, жүрген-тұрғанын айтып отырады. Оған әлеуметтік желідегі «достары»: «Міне, шенеуніктер осындай болса ғой!» деп тамсанады. Шындығында ол пиар ғана, шенеуніктер әлеуметтік желідегі сұраққа жауап бермейді, – дейді Риза Алмұханова.
Қазақстанда министрлер әлеуметтік желілерде отырғанымен, мемлекеттік мекемелердің қарапайым қызметкерлері жұмыс орындарында бастықтары рұқсат етпеген сайттарға кіре алмайды. Үкіметтің 2013 жылы наурызда күшіне енген ақпараттық қауіпсіздік туралы қаулысы «мемлекеттік қызметкерлер интернетті жұмыс уақытында жеке мақсатта (жеке хаттар, таныстыру сайттары мен әлеуметтік желілерде) қолданбас үшін және осыған байланысты жұмыс сапасы нашарлап кетпес үшін» қабылданған. Кей қызметкерлер бұл қаулыны ақпарат алу құқығын шектеу деп біледі.