Accessibility links

AzattyqLIVE: Сайрагүл Сауытбай ісі толық аяқталды ма?


Сайрагүл Сауытбай (әйнектің ар жағында) мен адвокаты Абзал Құспан сот процесі кезінде. Жаркент, Алматы облысы, 13 шілде 2018 жыл.
Сайрагүл Сауытбай (әйнектің ар жағында) мен адвокаты Абзал Құспан сот процесі кезінде. Жаркент, Алматы облысы, 13 шілде 2018 жыл.

Панфилов аудандық соты "Шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға шартты жаза тағайындап, оны Қазақстанда қалдыру туралы шешім шығарды. AzattyqLIVE Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспанмен осы істің мән-жайын талқылады.

Тамыздың 1-і күні Алматы облысы Жаркент кентіндегі Панфилов аудандық сотында "шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша үкім шықты. Судья Динара Құйқабаева Сауытбайға шартты жаза тағайындап, оны Қазақстанда қалдыру және сот залынан босату туралы шешімін жариялады.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-тармағы бойынша Сайрагүл Сауытбайды кінәлі деп тауып, 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза тағайындалсын. 6 ай пробациялық бақылау мерзімі тағайындалсын. Ол сот залынан босатылсын", - деген судья.

Сайрагүл Сауытбайды биыл мамырда Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "Қорғас кеден бекетінен заңсыз өтті" деген айыппен ұстаған. Кейін оның үстінен іс қозғалып, шілденің 9-ы күні сот процесі басталған.

Сотталушының "қылмысы онша ауыр емес" деп бағалаған судья Динара Құйқабаева шешім қабылдағанда БҰҰ-ның балалар құқығы конвенциясын негізге алып, Сауытбайды екі баласынан, отбасынан ажыратпау үшін осындай ұйғарымға келгенін айтты.

Сайрагүл Сауытбайдың жұбайы Уәли Ісләм мен екі баласы 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған, олар Алматы облысында тұрады.

AzattyqLIVE Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспанмен осы істің мән-жайын талқылады:

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG