Accessibility links

Астанадағы айтыста ақындарға көп «ақыл» айтылды


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

2-4 желтоқсан аралығында Астанадағы Конгресс холл сарайында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ақындар да қатысты.


Айтысты ашқан Жүрсін Ерманнан кейін сөз алған президент мәдени орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков «тәуелсіздіктің 20 жылдық мейрамы – бұған қоса алғашқы рет президент сайлауымыздың да жиырма жылдық мейрамы» екенін айта келіп, Назарбаев ұсынылған «Халық қаһарманы» атағы жайлы айтты.

– Назарбаев – қирап қалған, қаусап қалған, қаңырап жатқан бос жерде мемлекет орнатқан адам... «Халық қаһарманын» бәрі де алып жатыр ғой
Мырзатай Жолдасбеков ақындар айтысында сөйлеп тұр. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Мырзатай Жолдасбеков ақындар айтысында сөйлеп тұр. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
осы: әнші де алып жатыр, шошқа баққан адам да алып жатыр, – деді Мырзатай Жолдасбеков.

АЛҒАШҚЫ АЙТЫСТЫҢ «АЙТЫСЫ»

Содан кейін айтыс басталды. Айтысқа Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов, Фариза Оңғарсынова, Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Несіпбек Айтұлы, Сейіт Қасқабасов, Өмірзақ Айтбаев бастаған біраз адам қазылық етті. Көрермендер қазылардың алғашқы шешіміне-ақ наразы болды. Сағадат Нұрмановпен бірге айтысты бастаған Айбек Қалиевтің ұпайының кем болуы залда біраз шу шығарды.

Айбек Қалиев әу дегеннен елдегі соңғы оқиғаларды – Ақтөбедегі, Тараздағы атыс-жарылыстарды, қорғаныс саласындағы жауынгерлер өлімін тілге тиек еткен еді:

«...Ақтөбеде бүлікші тоғыз жанды
Арнаулы әскеріңнің қайда алғаны?
Тоғыз жанға мыңының әлі жетпей
Шабына шоқ түскендей ойбайлады.
Тірілей түсіре алмай қолдарына
Өлтіріп көңілінің жайланғаны.
Күні кеше Таразда да бір бүлікші
Лаң салып, түске дейін тайраңдады.
Ұстатпай ҰҚК мен полицияға
Ойына келгенді істеп сайрандады.
Діннің атын жамылған дүмше неме
Опат қып жеті жанды, ойрандады...
...Өзін қорғай алмаған ҰҚК-мыз,
Ұлттың қауіпсіздігін қорғай ма әлі?
... «7:1» өліммен аяқталды
Бүлік пен биліктің ерегісі...».

Айтыстың екінші ондығы айтысқан 3 желтоқсан күні де Айбек Қалиевтің ұпайы жөнінде көрермендер жазбаша-ауызша сұрау салды. Ақыры Жүрсін Ерман ортаға шығып, қазылар атынан Айбек Қалиевтің ұпайы кем түсуінің себебін айтты.

– Сағадаттың «бесеу аз, он бес бала туғызамын» дегеніне Айбектің «доңыз да тоғыз бала табады» деуі мәдениетсіздік болды, – деді Жүрсін Ерман.

Бұл шешіммен көрермендердің біразы келісетінін айтса, бірсыпырасы «Бұл – Айбек Қалиевті сайыстан кетіруге болмашы сылтау» десті.

«ҮЙ АРТЫНДА КІСІ БАР»

Жалпы, үшкүндік айтыс барысында Жүрсін Ерман ақындарға ескерту жасап, негізгі тақырып – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы екенін қайта-қайта еске салып отырды.

Ал Қытайдан келген ақын сахнаға шыққанда, «үй артында кісі бар» деп,
Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
залда отырған Қытай мәдениет министрлігі өкілдерін меңзеп, оны да сабырға шақырып қойды. Бірақ айтыстың соңғы күні (4 желтоқсанда) «ақындар қытайлық қарсыластарымен енді көсіле айтысуларына болады – қытайлық делегаттар оған түсіністікпен қарайды» деді.

Жүрсін Ерман мен Мырзатай Жолдасбековтың айтуларынша, ақындарға жетекші болып келген қытайлық лауазымды делегация – «айтысты ЮНЕСКО-ға мәдени мұра ретінде тіркеу үшін еңбектеніп жүр».

Көрермендер қазылар алқасының бас жүлдені қытайлық ақын Жәмиға Дәулетке бергеніне разы болды. Бірінші орынды көкшетаулық Әлібек Серғалиев иеленді. Жүлделі орындарға ие болғандар қатарында Еркебұлан Қайназаров, Мұхтар Ниязов, Аалы Туткучев (Қырғызстан), Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаевалар бар.

Айтыстың толық нұсқасын алдағы уақытта сайтымызда рет-ретімен жариялаймыз.
XS
SM
MD
LG