Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Серік пен Фархат


Серік Құсанбаев, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Серік Құсанбаев, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Бұл айтыста өскемендік Серік Құсанбаев пен алматылық Фархат Маратұлы сөз қағыстырды.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары айтысқа құмар қауымның ықыласына бөленген Серік Құсанбаевтың сахнадан көрінбей кеткенінен біраз уақыт болған еді. Керекуден Өскеменге қоныс аударғалы алғаш рет республикалық айтысқа шыққан ақын Астананың бүгінгі көркін суреттей келіп, елдің жайын астарлап айтты:

– Халқыңның тірлік-тынысы,
Қаланың күллі құрылысы,
Бір сөзбен айтсам – жайнап тұр.
Көздің жауын арбайды,
Мақтауға аузым бармайды,
Даттауға аузым бармайды,
Тілімді жіпсіз байлап тұр.
...Қаңғып жүрген көп қазақ,
Астананың төрінен,
Алар үйін ап алған,
Салар үйін сап алған,
Өйткені заман жаңарған.
Мойнында жоқ несие,
Уайымдайды несіне.
Жемқорлық мүлдем жойылған,
Қылмысқа нүкте қойылған.
Осыған, елім, сенбесең,
Қазір барып жаңалық көр
«Қазақстан» менен «Хабардан».

Айтысқа көрермен болып келіп, аяқ асты сахнаға көтерілген Фархат сөзінің көбін ас беріп жатқан ауылға арнады.

– Алты құрлыққа даңқы бар,
Фархат Маратұлы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Фархат Маратұлы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Атадан қалған салты бар,
Шыңғыстауды жайлаған,
Тобықты дейтін халқым бар.
Жырқұмар және әнқұмар,
Ақындарының жұлдызын,
Жарқыратып жандырар.
...Кеңгірбайдай кешегі,
От ауызды билердің,
Жалғыз-ақ сөзін заң қылар,
Құнанбайдан асқан ұл бар ма,
Қазақтан асқан ел бар ма,
Қарадан туған тектіні
Қасиетін танып, хан қылар.

Серік пен Фархаттың айтысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:25:32 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG