Accessibility links

Спортшылар төмен нәтиже үшін кешірім сұрады

Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиевтің (көк формада) мұз айдында құлаған сәті. 10 ақпан 2018 жыл.
Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиевтің (көк формада) мұз айдында құлаған сәті. 10 ақпан 2018 жыл.

Пхенчхан олимпиадасы Қазақстан құрамасының спортшылары үшін сәтсіз басталды.

Олимпиаданың алғашқы күні қазақстандық жанкүйерлер шорт-трекшілер мен биатлоншылардан үміт күткен. Пхенчханға келген қазақстандық шенеуніктер мен жанкүйерлердің біразы кешкісін Алпенсия биатлон орталығына барды. Әйелдер арасындағы 7,5 километрлік спринт жарысында Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Галина Вишневскаядан "жақсы нәтиже, сәттілік болса медаль күткен". Дәл жарыс күні, яғни ақпанның 10-ы күні Вишневская 24 жасқа толды.

Вишневская спринттік жарыста бірінші ату кезеңінде бес нысананың екеуіне тигізе алмай екі айып айналымын жүгіріп біраз уақыт жоғалтып алды. Ал екінші ату кезеңінде бес нысананың барлығына дәл тигізді. Бірақ алғашқы екі қателіктің кесірінен ол спринттік жарысты тек 30-нәтижемен аяқтады. Вишневская осы қашықтықта чемпион болған германиялық Лаура Далмайерден 1 минут 46 секундқа қалып қойды.

Қазақстандық Галина Вишневская жарыс жолында. Пхенчхан. 10 ақпан 2018 жыл.
Қазақстандық Галина Вишневская жарыс жолында. Пхенчхан. 10 ақпан 2018 жыл.

- Бапкерім таңертең туған күніммен құттықтап раушан гүлін сыйлады. Таңнан бері қазақстандықтар, жанкүйерлер құттықтап жатыр. Алғысым шексіз. Бүгінгі сәтсіздік үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Барымды салдым. Аяғым, шаңғым жақсы жүрді. Бірақ ату кезеңіндегі екі қателік көп нәрсені шешті. Жел қатты болды әрі қатты толқып, жинала алмадым. Алдағы жарыста толғанысымды жеңіп, үздік нәтижемді көрсетуге тырысамын, - деді Вишневская жарыстан кейін Азаттық тілшісіне.

Галина Вишневская спринтте 30-орын алған спортшы ретінде алдағы із қуу жарысында сөреден кешігіп, 30-болып шығады.

Спринттік жарысқа қатысқан қазақстандық биатлоншылар Дарья Климина, Ольга Полторанина, Алина Райкова елулікке ене алған жоқ. Үшеуі де ату кезінде екі-үш қате жіберді.

СПОРТШЫЛАР УӘДЕСІ

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрберген Жұмағазиев 1500 метрлік жарыстың финалына шыға алмады. Іріктеу сынында өз тобында екінші келе жатқан Жұмағазиев мәреге екі-үш айналым қалғанда мұзға шалынып құлап, жарысты ерте аяқтады.

Нұрберген Жұмағазиев (алдыда көк формада ) шалынып құлаған сәт. 10 ақпан 2018 жыл.
Нұрберген Жұмағазиев (алдыда көк формада ) шалынып құлаған сәт. 10 ақпан 2018 жыл.

- Біз мұзға соңғы топ болып шықтық. Алдымызда жарысқан топтардың біріндегі спортшы мұзды конькиімен бүлдіріп кетсе керек. Дәл сол мұзға шалынып құладым. Алда 500, 1000 метрде жекелей және 5000 метрде эстафета бар. Сол қашықтықтарда барымды саламын. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахмет. Бүгінгі сәтсіздік үшін кешірім сұраймын. Бұл - спорт. Спортта бәрі болады, - деді ол жарыстан кейін.

Осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық Денис Никиша да финалға өте алмады. Ол да алдағы жарыс күндері "барын салмақ".

- 1500 метр менің қашықтығым емес. Спринтермін, яғни қысқа қашықтыққа жүгірген ыңғайлы. 1500 метрге шығып, мұзды сезінгім келді. Бар мүмкіндігімді алдағы 500 метрге саламын, - деді Никиша жарыстан кейін.

Қазақстан спортының тарихында шана спортынан олимпиадаға алғаш рет қатысып жатқан 19 жастағы Никита Копыренко де іріктеуде төмен нәтиже көрсетіп, финалға шыға алмады.

Никита Копыренко мәреге келген сәт. Пхенчхан. 10 ақпан 2018 жыл.
Никита Копыренко мәреге келген сәт. Пхенчхан. 10 ақпан 2018 жыл.

Шаңғыдан әйелдер арасындағы 7,5+7,5 шақырымдық скиатлон (шаңғымен классикалық әдіспен жүгіру+коньки әдісімен жүгіру) жарысында Анна Шевченко 36-орын, Елена Коломина 54-орынмен шектелді.

Ақпанның 11-күні қазақстандықтар фристайлдың могул түрінен финалға шыққан Юлия Галышевадан медаль күтеді. Галышева жарыс алдында "төрт жыл бой олимпиада медалі үшін дайындалғанын, үздік үштікке ену үшін барын салатынын" айтқан.

Пхенчхандағы Қысқы олимпиада 25 ақпанда аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан 46 спортшы қатысып жатыр.

Фотогалерея: Олимпиададағы Қазақстан спортшылары

Олимпиадаға қатысатын Қазақстан спортшылары

Қазақстандық Никита Копыренко (шана спорты) Пхенчханда жаттығу өткізіп жатқан сәт. 7 ақпан 2018 жыл. 
1/18 Қазақстандық Никита Копыренко (шана спорты) Пхенчханда жаттығу өткізіп жатқан сәт. 7 ақпан 2018 жыл. 
Мәнерлеп сырғанаудан 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қола алған 17 жастағы Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы олимпиадаға алғаш рет қатыспақ. 
2/18 Мәнерлеп сырғанаудан 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қола алған 17 жастағы Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы олимпиадаға алғаш рет қатыспақ. 
Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасында қола алған Денис Тен "тарихи отанындағы олимпиадада мүлде басқа нәтиже көрсетіп, жанкүйерлер есінде қалғысы келеді". 
3/18 Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасында қола алған Денис Тен "тарихи отанындағы олимпиадада мүлде басқа нәтиже көрсетіп, жанкүйерлер есінде қалғысы келеді". 
Қазақстандық Галина Вишневская мен  Максим Браун желтоқсанда Швецияда өткен әлем кубогының кезеңінде қола медаль алған сәті. Бұл Қазақстанның биатлон спортынан әлемдік жарыста алған  алғашқы медалі. Екі спортшы да Пхенчхан ойындарына қатысады. 
4/18 Қазақстандық Галина Вишневская мен  Максим Браун желтоқсанда Швецияда өткен әлем кубогының кезеңінде қола медаль алған сәті. Бұл Қазақстанның биатлон спортынан әлемдік жарыста алған  алғашқы медалі. Екі спортшы да Пхенчхан ойындарына қатысады. 
Биатлоншы Галина Вишневская "Пхенчханда карьерасындағы ең үздік нәтижесін көрсетуді қалайды". 
5/18 Биатлоншы Галина Вишневская "Пхенчханда карьерасындағы ең үздік нәтижесін көрсетуді қалайды". 
Қазақстандық жанкүйерлердің көбі шаңғышы Алексей Полтораниннен медаль күтеді. Спортшы бұл олимпиадаға Қазақстан құрамасынан бөлек Эстония және Еуропа елдерінде дайындалған. 
6/18 Қазақстандық жанкүйерлердің көбі шаңғышы Алексей Полтораниннен медаль күтеді. Спортшы бұл олимпиадаға Қазақстан құрамасынан бөлек Эстония және Еуропа елдерінде дайындалған. 
Алексей Полторанин төртінші олимпиадасына қатыспақ. Олимпиададағы ең үздік нәтижесі - бесінші орын. 
7/18 Алексей Полторанин төртінші олимпиадасына қатыспақ. Олимпиададағы ең үздік нәтижесі - бесінші орын. 
Фристайлшы Юлия Галышева карьерасындағы үшінші олимиадасына қатысады. 
8/18 Фристайлшы Юлия Галышева карьерасындағы үшінші олимиадасына қатысады. 
Галышева Пхенчхандағы ойындарда алғашқы үштікке енуді жоспарлайды.
9/18 Галышева Пхенчхандағы ойындарда алғашқы үштікке енуді жоспарлайды.
Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев (көк формада) ұстап шығады. 
10/18 Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев (көк формада) ұстап шығады. 
Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев (көк формада) былтыр әлем кубогы кезеңдерінде  алтын және қола медаль иеленген. Биылғы әлем кубогы кезеңдерінде финалға шыға алмады. Дегенмен, спортшы "Пхенчхандағы олимпиадада барын салмақ". 
11/18 Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев (көк формада) былтыр әлем кубогы кезеңдерінде  алтын және қола медаль иеленген. Биылғы әлем кубогы кезеңдерінде финалға шыға алмады. Дегенмен, спортшы "Пхенчхандағы олимпиадада барын салмақ". 
Оңтүстік Кореяда туған Ким Лонг А (64) бұл олимпиадаға Қазақстан атынан қатысады. Оның командаласы Анастасия Крестова (34) да жүлдеге таласпақ. 
12/18 Оңтүстік Кореяда туған Ким Лонг А (64) бұл олимпиадаға Қазақстан атынан қатысады. Оның командаласы Анастасия Крестова (34) да жүлдеге таласпақ. 
Шорт-тректен былтыр әлем кубогы кезеңдерінде алтын алған Денис Никиша (12) Пхенчханда жекелей және эстафеталық жарыста сынға түседі. 
13/18 Шорт-тректен былтыр әлем кубогы кезеңдерінде алтын алған Денис Никиша (12) Пхенчханда жекелей және эстафеталық жарыста сынға түседі. 
Фристайлдың акробатика түрінен Сочи олимпиадасында қола алған Жанбота Алдабергенова Пхенчханда "нәтижесін жақсартқысы келеді".
14/18 Фристайлдың акробатика түрінен Сочи олимпиадасында қола алған Жанбота Алдабергенова Пхенчханда "нәтижесін жақсартқысы келеді".
Фристайлшы Аяна Жолдас олимпиадаға алғаш рет жолдама иеленді. 
15/18 Фристайлшы Аяна Жолдас олимпиадаға алғаш рет жолдама иеленді. 
Конькиден 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин қатарынан үшінші рет олимпиадаға қатыспақ. 
16/18 Конькиден 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин қатарынан үшінші рет олимпиадаға қатыспақ. 
Қазақстандық конькиші Екатерина Аидова үшінші олимпиадасына келді. 
17/18 Қазақстандық конькиші Екатерина Аидова үшінші олимпиадасына келді. 
Қазақстандық Игорь Закурдева олимпиадада тау шаңғысынан жарысқа қатысады. Сочиде ол 33-орын алған. 
18/18 Қазақстандық Игорь Закурдева олимпиадада тау шаңғысынан жарысқа қатысады. Сочиде ол 33-орын алған. 
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG