Accessibility links

Ереуілші мұнайшылар «Нұр Отанға» шағымданды


Ersai Caspian Contractor LCC компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшылары. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.
Ersai Caspian Contractor LCC компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшылары. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.

Ersai Caspian Contractor LCC («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясында жұмыс істеген, ереуілге шыққандары үшін жұмыстан шығарылған 300-ге тарта мұнайшы «Нұр Отанның» Оралдағы филиалына барып шағымданды.


– 11 мамырдан бері ереуілде болдық. Ереуілде тұрғанда Ерсайдың басшылары ешқандай хабарласқан жоқ. Артынан мына тұрған жігіттерді, бәрімізді жұмыстан шығарып тастады. Содан бері 8 ай еш жерге жұмысқа кіре алмаймыз, – дейді ереуілші мұнайшы Нұрлыбек Битабаров.

ЖҰМЫС – 75 КҮН, ДЕМАЛЫС –14 КҮН

Жұмысшылар ереуілге шыққан себептерін былай түсіндірді: Олар қызметке алынған кезде басында 5 күндік жұмыс режимі бойынша үздіксіз 90 күн жұмыс істепті.

Кейін кәсіподақтың араласуымен бұл меже 75 күнге азайтылған. Бірақ 75 күн демалмай істеп, 15 аптаның жұмысын атқарған мұнайшыларға 14 күн ғана демалыс берілген.

Компанияның кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Хакимолла Есқалиев Ersai Caspian Contractor LCC компаниясының кадрлер бөлімінің бастығы Мұхамбет Мұқышевпен кездесіпті.

– Бұл кездесуде кадрлер бөлімінің бастығы Мұхамбет Мұқышев жұмысшыларға ешқандай заңның қорған бола алмайтынын, заңның тек үкімет пен жұмыс берушіге ғана арналғанын айтты, – дейді Хакимолла Есқалиев.
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00
Жүктеп алу

«Бұл шешімге әуелі 300 адам наразылық білдірген, кейін 800 адамға дейін жетті. Компания басшылары талабымызға құлақ аспады. 11 мамырда басталған дау күшейе келе аштық жариялауымызға себеп болды. Бірақ алғашқы 40 күннің ішінде компания басшыларынан ешкім келіссөзге келмеді» дейді мұнайшылар.

– Аштық жариялағанда саулығы нашарлаған 40 адамды дәрігерге көрсетпек болғанда, жергілікті басшылық оларды ауруханаға әкелуге тыйым салды. Тек Құрық ауылының тұрғындарының жанашырлығы арқасында жұмысшыларды бейбіт күнде төніп келген ажал аузынан аман алып қалдық, – дейді Хакимолла Есқалиев.

«ҚАРА ТІЗІМ»

Бұрынғы мұнайшы Еркін Хангереевтің айтуынша, «ереуілді сылтауратқан компания басшылығы» оларды Қазақстан республикасы еңбек туралы заңының 304-бабын, 54-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып жұмыстан шығарған.

Оның сөзінше, «содан бері олардың ешбірі жұмысқа алынбаған. Өйткені бұған компания жасақтаған «қара тізім» түрткі болып отыр. Бұл тізімге іліккен адамдар ешқашан шетелдік компанияларда жұмыс жасай алмайды».

– Ersai Caspian Contractor LCC компаниясы «қара тізімін» жойып, жұмыстан заңсыз шыққан бізді қайтадан жұмысқа алсын, – дейді Еркін Хангереев.
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00
Жүктеп алу

Жұмысшылар «бұл компания жауапкершіліктен жалтару үшін бірнеше ұсақ құрылымдарға жіктеліп жатыр» дейді.

«САБЫР САҚТАУ КЕРЕК»

Шағым айта келген жұмысшыларды қабылдаған облыстық ішкі саясат департаментінің бастығы Тілекқабыл Имашев пен «Нұр Отанның» облыстық
Ersai Caspian Contractor LCC компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшылары. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.
Ersai Caspian Contractor LCC компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшылары. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.
филиалы төрағасының орынбасары Кенжебай Нығмет «жұмысшылар сабыр сақтауы керегін», «бұл мәселе бойынша тиісті орындармен жұмыс жүргізіліп жатқанын» айтты.

Осыған дейін ұжым болып арыз жазған жұмысшылар енді әрқайсысы жеке шағым түсірмек.

Осылайша еңбек заңының қаншалықты бұзылғанын анықтап, әрбір жұмысшының жағдайын жеке-жеке тексертпек болып, «араға уақыт салып тағы да кездесейік» деп тарасты.

Ersai Caspian Contractor LCC – «ЕРС Холдингз» (Қазақстан) және Сайпем Интернешнл Б.В. (Италия) компанияларының арасында 50:50 принципімен құрылған бірлескен кәсіпорын.

«ЕРС Холдингз» компаниясы – тау-кен өндірісі, мұнай-газ, қаржы және банк қызметы саласында жұмыс істейтін «Ланкастер Груп Казахстан» компаниясының еншілесі.
XS
SM
MD
LG