Accessibility links

Тәуелсіз имамдар өздерін діни басқармаға күшпен бағындырмақ деп шағынады


ҚМДБ Атырау облыстық наиб имамы. Көрнекі сурет
ҚМДБ Атырау облыстық наиб имамы. Көрнекі сурет

Қазақстан парламентінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын шапшаң талқылап жатқанда, тәуелсіз түрде тіркелген мешіттерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қосылуға мәжбүрлеу белең алды.


Қыркүйектің 16-ында Норвегиядағы «Форум-18» штаб-пәтерімен бірге наным-сенім бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның сайтында жарияланған мақалада тілші Мушфиг Байрам тәуелсіз, ресми түрде тіркелген мешіттердің мемлекет қолдайтын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қатарына қосылуын шенеуніктердің талап етіп жатқаны жайлы кейбір фактілерді сипаттайды. Соның ішінде, мұндай жайттар Қарағанды облысында тіркелгені айтылады.

Дін істері жөніндегі агенттіктің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қоғамдық шаралар өткізіп жатыр. Бұл шаралардың үстінде олар «дәстүрлі емес» немесе «деструктивті» деп аталатын топтардың қауіптілігі жайлы ескертіп, «дәстүрлі» діндердің құндылықтарын атап көрсетеді.
Бұл шаралардың үстінде олар «дәстүрлі емес» немесе «деструктивті» деп аталатын топтардың қауіптілігі жайлы ескертіп, «дәстүрлі» діндердің құндылықтарын атап көрсетеді.

Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағандыда дін істері жөніндегі агенттіктің облыстық департаменттері діни бірлестіктерден ығыр қылған сауалнамаларды толтырып беруді талап етеді. Кейбір жағдайларда ақпарат пен есептерді апта сайын беріп тұру талаптарына дейін барады деп хабарланады мақалада.

Бұл жағдай діни бірлестіктер қызметі туралы заң шығару негізін асығыс реформалау тұсында болып жатыр. Парламент сайтында тиісті заң жобасы мәжілісте 2012 жылғы қаңтардың 19-ына дейін қарастырылады деп көрсетілген, алайда мәжіліс оны қыркүйектің 21-інде мақұлдап қойған. Азаттық радиосы бұл жайлы жазған болатын.

ТӘУЕЛСІЗ МЕШІТТЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫСЫМ

Діни бірлестіктердің істеріне мемлекеттік органдардың қол сұғуына (сонымен қатар мемлекеттік органдардың істеріне діни бірлестіктердің қол сұғуына) қарсы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда белгіленген тыйымға қарамастан, мемлекеттік органдар кейбір мұсылман қауымдарын Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына енуге мәжбүрлеген оқиғалар жиілеп кетті деп жазады «Форум-18».

Қарағанды облысында тәуелсіз мешіттерге былай деп мәлім етілді: егер олар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қатарына қосылмаса, дін туралы жаңа заң қабылданғанда, оларға қайта тіркелуге рұқсат берілмейді.
Қарағанды облысы әкімі орынбасарының көмекшісі Қайрат Нұркенов, дін істері жөніндегі агенттіктің облыстық департаменті директоры Серік Тілекбаев, Қарағанды облысы имамы Рашид Алпысбаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Жүнісбекова және Абай аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Төлеутай Естекбаев тамыздың 16-ы имам Нұрмұхамед Ахмедиянов пен имам Мейрам Ыбыраевты кездесуге шақырды.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қатарына қосылмаса, дін туралы жаңа заң қабылданғанда, оларға қайта тіркелуге рұқсат берілмейді.

Осы кездесуде оларға Алматыдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының лицензияларын қыркүйектің 1-іне дейін алып қоюлары керек екені мәлім етілді деп хабарлайды «Форум-18».
Шенеуніктер дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шарифтің жазбаша хабарламасын дәлел ретінде тілге тиек етті, алайда, бұл хабарламаны көрсетпеді.

Абай қаласы мешітінің имамы Нұрмұхамед Ахмедияновтың айтуынша, Рашид Алпысбаев пен Серік Тілекбаев егер ол «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына енуге қатысты келісімге» қол қойса, оның «келешекте проблемалары болмайтынын… және мешіттің барлық мұқтаждықтары шешіледі» деп уәде берген. Алайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына енген жағдайда өзінің тәуелсіздіктен айырылып қалатынын имам Нұрмұхамед Ахмедиянов түсініп отыр деп жазады «Форум-18».

"ЖӨНІ ТҮЗУ МҰСЫЛМАН ӨСТИ МЕ?"

Имам Нұрмұхамед Ахмедияновтың сөзіне қарағанда, шенеуніктер «әрдайым дөрекілік танытқан, қасиетті ораза айының аяқталуына дейін шыдай алмаған» және «Алматыға тамыздың ортасында» жөнелте отырып, оларды оразаларын бұзуға мәжбүрлемек болған.

Нұрмұхамед Ахмедиянов былай дейді: «Егер олар шынымен біздің қамымызды ойлаған болса, егер олар жөні түзу мұсылмандар болған болса, соншама асықтырып, оразаны доғаруға мәжбүрлеп, осыншама дөрекілікке бармапс еді». Тамыздың 18-індегі кездесуде имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына енуге қатысты келісімге қол қоюдан бас тартты деп жазады «Форум-18».

Абай ауданы Топар мешітінің имамы Мейрам Ыбыраев қыркүйектің 15-інде «Форум-18» ұйымы тілшілеріне жай ғана жаңа лицензия алмақ болғанын, алайда, одан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына енуді сұрағанда, «бірден бас тартқанын» айтты. Оның ойынша, мұндай қысым «заңға қайшы». Егер қайта тіркелуге рұқсат берілмесе, олар сотқа береді.

"ДҮМШЕЛЕР"

Қарағанды облысы бойынша дін істері жөніндегі агенттік департаментінің директоры Серік Тілекбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына енуге байланысты имамдарға қысым көрсеткенін теріске шығарады. «Тәуелсіз бола берсін, құдай алдарынан жарылқасын» деді ол «Форум-18» тілшілеріне. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына енбейтіндерге қатысты қандай шаралардың қолданылатыны жайлы сұрағымызға ол былай деп жауап қайырды: «Неге оларға қарсы әлдебір шаралар қолданамыз деп ойлайсыз?»

Алайда, Серік Тілекбаев, имам Рашид Алпысбаев пен Абай ауданы шенеуніктері қысым көрсетуді қоймады деп сендіреді имам Нұрмұхамед Ахмедиянов.
Бұл имамдарға сенуге бола ма? Олар - дүмше молдалар.

- Маған тыным жоқ. Олар күн сайын дерлік бірнеше реттен телефон шалады, – деп шағынады Нұрмұхамед Ахмедиянов. – Олар оразамды мерзімнен бұрын бұзуға мәжбүр етті, тіпті қазірдің өзінде, қаза болған оразамды өтемек болғанымда, олар маған тыным бермей отыр.

Алайда, Қарағанды облысы бойынша дін істері жөніндегі агенттік департаментінің директоры Серік Тілекбаевтың айтуынша, бұл айыптардың барлығы да жалған.

- Бұл не деген имам? Ол сендерге өтірік айтып отыр. Ол тіпті ешкіммен жөндеп сөйлесе де алмайды, - деді ол.

Тәуелсіз имамдарға келер болсақ, Серік Тілекбаев: «Бұл имамдарға сенуге бола ма? Олар - дүмше молдалар» деп мәлімдейді.

Астанада дін істері жөніндегі агенттік қызметкерлері «Форум-18» ұйымы тілшілерімен осы оқиғалар жайлы сөйлесуден бас тартты. Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шарифтің көмекшісі, өз атын атаудан бас тарта отырып, төрағаның жұмысбасты екенін, сұрақтарға жауап беруге өзінің хақы жоғын айтып, төраға орынбасары Ардақ Досжанға жолығуымызға кеңес берді.

Ардақ Досжан, өз алдына, өз басы «соңғы үш айдың ішінде діни бірлестіктердің ешбір өкілімен сөйлеспегенін, шақыртпағанын және телефон шалмағанын» мәлімдей отырып, «Форум-18-дің» ешбір сұрағын қабылдамай қойды.
XS
SM
MD
LG