Accessibility links

Ғалымдар грант қаржысын азсынады

Көне Талхиз қаласы орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген адамдар. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл
Көне Талхиз қаласы орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген адамдар. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл

Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Ұлттық ғылыми кеңес гранттарын ұтқан бірнеше ғалым комиссия бекіткен қаржы зерттеу жұмысына жетпейтініне шағынады. Кейбірі алған грантты қайтарып бермек. Ғылыми кеңес зерттеушілерге жобадан бас тартуға рұқсат етпеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейтін жас зерттеуші Айбар Қасеналин былтыр Білім және ғылым министрлігінен зерттеу жұмыстарына грант жеңіп алған. Ол Астана өңірінің көне тарихын зерттеу жобасына министрліктен 9 миллион теңге сұраған. Министрлік жобаға 4 миллион теңге бөлген.

- Біз қажетті қаржыны 9 миллион теңге деп бердік. Жұмыстарды соған сәйкес жоспарладық. Бірақ оны 4 миллионға қысқартып тастаған. Ғылым комитеті хабарландыруында "өтінім арқылы міндеттемелерді қысқартуға болады" деген. Бірақ бізге "жоба аясында атқарылатын жұмыстар тізімін азайтуға болмайды" деген жауап келді. 4 миллион беріп, 9 миллионның жұмысын сұрау – қорлау ғой, - дейді Айбар Қасеналин.

"Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты қызметкері Айбар Қасеналин. (Фото авторы - Никита Жарков)
"Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты қызметкері Айбар Қасеналин. (Фото авторы - Никита Жарков)

Жас зерттеушінің айтуынша, Астананың көне тарихын зерттеуді мақсат еткен топ археологиялық-лабораториялық зерттеулер жүргізу, ескерткіштердің үш өлшемді реконструкцияларын жасау тәрізді жұмыстар атқаруды жоспарлаған.

- Бұл жерде шығынды ең көп талап ететіні – баспа өнімдері. Кітап, фотоальбом шығару секілді міндеттер жүктеген. Біз кітап жазамыз ба, әлде зерттеу жүргіземіз бе? Кітап зерттеу қорытындысы ретінде шығуы керек еді. Ақша жетпейді мұның бәріне, - дейді Айбар.

Зерттеуші өз шағымын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында да жазған. Оның сөзінше, Білім және ғылым министрлігі "бастапқы бөлінген сома азайған жағдайда көрсетілген міндеттерді қайта қарастыруға болады" деп айтқан. Бірақ "ғылыми кеңестің көпшілік дауысымен міндеттер кестесіндегі өзгерістер мақұлданбаған". Қасеналин жобаны "сол шешімді шығарған адамдардың өзі-ақ жүзеге асырсын" деп министрлікке ақшаны қайтарып жатқанын жазған.

Зерттеуші грант қаржысын бекіткен "Ұлттық ғылыми комиссияның құрамы көңіліңізден шыға ма?" деген сұраққа:

- Комиссия субъективті нәрсе ғой. [Құрамында] әр адам болады. Сол шешім қабылдайды, соған сәйкес ұлттық кеңес те шешім шығарады. Мысалы, "мына міндетке осынша ақша жетеді, олар артығымен сұрап тұр" деу үшін қалай есептеуі, не нәрсе негіз болуы мүмкін? – деп жауап берді.

Айбар Қасеналиннің сөзінше, ол танитын бірсыпыра зерттеуші қаржы мәселесіне байланысты ерікті түрде гранттан бас тартқан.

Көне Тараз қаласы орнында жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында табылған заттар. 9 қазан 2015 жыл
Көне Тараз қаласы орнында жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында табылған заттар. 9 қазан 2015 жыл

Ал Білім және ғылым министрлігі гранттарды анықтайтын комиссия құруда 2011 жылы қабылданған "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" заңның 8-тармағына cүйенетінін айтады.

"Қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу ғылым саласындағы уәкілетті орган жасаған, соңғы бес жылдағы ғалымдардың Хирш индексі бойынша ранжирленген жарияланымдары тізімінің негізінде жүргізіледі. Бұл ретте кеңестердің құрамдарына осы тізімге сәйкес көбірек Хирш индексі бар ғалымдар іріктеледі. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында мамандандырылған ғалымдарды іріктеу халықаралық рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар негізінде жүргізіледі" делінген министрліктің Азаттық сауалына берген ресми жауабында.

Азаттық фотогалереясы. Көне Талхиз қаласы

Көне Талхиз қалашығы

Көне қаланың солтүстік-шығысындағы қалпына келтірілген мұнарасынан Талхиз қаласының көрінісі. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
1/16 Көне қаланың солтүстік-шығысындағы қалпына келтірілген мұнарасынан Талхиз қаласының көрінісі. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхиз қаласы орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген адамдар. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.
2/16 Талхиз қаласы орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген адамдар. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхизден табылған жәдігерлердің бірі – 12-13 ғасырлардағы мыс табақ қазір Қазақстан орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы. Алматы, 5 тамыз 2016 жыл.
3/16 Талхизден табылған жәдігерлердің бірі – 12-13 ғасырлардағы мыс табақ қазір Қазақстан орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы. Алматы, 5 тамыз 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхиз қаласы көшесін қалпына келтіру жұмыстары. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.
4/16 Талхиз қаласы көшесін қалпына келтіру жұмыстары. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Совет заманында бұл жерде әскери полигон болған. Тау етегіндегі саяжайларға баратын жол осы аумақ арқылы өткен. Қазір Талхиздің айналасы қоршалған, автокөліктер көне қонысты қоршаудың сыртынан айналып өтеді. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.
5/16 Совет заманында бұл жерде әскери полигон болған. Тау етегіндегі саяжайларға баратын жол осы аумақ арқылы өткен. Қазір Талхиздің айналасы қоршалған, автокөліктер көне қонысты қоршаудың сыртынан айналып өтеді. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
2014 жылы «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлеттік кәсіпорны цитадельдің солтүстік қақпасы мен мұнарасын қайта жаңғыртқан. Мамандар реконструкциялық жұмыстар көне нысандарды өз тарихи қалпына келтіргенін айтады. Талхиздің солтүстік іргесінде жақында қосқабатты коттедждер салынуы тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық сарапшылардың сынына ілікті. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
6/16 2014 жылы «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлеттік кәсіпорны цитадельдің солтүстік қақпасы мен мұнарасын қайта жаңғыртқан. Мамандар реконструкциялық жұмыстар көне нысандарды өз тарихи қалпына келтіргенін айтады. Талхиздің солтүстік іргесінде жақында қосқабатты коттедждер салынуы тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық сарапшылардың сынына ілікті. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Қайта қалпына келтірілген мұнара. Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау халықаралық кеңесі (ICOMOS) сарапшысы Наталья Душкина бүкіләлемдік мұра тізіміне ескерткіш құжаттарын ұсынған кезде оның кескін-келбеті қазіргіден мүлде өзгеше болғандықтан көне қоныстағы реконструкциялық жұмыстарды доғаруға кеңес береді. Сарапшының пікірінше, ондай өзгертулерден мәдени мұраның құны жоғалады. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
7/16 Қайта қалпына келтірілген мұнара. Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау халықаралық кеңесі (ICOMOS) сарапшысы Наталья Душкина бүкіләлемдік мұра тізіміне ескерткіш құжаттарын ұсынған кезде оның кескін-келбеті қазіргіден мүлде өзгеше болғандықтан көне қоныстағы реконструкциялық жұмыстарды доғаруға кеңес береді. Сарапшының пікірінше, ондай өзгертулерден мәдени мұраның құны жоғалады. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Талхиздің қорғалатын аймағы арқылы автокөлік жолы құрылысын салу қатты сынға кезікті. Құрылыс жүргізушілер даулы жолдың жобасы Талхиз бүкіләлемдік мұра тізіміне енбей тұрғанда жасалған деп ақталады. Ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар, қазақстандық археологтар, қоғам өкілдері тарихи қоныс арқылы жол құрылысын салуды тоқтатуды талап еткен. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
8/16 Талхиздің қорғалатын аймағы арқылы автокөлік жолы құрылысын салу қатты сынға кезікті. Құрылыс жүргізушілер даулы жолдың жобасы Талхиз бүкіләлемдік мұра тізіміне енбей тұрғанда жасалған деп ақталады. Ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар, қазақстандық археологтар, қоғам өкілдері тарихи қоныс арқылы жол құрылысын салуды тоқтатуды талап еткен. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Автокөлік жолын салушы мердігерлер қазба жұмыстарын жүргізу үшін жалдаған «Қазархеология» жеке меншік фирмасы өз есебінде құрылыс салынатын жерде ешқандай құнды нәрсе жоқ деп жазған. Бірақ құрылыс жұмыстары барысында ортағасырлық кезеңге жататын көптеген жәдігерлер – сүйектер, қыштан жасалған бұйымдардың сынықтары мен құрылысқа пайдаланылған кірпіштер табылған. Суретте: Талхиз орнынан табылған көне заманғы заттарды археологтардың бірі қапқа салып қойған. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
9/16 Автокөлік жолын салушы мердігерлер қазба жұмыстарын жүргізу үшін жалдаған «Қазархеология» жеке меншік фирмасы өз есебінде құрылыс салынатын жерде ешқандай құнды нәрсе жоқ деп жазған. Бірақ құрылыс жұмыстары барысында ортағасырлық кезеңге жататын көптеген жәдігерлер – сүйектер, қыштан жасалған бұйымдардың сынықтары мен құрылысқа пайдаланылған кірпіштер табылған. Суретте: Талхиз орнынан табылған көне заманғы заттарды археологтардың бірі қапқа салып қойған. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Бұл суреттен экскаватор қазған жерде көне цитадельдің оңтүстік бетіндегі бекінісі болғаны байқалады. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
10/16 Бұл суреттен экскаватор қазған жерде көне цитадельдің оңтүстік бетіндегі бекінісі болғаны байқалады. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Қазанның 27-і күні Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ескі қаланың орнындағы жол құрылысы жұмыстарын тоқтатып, қазылған орды қайта көмуді бұйырды. Әлгі орды бес күннің ішінде, ЮНЕСКО тарапынан Талхиз тарихи ескерткішінің мәртебесі бойынша кеңес беретін комиссия келгенше көміп тастады. Суретте: көпір жағынан қазылып, қайта көмілген ор. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
11/16 Қазанның 27-і күні Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ескі қаланың орнындағы жол құрылысы жұмыстарын тоқтатып, қазылған орды қайта көмуді бұйырды. Әлгі орды бес күннің ішінде, ЮНЕСКО тарапынан Талхиз тарихи ескерткішінің мәртебесі бойынша кеңес беретін комиссия келгенше көміп тастады. Суретте: көпір жағынан қазылып, қайта көмілген ор. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Құрылысшылардың сөзінше, жол салу жұмыстарын аяқтау екі жылға шегеріледі. Бұған дейін бюджеттен жол құрылысына бөлінген қаржының бір бөлігін «жерге көмуге» тура келген. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
12/16 Құрылысшылардың сөзінше, жол салу жұмыстарын аяқтау екі жылға шегеріледі. Бұған дейін бюджеттен жол құрылысына бөлінген қаржының бір бөлігін «жерге көмуге» тура келген. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
ЮНЕСКО сарапшылары Фэнг (сол жақта) және Наталья Душкина Талхиздің қазіргі жайымен танысып тұр. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
13/16 ЮНЕСКО сарапшылары Фэнг (сол жақта) және Наталья Душкина Талхиздің қазіргі жайымен танысып тұр. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Қазақстанның ортағасырлық қалалары бойынша маман, ғалым-археолог Карл Байпақов болашақта Талхиз ірі туристік орталыққа айналады деп үміттенеді. Әзірше туристер мұндай қаланың бар екенінен бейхабар. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
14/16 Қазақстанның ортағасырлық қалалары бойынша маман, ғалым-археолог Карл Байпақов болашақта Талхиз ірі туристік орталыққа айналады деп үміттенеді. Әзірше туристер мұндай қаланың бар екенінен бейхабар. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Көне қалада экскурсоводтар жоқ, бірақ ЮНЕСКО комиссиясы келер алдында оның аумағында Талхиздің тарихы туралы жалпылама деректер жазылған бірнеше баннер пайда болған. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
15/16 Көне қалада экскурсоводтар жоқ, бірақ ЮНЕСКО комиссиясы келер алдында оның аумағында Талхиздің тарихы туралы жалпылама деректер жазылған бірнеше баннер пайда болған. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Тарихи ескерткіш аумағында бағыт беретін ешқандай белгі жоқ. Сондықтан мұнда келушілерге археологтар тапқан ортағасырлық қоныс орнындағы көне үйлердің іргетасын тауып, көру оңайға түспейді. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
16/16 Тарихи ескерткіш аумағында бағыт беретін ешқандай белгі жоқ. Сондықтан мұнда келушілерге археологтар тапқан ортағасырлық қоныс орнындағы көне үйлердің іргетасын тауып, көру оңайға түспейді. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Previous slide
Next slide

"30 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СҰРАП, 7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛДЫҚ"

Қазір Назарбаев университетінде жұмыс істейтін археолог, он жылғы жуық ғылым саласында еңбек етіп жүрген Айдын Жүнісханов – гранттан ерікті түрде бас тартқандардың бірі. Оның уәжі де Айбар Қасеналиндікіне ұқсас – "ғылыми кеңес атқарылуы тиіс жұмыстар тізімін қысқартуға рұқсат бермеген, ал берген қаржысы оларды іске асыруға жетпейді".

Назарбаев университетінде істейтін археолог Айдын Жүнісxанов
Назарбаев университетінде істейтін археолог Айдын Жүнісxанов

- Біраз іс-шараны қысқарта ма деп, өтініш жіберген едік. Бірақ мақұлдамады. "Қалай бар, солай орындаңыздар" деді. Ертең [ақшаның] сұрауы болады ғой деп, министрлікке "күнтізбелік жоспарды қысқартпасаңыздар гранттан бас тартамыз" деп екінші хатты жібердік. Жауап әлі келген жоқ, - дейді ол.

"Бұрын ешқандай зерттеу жұмыстары жүргізілмеген" Семейді жаңа технологиялар көмегімен зерттеуге тырысып, өткен тарихын жазып шығуды жоспарлаған Айдын "енді бұл нәрселерді іске асыра алмайтынына" қапалы. Олар жобаға көмектесу үшін шақырылған шетелдік маманнан бас тартуға мәжбүр болған.

- Біздің жұмысымыз заманауи, бәсекеге қабілетті емес. Мәселен, Латвиядан тарих факультетінің студентін күтіп алдым. Ол бакалавр дипломын жазу үшін Қазақстанға келіп, Астана іргесіндегі Шағалалы деген қола дәуір қонысынан табылған жануарлар сүйегін зерттеп жүр. Ал біздің ешбір анализі жоқ жұмысымыздың ғылыми сапасы бакалавр деңгейінен де төмен болып қалатын болды. Сондықтан гранттан бас тартуға мәжбүрміз, - дейді ол.

Жоба жоспарын жасап, 18 миллион теңге сұраған зерттеушілер тобына комиссия үш есе аз қаржы – 6 миллион теңге берген.


Азаттық берілген грант қаржысының қысқаруына, конкурстан өткен жобаны зерттеуден бас тартқан ғалымдарға қатысты Ғылым комитетіне сауал жолдады. Олардың сөзінше, Ұлттық ғылыми кеңес грант алған зерттеушіге жобадан бас тартуға рұқсат бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуші жобаны жалғастыруы керек немесе жобасын басқа зерттеушіге бере алады. Бірақ оған ғылыми кеңестің рұқсаты болуы шарт.

"Зерттеуші бас тартқан грант қаржысы қалай жұмсалады?" деген сұраққа: "Басқа гранттық жобаға я Ғылым комитетіне қайтарылады" деп жауап берді Комитет.

Ал "осы уақытқа дейін неше зерттеуші гранттан өз еріктерімен бас тартты?" деген Азаттық сұрағын Ғылым комитеті жауапсыз қалдырған.

Алматыдағы Әлкей Марғұлан атындағы археология институтында жұмыс істейтін, құрамына ғылымда жүргеніне он тоғыз жыл болған Альбина Ержанова енген зерттеушілер тобы жоба қаржысы қатты қысқартылса да гранттан бас тартпайтындарын айтады.

Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкері Альбина Ержанова
Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкері Альбина Ержанова

- Қатты азайтты. 30 миллион теңге сұрағанбыз, 7 миллион теңге ғана берді. Бірақ негізгі жалақымыз осы гранттан болғандықтан, одан бас тарта алмаймыз. Міндеттемелеріне қатты өзгеріс жасатпады, сол күйінде қалдырды. Қатты өзгертуге проблема бола ма деп қорықтық. Бір-екі кітап, реставрацияны алып тастадық. Оған рұқсат берді. 7 миллион теңгеге 400 беттік монография шығару қиын ғой, - дейді ол.

Ержанованың сөзінше, жобасы өткен зерттеу топтарының ешбірінде "10 миллион теңге деген ақша жоқ".

- [Ұлттық ғылыми кеңестен] жобасы өткендер арасында 5 миллион теңге алғандар да бар. Көбі сол 7-8 миллион теңге алған. Олар да бас тарта алмайды, - дейді ол.

Альбина Ержанова гранттан бас тартып жатқандардың "негізгі алатын айлығы бар, ал біз бас тартсақ – жалақысыз қаламыз" деп түсіндірді.

Басқалары грант алғандарына "тіпті аз болса да отбасын асырауға айлығымыз болады" деп қуанды. Басқалар да амал жоқтан келісіп отыр. Енді не істейді?

- Бүтін бір институттың қаншама адамы жұмыссыз қалады. Сондықтан ешкім бас тартпайды. Басқалары грант алғандарына "тіпті аз болса да отбасын асырауға айлығымыз болады" деп қуанды. Басқалар да амал жоқтан келісіп отыр. Енді не істейді? Жұмыс істеу керек. Амал жоқ, тырысып бағамыз. Ақша керек. Жұмыс істеу керек. Ең бастысы сол – аш қалмау керек, отбасын бағу керек, - деп қынжылады зерттеуші.

Альбина Ержанова амалдың жоқтығынан жобаны зерттеуде "бұрын жинаған материалдарды қолданатынын" айтады.

- Жезқазғаннан Ұлытау жаққа бара жатқан қонысты зерттейміз. Бұрын тұтас бір үйді алсақ, енді үйдің шетін ғана қазамыз. Себебі, 10 адаммен үлкен шаршы метрді ала алмайсыз. Жоспарымыз басқаша еді, - дейді ол.

Ғылыми комитеттің мәлімдеуінше, күнтізбелік жоспарды қысқарту туралы түскен 613 өтінішке рұқсат берілген, 73 өтініш қанағаттандырылмаған.

"НЕ БОЛСА ДА ОРЫНДАЙМЫЗ"

Азаттық тілшісі басқа зерттеушілердің қаржысы қаншалықты қысқарғанын білмек болып бірнеше ғылыми институтқа хабарласты. Журналистің сұрағын естіген бірнеше адам сөйлесуге ықылас танытпады. Тек өзін Анар Асановамын деп таныстырған математика және математикалық модельдеу институты қызметкері ғана "Сізге жалған ақпарат жеткен" деп жауап берді.

- Біздің [жоба міндеттемелерін] қысқартты. Ақпаратыныңыз шындыққа сәйкес келмейді. Басқа институттарда да өзгертуге рұқсат берді. Бірақ біз өзіміздікін не болса да орындаймыз деп, қысқартқан жоқпыз. Кейбір ауқымды жобаларды қысқартуға келмейтіндей ерекшелігі болған шығар, - дейді ол.

Былтырғы конкурстан грант жеңіп алған Анар Асанова түрлі себеп бойынша қаржы әлі түспегенін, "жақында алып қалармыз деп үміттеніп отырғандарын" айтты.

Оңтүстік Қазақстан мал шаруашылығы мен өсімдіктер ғылыми-зерттеу институтының зертханасында жұмыс істеп отырған ғалымдар. Шымкент, 7 шілде. 2010 жыл (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Қазақстан мал шаруашылығы мен өсімдіктер ғылыми-зерттеу институтының зертханасында жұмыс істеп отырған ғалымдар. Шымкент, 7 шілде. 2010 жыл (Көрнекі сурет)

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты талдау, консалтинг және коммерцияландыру бөлімінің меңгерушісі Біржан Рахымжановтың сөзінше, "берілген қаржы қысқарған соң, күнтізбелік жоспардың қысқарғаны туралы ғылыми кеңестің бірнеше хаттамасын көрген". Ол "шетелде бір ғалымға бөлінетін ақшаның Қазақстандағы бір гранттық жобаға беріліп жатқанына" қынжылыс білдірді.

- Мысалы, 4 мың жоба өтініш берді. Ғылыми кеңес министрліктің "сұралатын қаржы 20 миллион теңгеден кем болмауы керек" деген талабы бойынша әрбіріне тиісті соманы бөліп берсе, 450 жоба ғана қаржы алуы қажет. Гранттық жоба көп болды. Олар "ананың да, мынаның да көңілі қалмасын", "ғалымдар дымсыз қалмасын" деп ойлады, - дейді маман.

Өткен жылы Ұлттық ғылыми кеңес гранттық қаржыландыру конкурсына келіп түскен 4884 жобаның 1781-ін мақұлдаған. Елде ғылыми жобаларды грант негізінде қаржыландыру көлемі үш жылдан бері азайып келеді. Мәселен, 2015 жылы 16,8 миллиард теңге, 2016 жылы - 14,8 миллиард теңге, 2017 жылы - 10,7 миллиард теңге бөлінген.

Айдар
XS
SM
MD
LG