Пхенчханда өтіп жатқан қысқы олимпиадада қазақстандық Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен қола медаль иеленді. 11 ақпан 2018 жыл.
Галышеваның қола жүлдесі
1
Юлия Галышева шешуші финалда сынға түсіп жатқан сәт. Фристайлда соңғы финалға үздік алты спортшы шығады. Галышева 6-нәтижемен ілікті.
2
Галышеваның финалдағы бірінші сальтосы.
3
Олимпиада финалындағы екінші сальто.
4
Галышева төрешілердің шешімін күтіп тұр.
5
Галышеваның бапкері Елена Круглыхина басқа жаттықтырушылармен арнайы құрал арқылы байланысып тұр. Ол Галышевадан алтын күткенін айтады.
6
Галышева - қола жүлдегер. Фристайл жарысын тамашалауға бірнеше шенеунік келді. Олардың арасында Қазақстан спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да бар.
7
Галышева қазақстандық жанкүйерлердің құшағында.
8
Бапкер Елена Круглыхина "Галышеваның медаль алатынына сенген".
9
Галышева тұғырда.
10
Юлия Галышева (оң жақта) Пхенчхан олимпиадасында жүлде алған сәт. Ортада чемпион франциялық Перрин Ляффон, сол жақта - күміс жүлдегер канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант. 11 ақпан 2018 жыл.
11
Галышева Қазақстан туын жамылып тұр.
12
Қазақстан фристайлдан олимпиадада алғаш рет медаль алды.