Accessibility links

Әншінің онлайн-конференциясы


Қазақстандық эстрада әншісі Карина Абдуллина.
Қазақстандық эстрада әншісі Карина Абдуллина.

Сәуірдің 12-сі Азаттық радиосының веб-сайтында эстрадалық әндердің авторы, әрі орындаушысы Карина Абдуллинамен онлайн-конференция өтті.


Қазақстандық әнші Карина Абдуллина 14 жасынан ән сала бастаған. 17 жасында Мәскеуде өткен «Утренняя звезда» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

1992 жылы Карина Абдуллина мен гитарист, композитор Болат Сыздықов «Мюзикола» дуэтін құрды. Дуэттің әншісі ретінде Карина Абдуллина Нью-Йоркте жыл сайын өтетін танымал халықаралық Big Apple music-96 байқауында бірінші орын алды.

2008 жылы Карина Абдуллина бірінші рет киноға түсті. Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады.

Ол 2009 жылы «Девушка-мечта» атты алғашқы өлеңдер жинағын жариялады. Бұл кітабы үшін Қазақстанның тұңғыш президенті қорының сыйлығына ие болды. Оның әндерін көптеген әртістер, әсіресе ресейліктер орындап жүр.

Карина Абдуллина 2011 жылдың қазан айынан бері "Мәдениет" телеарнасында "Неслучайные встречи" авторлық хабарын жүргізеді.

Әншінің Азаттық сайтының оқырмандары қойған сауалдарға берген жауаптарын мына сілтеме оқи аласыздар. Сұрақ қойған барша оқырманға рақмет айтамыз.
XS
SM
MD
LG