Accessibility links

Атырауда алаңға жиналғандар "жер сатуға" қарсылық білдірді

Атыраудағы «жер сатуға қарсылық» жиыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:26 0:00

Атыраудағы «жер сатуға қарсылық» жиынынан видео. 24 сәуір 2016 жыл.

Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңа жүздеген адам жиналды. Олардың «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талабын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақордаға жеткізуге уәде етті.

Атыраудағы орталық алаңға жұрт түскі сағат 12 кезінде жинала бастады. Олар Қазақстан жерін «шетелдіктерге жалға беруге және сатуға» қарсылығын білдіруге келгендерін айтады.

Қазақстан Жер кодексіне былтыр күзде енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылғы шілде айынан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ел азаматтарына аукцион арқылы жеке меншікке сату, сонымен бірге шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға ондай жерді 25 жылға дейін жалға беру басталмақ. Бұл жаңа өзгеріс Қазақстан қоғамында қызу пікірталас тудырған.

Оқыңыз: Шаруалар жерді аукционмен сатуға сақсына қарайды

Бүгін Атыраудағы алаңға жиналғандар осында келген қала әкімі Нұрлан Ожаев пен облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевқа өз талаптарын жеткізді. Әкім Ожаев «рұқсат етілмеген митинг өткізу - заңсыз» болатынын айтқанымен, жұртшылық билікке талаптарын айту үшін жиналғандарын айтып, тараудан бас тартты.

Шенеуніктер жұртқа «Қазақстанның жері мен егемендігіне ешкім қол сұға алмайтынын» түсіндіруге тырысты. Жиналғандар оларға Қазақстан жерін шетел азаматына 25 жылға жалға беру «ел мен жер болашағына қатер» деп санайтындарын айтты. Бұдан соң билік өкілдері алаңнан кетіп қалды. Алаңда митинг жалғасып, көпшілік алдына шығып сөйлегендер «жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де» қарсы екендерін мәлімдеді.

Қоғамдық белсенділер жиналған жұртты «арандатудан сақ болып, тәртіп бұзбауға» шақырды. Исатай мен Махамбет алаңы маңына бүгін таңертеңнен жиналған полиция митингті сырттай бақылап тұрды.

Арада тағы біраз уақыт өткенде наразылық акциясы өтіп жатқан алаңға Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Жиналғандардың «Жер-Ананы сатуға және жалға беруге болмайды» деген сөздерін ол да естіді.

Бұған дейін жергілікті белсенділер Атырауда 24 сәуірде митинг өткізу туралы қала әкімдігіне өтініш бергенімен, билік рұқсат етпеген. Атырауда «жерді жеке меншікке сатуға» қарсы акцияға шықпақ болған кейбір азаматтық белсенділер жексенбі күні тергеуші сұрағына жауап беруге шақырылғандары туралы қағаз алған.

Азаматтық белсенді Макс Боқаев бүгін өзін шақыртқан ішкі істер департаменті оған және арасында Талғат Аян да бар тағы бірнеше белсендіге қарсы «әлеуметтік алауыздық қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабардар еткенін айтты.

Алаңға жиналғандар облыс әкіміне бейбіт митинг үшін белсенділерді қудаламау туралы уәде бермейінше оның сөзін тыңдамайтындарын мәлімдеді. Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев жұртты белсенділерді ешкім қудалап, жазаламайды деп уәде беріп, сендіруге тырысты. Ол алаңдағы жұрттан талаптарын қағазға түсіріп, өзіне жазбаша түрде беруді сұрап, оны Ақордаға жеткізетінін айтты.

Митингке қатысушылар Жер кодексінен жерді шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға және азаматтығы жоқ адамдарға сату, жалға беру туралы баптарды мүлде алып тастау, Қазақстандағы жер иелерінің аты-жөні туралы ақпаратты жариялау, бейбіт жиынға қатысқандар мен ұйымдастырушыларды қудаламау туралы талаптар жазылған петицияға қол қойды.

Жиынға қатысушылар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа «нақты жауап алу үшін 21 мамырға дейін мұрсат беретіндерін» айтты және бұл мәселе шешімін тапқанша жинала беретіндерін ескертті.

Атыраудағы бейбіт шеру жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00 кезінде тарқады.

Атыраудағы қарсылық акциясы туралы фотогалерея:

Атырауда "жерді сатпауды" талап етті

Атырауда 24 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 14:00-де Қазақстанда ауылшаруашылығы жерін «шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсылық» жиыны өтетіні жайлы хабар әлеуметтік желілер және «ұзынқұлақ» арқылы тараған болатын.
1/9 Атырауда 24 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 14:00-де Қазақстанда ауылшаруашылығы жерін «шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсылық» жиыны өтетіні жайлы хабар әлеуметтік желілер және «ұзынқұлақ» арқылы тараған болатын.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
24 сәуір күні Атырау қаласы орталығындағы Исатай мен Махамбет батырлардың ескерткіші алдындағы алаңға сағат 12:00-ге қарай жүздеген адам жиналды.
2/9 24 сәуір күні Атырау қаласы орталығындағы Исатай мен Махамбет батырлардың ескерткіші алдындағы алаңға сағат 12:00-ге қарай жүздеген адам жиналды.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Митингте сөйлегендер жерді шетелдіктерге сатуға және 25 жылға жалға беруге қарсы екендерін айтты.
3/9 Митингте сөйлегендер жерді шетелдіктерге сатуға және 25 жылға жалға беруге қарсы екендерін айтты.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге жалға беруге қарсы шеруге қатысушылар.
4/9 Ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге жалға беруге қарсы шеруге қатысушылар.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Митингте сөйлеген азаматтық белсенді Макс Боқаев алаңға келген Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа халық биліктен ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге сату және жалға беру туралы баптарды Жер кодексінен алып тастауды талап етіп отырғанын айтып, осыны Ақордаға жеткізуді сұрады. Сонымен бірге жұртшылық әкімнен жергілікті белсенділерге қарсы іс қозғап, қудалауды тоқтатуды талап етті. Облыс басшысы Ноғаев белсенділерді қудаламауға уәде берді.
5/9 Митингте сөйлеген азаматтық белсенді Макс Боқаев алаңға келген Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа халық биліктен ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге сату және жалға беру туралы баптарды Жер кодексінен алып тастауды талап етіп отырғанын айтып, осыны Ақордаға жеткізуді сұрады. Сонымен бірге жұртшылық әкімнен жергілікті белсенділерге қарсы іс қозғап, қудалауды тоқтатуды талап етті. Облыс басшысы Ноғаев белсенділерді қудаламауға уәде берді.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Қарсылық жиынында тұрған жас азаматтар.
6/9 Қарсылық жиынында тұрған жас азаматтар.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Азаматтық белсенді Талғат Аян ауылшаруашылығы жерін &quot;шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсылық&quot; жиынында тұр. Бүгінгі шеруге келетінін әлеуметтік желі арқылы күнібұрын&nbsp;хабарлаған белсенді осыдан бір күн бұрын жергілікті полицияға&nbsp;<a href="http://www.azattyq.org/a/27692416.html" target="_blank">тергеуге жауап беруге шақырылғаны </a>туралы қағаз алған.
7/9 Азаматтық белсенді Талғат Аян ауылшаруашылығы жерін "шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсылық" жиынында тұр. Бүгінгі шеруге келетінін әлеуметтік желі арқылы күнібұрын хабарлаған белсенді осыдан бір күн бұрын жергілікті полицияға тергеуге жауап беруге шақырылғаны туралы қағаз алған.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Алаңда жиналған жұрт шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге қарсы екендері жазылған петицияға қол жинады.
8/9 Алаңда жиналған жұрт шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге қарсы екендері жазылған петицияға қол жинады.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Алаңда жиналған жұрт өз талаптарын орындау үшін билікке бір ай мерзім беретіндерін мәлімдеді. Оның нәтижесін 21 мамырда өтетін келесі жиында талқылайтынын айтты.
9/9 Алаңда жиналған жұрт өз талаптарын орындау үшін билікке бір ай мерзім беретіндерін мәлімдеді. Оның нәтижесін 21 мамырда өтетін келесі жиында талқылайтынын айтты.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG