Accessibility links

Қайнарбұлақ тұрғындары кейде апталап жарықсыз, сусыз қалады

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы. 4 қараша 2014 жыл.

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы тұрғындары кейде апталап жарықсыз, сусыз қалатындарын айтады. Ал жергілікті билік мұндай жағдайдың әлі бірнеше жылға созылатынын білдірді.

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы негізінен ауылдан қалаға көшіп келген немесе қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін 50 мыңға жуық адамның мекеніне айналған.

Екі жылдан бері осы саяжайдағы қуықтай екі бөлмелі тамды айына 20 мың теңгеге отбасымен жалдап отырған Жұлдыз (аты-жөнін толық атамауды сұрады – авт.) «итше өмір сүріп жатырмыз» дейді.

- Мәселен, бес күн жарықсыз отырдық. Кеше (қарашаның 3-і күні – ред.) түнде жарықты қосты. Бұл жерде жарық болмаса су да келмейді. Сенсеңіз, соңғы күндері құдайдың қара суына зар болдық, − деді ол Азаттық тілшісіне.

Жұлдыздың айтуынша, Қайнарбұлақта жарық жиі сөніп қалады. Ол «Бір күн не екі күн өшсе, мейлі дейтін едік. Апталап, кейде айлап жарықсыз отырамыз» дейді.

​Әлеуметтік һәм шаруашылық инфрақұрылымы нашар саяжайда қала ішінен пәтер жалдап тұруды қалтасы көтермейтін мұндай квартиранттар көп тұрады. Мәселен Азаттық тілшісімен тілдескен Жұлдыздың күйеуі қаладағы базардың бірінде арба сүйреп күнелтеді. Үш балалы үйелменнің тіршілігі жұпыны.

Қайнарбұлақтың бүгінгі кейпін Азаттық тілшісі де көріп қайтты. Саяжайға Шымкент орталығынан қатынайтын автобуспен 50 теңгеге жарты сағатта жетуге болады. Іші лық толған автобустағы жолаушылардың дені қара жұмыс істейтін қарапайым адамдар екені байқалды.

Саяжайдың орталық көшесіне ғана асфальт төселген. Жауыннан кейін көшелер тобықтан лай, шалшық сулар ойдым-ойдым болып жатыр. Жаяу жүргіншілер жолы атымен жоқ. Арасы тығыз орналасқан шағын үйлердің мұржасынан түтін будақтайды. Тұрғындар үйлерін пешке от жағып жылытады. Газ тартылмаған. Әр аулада отын мен көмір үйіліп тұр. Мұндағы саудагерлердің бір тонна көмірді 13 мың теңгеге сататынын тұрғындар айтты. Аулаларда тізілген, су құйылған ыдыстар көрінеді. Қолдан жасалған душтар, қолжуғыштар қалқаяды.

Саяжайда шағын дүңгіршектер, тігін шеберханасы, шаштараз, тіс дәрігері сияқты сирек «кәсіпорындар» да көзге шалынды. Көршілеріне осы тақілеттес қызмет көрсететінін тұрғындар үй сыртына жазып қойған. Арасында қой сойып сататын, бие байлап, қымыз дайындайтын үйлер бар екені де байқалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Қайнарбұлақ саяжайы

Қайнарбұлақ саяжайы

Батпақ кешкен балалар
1/20 Батпақ кешкен балалар
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Қайнарбұлақтағы көшенің көбі осындай.  
2/20 Қайнарбұлақтағы көшенің көбі осындай.  
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Мына бір бозбала шалшық су тұратын ойықтарға топырақ төгіп жатыр. 
3/20 Мына бір бозбала шалшық су тұратын ойықтарға топырақ төгіп жатыр. 
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Жауыннан кейінгі көше.
4/20 Жауыннан кейінгі көше.
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Таксофонға таласқан балалар.
5/20 Таксофонға таласқан балалар.
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Қайнарбұлақтағы ескі үйдің бірі.  
6/20 Қайнарбұлақтағы ескі үйдің бірі.  
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Саяжайдағы үйлердің көбі шағын. Кейбір тұрғындар қоршау сыртына "жарнама" іліп қойған. 
7/20 Саяжайдағы үйлердің көбі шағын. Кейбір тұрғындар қоршау сыртына "жарнама" іліп қойған. 
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Қайнарбұлақтағы кәсіптің бірі. 
8/20 Қайнарбұлақтағы кәсіптің бірі. 
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Саяжайдағы "жарнама".
9/20 Саяжайдағы "жарнама".
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Үйлерін жылылап жатқан тұрғындар. 
10/20 Үйлерін жылылап жатқан тұрғындар. 
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Көп үйдің ауласында көмір тұр. 
11/20 Көп үйдің ауласында көмір тұр. 
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Саяжайда көмір саудасы қызып тұр.
12/20 Саяжайда көмір саудасы қызып тұр.
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Көмірдің тоннасы - 13 мың теңге. 
13/20 Көмірдің тоннасы - 13 мың теңге. 
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Мұндағы жұрттың дені ауладағы қолжуғышты пайдаланады.  
14/20 Мұндағы жұрттың дені ауладағы қолжуғышты пайдаланады.  
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Кейбір тұрғындар ауызсуды сақтау үшін үлкен бөшке сатып алған.
15/20 Кейбір тұрғындар ауызсуды сақтау үшін үлкен бөшке сатып алған.
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Қайнарбұлақтағы үйлердің ауласында су құятын ыдыстар жатыр.  
16/20 Қайнарбұлақтағы үйлердің ауласында су құятын ыдыстар жатыр.  
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Саяжайдағы үйлердің бірінің ауласындағы су "қоры".
17/20 Саяжайдағы үйлердің бірінің ауласындағы су "қоры".
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Қоқыс жинап жүрген жұмысшылар.
18/20 Қоқыс жинап жүрген жұмысшылар.
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Лай кешкен тұрғынның бірі. 
19/20 Лай кешкен тұрғынның бірі. 
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Ешкі айдаған балалар.
20/20 Ешкі айдаған балалар.
50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.
Previous slide
Next slide

ШЕНЕУНІКТЕР УӘЖІ

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілештің Азаттық тілшісіне айтуынша, «қала әкімдігі Қайнарбұлақ саяжайы тұрғындарының тіршілігімен етене таныс».

Шенеунік мәліметіне қарағанда, «Қайнарбұлақ саяжайы Абай ауданы құрылған соң (2005 жылы – ред.) қала аумағына кірген». Яғни, 45-50 мыңға жуық тұрғыны бар саяжай тоғыз жылдан бері Шымкент қаласының бір бөлігі саналады. Алайда әкімдіктің қолы бұл саяжайға енді ғана жеткен. Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш:

​ - Ондағы инфрақұрылымның бәрі - жекеменшік, әрі ескірген. Мәселен, трансформатордың салынғанына 60 жылға жуықтаған. Биыл саяжайға жарық, ауызсу тартылып жатыр. Бұл жұмыс келесі жылы аяқталуы керек. Газ тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Шымкент қаласы әкімінің бұйрығы бойынша су, газ, жарық тартылмайынша көшелерге асфальт төселмейді. Сондықтан жолға асфальт төсеуге 2017 жылы тапсырыс беріледі. Жарық, ауыз су және газ тарту үшін бюджеттен бір миллиард теңге шамасында қаражат қарастырылған, − дейді.

Алайда тұрғындар қазіргі әуресі көп, қолайсыз тіршіліктерінің «2017 жылға» дейін созылатынына наразы. 12 жылдан бері Қайнарбұлақта тұрып келе жатқан Күләнда апай (аты-жөнін толық айтудан бас тартты – авт.) «жергілікті әкімдіктің жайбасарлығына» қынжылады.

- Үкімет су әкелеміз деп, әжептәуір тегіс жолды тесіп-тесіп кетті. 21-ғасырда құдайдың қара суына қолымыз жетпей қалатыны не масқара?! – дейді ол қапаланып.

​Қайнарбұлақ Совет Одағы кезінде Шымкенттегі зауыттардың жұмысшыларына берілген саяжай болған. Жұмыссыз жұрт ауылдан қалаға ағылған тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мұнда қоныстанған жұрттың қарасы көбейіп, қазір 50 мыңға таяған. Бүгінде саяжайда жаңадан салынған екі мектеп, бір балабақша жұмыс істейді.

Шенеуніктердің Азаттық тілшісіне айтқан мәліметтеріне қарағанда, Қайнарбұлақ қалаға қосылғанымен, аудан мәртебесі берілмеген, әлі саяжай атымен тұр. Жергілікті билік өкілдері ондай мәртебенің жоспарланған инфрақұрылым тартылып болғаннан кейін берілетінін айтады.

2014 жылы сәуір айында Шымкент қаласы аумағы кеңейтіліп, құрамына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби, Сайрам, Ордабасы ауданынан 45 елдімекен қосылған. Соның ішінде Абай ауданына бірінде ауызсуы мен жарығы, енді бірінде газы тартылмаған, кейбірінің жолы төселмеген 12 ауыл қосылған. Бүгінде ондағы халық та әлеуметтік инфрақұрылым уақтылы жаңартылып, тартылмауы кесірінен Қайнарбұлақ тұрғындары сияқты қиыншылық көріп отыр.

Айдар
XS
SM
MD
LG