Accessibility links

Мигрант баланың таңдауы: не оқу, не күнкөріс


9 жасар мигрант бала Шахрук Арзықұлов қайыр сұрап отыр. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
9 жасар мигрант бала Шахрук Арзықұлов қайыр сұрап отыр. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
Қазақстандағы мигранттардың көбінің балалары «мектепке бармай, жұмыс істеп жүретіні» Астанадағы жиында сөз болды. Министрлік өкілінің сөзіне қарағанда, ондай балалардың бәрі оқуға барып жүр.

АҒАЙЫНДЫ ҮШ БАЛА

Қазақстанға Өзбекстаннан келген 16 жасар Гүлмира Арзықұлова 11 жастағы сіңілісі Азиза және 9 жастағы бауыры Шахрухпен бірге Астана көшелерінде ала жаздай қайыр сұрайды.

– Біз Өзбекстаннан келдік. Жаз бойы осылай қайыр сұраймыз. Астанаға келіп жүргенімізге бес-алты жыл болды. Сіңілім мен інім маған тіс емдеуге қажет ақша жинап жүр. Тісімді емдету үшін маған 10 мың теңге керек. Бұрын өзім сұрайтынмын. Қазір үлкен болған соң маған жұрт ақша бермейді, – деді бауыры мен сіңілісін сыртай бақылап тұрған Гүлмира Арзықұлова.

Оның айтуынша, аналары да Астанадағы «Шанхай» базарында жұртты адыраспанмен аластап ақша табады екен. «Балалар мектепке бармай ма?» деп сұрағанымызда:

– Біз айына 15 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Ауылға ақша алып қайтуымыз керек, – деді Гүлмира.

«Балаларды полиция алып кетсе не істейсіз?» деген сауалға:

– Құжаттары шешелерінде. Сол барып алып шығады, – деп жауап берді Гүлмира Арзықұлова.

«АСТАНАДАҒЫ БАЛАНЫҢ БӘРІ ОҚЫП ЖҮР»

2010-2012 жылдары Қазақстандағы мектептерге ТМД аумағынан келген – 13 мың 809, ал ТМД аумағынан сырт елдерден келген – 1 мың 792 бала оқуға алынған.
Мигранттардың балалары Шахрух (сол жақта), Әзиза (ортада) және Гүлмира Арзықұловтар. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
Мигранттардың балалары Шахрух (сол жақта), Әзиза (ортада) және Гүлмира Арзықұловтар. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
лардың дені негізінен Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қалаларына орналасқан.

«Бірақ бұл елде жүрген мектеп жасындағы балалардың барлығын толық қамтыған есеп емес. Себебі алыс-жақын елдерден келген мигранттардың барлығы бірдей Қазақстанда тиісті мекемелерге барып тіркелмейді» дейді сарапшылар.

Астана қалалық балалардың құқығын қорғау департаментінің директоры Рысты Жұмабекованың айтуынша, «ішкі және сыртқы миграцияны қоса есептегенде, Астанаға былтыр бес жарым мың, биыл жеті жарым мың бала келді».

– Көп ретте ол балалар қаладағы базар маңында жүреді. Базар жақты аралап, олармен сөйлессеңіз, балалар оқуды емес, жұмыс істегілері келетіндерін, әке-шешесі немесе аға-көкелері сауда-саттықпен айналысу қажет екенін айтқан болып шығады. Ал Астанаға келген балалардың барлығы дерлік оқуға тартылған. Өзбекстаннан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген балалар да оқып жатыр. Олардың құжаттары бар ма, жоқ па – ол жағы маңызды емес. Мектеп жасындағы балалар оқуы керек. Содан кейін ғана барып олардың әке-шешелеріне хат жаза бастаймыз, – деді Рысты Жұмабекова.

«ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОП ТОЛЫҒЫП ЖАТЫР»

«Өзге мемлекеттерден келген балалардың 91 пайызы оқумен қамтылған» деген дерек «Қазақстанның балалар қоры» өткізген дөңгелек үстелде («Қазақстан: осал топтағы балалардың білімге қолжетімділігі») де айтылды. Қордың 180 ата-ана мен 180 оқушының пікірін басшылыққа ала отырып жасалған зерттеуіндегі бұл дерекпен келіспеушілер де болды.

«Сорос-Қазақстан» қорының білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сәуле Халықова «ТМД аумағындағы мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстан білім саласынан
11 жасар Әзиза Арзықұлова қайыр сұрап жүр. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
11 жасар Әзиза Арзықұлова қайыр сұрап жүр. Астана, 15 қараша 2012 жыл.
аржы аямай, орта білім беруді заманға бейімдей білгенін, жетістікке жеткенін» ескерте келе, «соңғы он жылда Қазақстанда білім алуы шектелген балалар тобы пайда болғанын» да айтты.

– Әлеуметтік осал топтағы балалардың «дәстүрлі» тізімі қаңғыбас балалар, мигрант отбасындағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, жұмыс істейтін балалар, кәмелеттік жасқа жетпеген заң бұзушы балалар, т.б. әлеуметтік аз қамтылған балалар қатарымен толығып жатыр, – деді Сәуле Халықова.

Ал білім және ғылым министрлігіне қарасты жалпы орта білім департаментінің бастығы Әйгерім Күдеринованың айтуынша, «кейінгі кездері мигрант балалардың білім алуына қатысты жұмыстарда біршама ілгерілеу бар».

– Білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге қатысты шаруаларды ішкі істер министрлігімен бірге, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жүзеге асырады. Миграциялық мәселелерді реттеу «Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған миграциялық саясатына арналған концепциясы» деген құжатқа жүктелген. – деді Әйгерім Күдеринова.

«МИГРАНТ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚИТЫН МҮМКІНДІГІ ЖОҚ»

Мигранттардың балалары жайлы зерттеу мониторинг жүргізген тағы бір жобаның жетекшісі Айнагүл Шәріпбаеваның («Сандж» зерттеу орталығы) айтуынша, ондай балалар мектепке барып жүргенмен сапалы білім ала алмайды.

– Босқын мигранттардың балаларының 28 пайызы тілдік кедергіге, материалдық жағдайға байланысты сапалы білім ала алмайтындарын айтты. Олардың көбінің отбасы кедей болғандықтан жұмыс істеуге мәжбүр, – деді Айнагүл Шәріпбаева.

Оның сөзіне қарағанда, мигрантардың көбінің балалары жоғары білім алуға құштар, бірақ мүмкіндіктері жоқ.

Бұрын Қазақстан аумағында осы елдің азаматы саналмайтын, жергілікті жерде тіркелмеген балалар мектепке оқи алмайтын. Осыдан екі жыл бұрын прокуратураның тексеруімен мигрант балалар мектептерден де шығарылған.

Кейін мектеп жасындағы балалардың жергілікті жерге тіркелгенше ешқандай кедергісіз орта білім алуына рұқсат етілді. Тек олардың ата-аналары Қазақстан аумағына келген бойда миграциялық полицияға барып арнайы құжат рәсімдеулері керек. Ата-аналары тіркелмесе де, балаларының мектепте оқи берулеріне болады.
XS
SM
MD
LG