Осы апта Қазақстан президентінің жарлығымен мемлекеттік хатшы Марат Тәжин қызметінен босатылды. Бірақ оның нақты не себепті орнынан түсіп, қандай қызметке тағайындалатыны айтылған жоқ. Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусиннің биыл есеп комитетінің төрағалығынан босатылып басқа қызметке қайта тағайындалмауын да сарапшылар түрліше жорыған болатын.
Жергілікті сарапшылардың пікірінше Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкердің не себепті тағайындалып, қандай себептен орнынан алынып жатқаны ешуақытта айтылмайды. Кадрлік ауыс-түйіс – билік басындағы азғантай топтың «кілем астындағы» ойындары.
«Жұмбақ ротация» кейіпкерлерінің «жемқорлықпен күрес» науқанына ілініп, саясат сахнасынан түскендерден ең басты айырмашылығы – бұлардың қай уақытта, қай қызметті иеленіп шыға келетінін ешкім де болжап айта алмайды. Бұлардың көпшілігіне қатысты жанама түрде тағылған түрлі айыптаулар да құқық қорғау органдарының назарына ілінбей қалады.
«ҚАЙТА ОРАЛҒАНДАР»
Осыған дейін Қазақстанның саяси тарихында жоғары биліктегі ықпалды шенеунік мәртебесінен айырылып, біртіндеп «үлкен саясаттан» шеттетілгендер жеткілікті. Оның кейбірі оппозицияға, кейбірі бизнеске кетсе, кейбірі бірнеше жыл көзден таса болып, бірақ соңында жоғары лауазымды қызметке қайта оралды.
Қайта оралғандардың бірі – бұрынғы премьер-министр Даниял Ахметов. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, 2003-2007 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарған ол 2009 жылы қорғаныс министрі лауазымынан босаған соң бірнеше жыл тасада қалып, көпшілік алдына шықпай кеткен. Сарапшылар оның үнсіз жатуын қорғаныс министрі орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотты болуымен байланыстырған.
Даниял Ахметов туралы «өзіне өзі қол жұмсаған» деген де хабар тарады. Бірақ арада бірнеше жыл өткесін оның Еуразия экономикалық комиссиясының алқа мүшесі (министр) қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.
2004-2006 жылдары денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Ерболат Досаевтың қызметтен кетуіне Шымкентте 220 балаға ВИЧ инфекциясы жұғуына байланысты сот істері себеп болды деген пікірлер айтылған еді. Бірақ араға алты жыл салып ол 2012 жылы қайтадан үкімет мүшесі болды. Ол жолы Досаев экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындалды.
2001 жылы «мұнай саласындағы жетекші топтардың ықпалымен энергетика министрінің орынбасары қызметінен кетті» деген жорамал айтылған Нұрлан Қаппаров та 10 жылдық үзілістен кейін 2012 жылы қоршаған ортаны қорғау министрі қызметіне қайта оралды.
Қаппаровты «шетелдік бір мұнай компаниясының мүдделерін қолдады», «Еуропа елдерінің бірінде қымбат вилла сатып алып, резидент болып қалды» деген бейресми ақпарат тараған еді. Бірақ мұндай сыбыстар оның да билік басына қайта оралуына кедергі болмаған сияқты.
«ҚАЙТА ОРАЛМАҒАНДАР»
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ жылдар бойы сенімді серіктерінің бірі, Қазақстанның сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған Қанат Саудабаев та 2012 жылы қаңтарда «Назарбаев орталығының» директоры болып тағайындалып, арада бір жыл өтісімен ол қызметтен де босатылған.
Саяси сарапшылар Қанат Саудабаевты билік басына шоғырланып жатқан ықпалды жаңа күштер біржола тайдырды деген пікірлер айтқан.
Биліктен бизнеске кеткендердің бірі 1997-1999 жылдар арасында премьер-министр қызметін атқарған Нұрлан Балғымбаев. Одан кейін «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясын басқарған ол 2002 жылдан бастап жұрт көзінен таса қалды. Жеке бизнесте «Қазақстанның мұнай инвестициялық компаниясының» президенті болып жүрген кезінен 2007 жылы Қазақстан президентінің кеңесшісі, Каспий теңізіндегі ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша президентттің арнаулы өкілі болып көпшілік алдына қайта шыққан еді, 2009 жылы ол қызметтен де босатылды. Балғымбаевтың атышулы «Қазақгейт» атанып кеткен істі қарау кезінде аты жиі аталған еді. Ол іске қатысты Қазақстанның бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктері шетелдік мұнай компанияларынан пара алды деген айыптаулар айтылып, 2011 жылы бұл іс АҚШ-та біржола жабылған.
Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе мен Алматы облыстарының және Алматы қаласының әкімі, төтенше жағдайлар жөніндегі министр қызметтерін атқарған Шалбай Құлмаханов 2007 жылы орнынан түскенде оның «президент командасында қала беретіні» айтылған болатын. Шалбай Құлмаханов билікке қайта оралған жоқ, бірақ інісі, Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Әмірқұл Құлмахановтың үстінен іс қозғалды.
Президентшіл «Нұр Отан» билік партиясы төрағасының бірінші орынбасары, білім және ғылым министрі қызметтерін атқарған Бақытжан Жұмағұловтың да былтыр не себепті орнынан түскені туралы ресми себеп айтылмады. Жұмағұловқа ғылыми диссертация жазу кезінде «плагиаттық жасады» деп айып таққандар да болған. Бұрынғы білім және ғылым министрі де елеусіз күйі қоғамдық-саяси өмірден ғайып болды.
«АҢЫС АҢДАУ»
Азаттық тілшісімен сөйлескен сарапшылар жоғары лауазымды қызметкерлердің саяси алаңнан белгілі бір мерзімге шеттелуі, кейін қайта оралуы, не болмаса біржола кетуі мемлекет басшысы мен оның айналасындағы мүдделі топтарға тікелей байланысты деп санайды
Қазақстан гуманитарлық конъюнктура орталығының сарапшысы Берікбол Дүкеевтің пікірінше, мүдделлі топтардың үдесінен шығатын президентің сенімді адамдары жоғары лауазымды позициядан айырылмайды.
«Аслан Мусин де, Марат Тәжин де басқа қызметке тағайындалуы мүмкін, бірақ ең бастысы саяси жоғары биліктен әзірге шеттетілді. Ал қазіргі ішкі саяси үрдістерде президент әкімшілігі басшысының рөлі барынша күшейіп келе жатыр» дейді Берікбол Дүкеев.
Соңғы кадрлік өзгерістен соң президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов мемлекеттік хатшының да қызметін уақытша қоса атқарушы болып тағайындалған еді.
Ал бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев жоғары лауазымды қызметтен босатылған соң біраз уақытқа дейін «хабарсыз» кететіндерді «тыныштық сақтап, аңысын аңдауды жөн көретіндер» қатарына қосады.
Президент жарлығымен қызметінен босаған жоғары лауазымды шенеуніктердің ішінде өзіне қатысты шешімге наразылық танытатындар расында да некен-саяқ. Қызметтен алынуына қатысты жеке көзқарасын білдіріп, ашық қарсы шыққан, кейін оппозицияға өткен аз саясаткердің бірі – Алматы облысының бұрынғы әкімі, төтенше жағдайдар министрі болған Заманбек Нұрқаділов еді. Оның «өзін-өзі үш мәрте атып өлтірген» жұмбақ өлімінің себептерін көпшілік әлі күнге дейін сан саққа жүгіртеді.
Саясаттанушы Айдос Сарымның ойынша, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің не себепті тағайындалып, қандай себеппен орнынан алынып жатқаны - ешқашан айтылмайтын мәселе.
«Бұл – қоғамда демократиялық үрдістердің жоқтығының, биліктегі бір адамның немесе соның төңірегінде жүрген азғантай топтың ішіндегі ым-жымның белгісі ғана. Өзіне ұнамаған немесе үстінен компромат жиналған жоғары лауазымды шенеунікті жұмыссыз қалдыру, не болмаса елшілікке жіберу, біршама бақылаудан кейін қайта билікке әкелу – президент Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған жүйенің дәстүрі. Бұл дәстүрден саясаткерлердің көпшілігі өтті. Бұл рационалдық саясат емес, баяғы патшалардың саясатына ұқсайды. Дұрыс қоғам, дұрыс саяси жүйеде мұндай мәселелер ашық айтылуы керек, соған сай саяси мәдениет орнығуы тиіс» дейді Айдос Сарым.