Accessibility links

Жаңаөзендіктер енді президентпен кездесу сұрайды

Жаңаөзен оқиғасында "тамағынан оқ тиіп жараланған" мұнайшы Нұрлыбек Нұрғалиев, Руслан Кенжебеков және Қайрат Досмағамбетов (солдан оңға қарай) Астанада.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде туыстарынан айырылғандардың отбасы мен жараланғандар әлеуметтік қолдау мен жұмыс сұрап, президентке ашық хат жазды. "Өзенмұнайгаз" компаниясы жұмысқа алуға мораторий жарияланғанын, аутсорсингке мұқтаждық жоқтығын айтады.

2011 жылы Жаңаөзендегі ереуілді полиция күшпен таратқан кезде тамағынан оқ тиіп жараланған Нұрлыбек Нұрғалиевтің Азаттыққа айтуынша, өзі сияқты жараланғандар осы күнге дейін жұмыссыз жүр. Олар әлеуметтік жағдайларының нашар екенін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізгісі келеді. Зардап шеккен жаңаөзендіктер ашық хаттарын тапсыру үшін Нұрлыбек Нұрғалиевті, ереуіл кезінде оқ тиіп жараланған тағы бір қала тұрғыны Руслан Кенжебековті және жамбасына тиген оқтың кесірінен 26 рет операция жасатқан Қайрат Досмағамбетовті өкіл етіп Астанаға аттандырған.

- Біз хатымызды президент әкімшілігіне сәуірдің 18-і күні апарып тапсырдық. Дәл осындай өтінішті "Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру» компаниясына да апардық. Президент әкімшілігі жауап береміз деп алып қалды, ал ұлттық компаниядан аутсорсингпен де жұмыс қарастыру мүмкін емес, біз қазір "Қазмұнайгазбен" бірігіп жатырмыз деген жауап алдық, - дейді Нұрғалиев.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзен оқиғасы неден басталып, қалай бітті?

Нұрлыбек Нұрғалиев оқ тиіп жараланғандар арасында әлеуметтік жағдайы тым нашар Қанат Мұқашев пен Ислам Шамилов есімді жаңаөзендіктер бар екенін айтады.

- Мысалы, Қанат өзі мүгедек, оның үстіне аузына тиген оқтан мүлдем денсаулығы жарамсыз. Ал Исламға оқ иығынан тиген. Мұндайлар көп. Оларға әлеуметтік қолдау керек, жұмыс керек, денсаулықтарын емдету керек, - дейді Нұрлыбек Нұрғалиев.

Видео: Зардап шеккендер мәртебе сұрайды. 15 желтоқсан 2017 жыл

Зардап шеккендер мәртебе сұрайды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:44 0:00

​Президентке жолданған хатта жаңаөзендік зардап шегушілер жеті жыл бойы мәселелері толық шешілмей келе жатқанын, кейбір жараланғандарға медициналық қызмет көрсету, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жәрдем беру тәрізді мәселелердің түпкілікті шешілмей келе жатқанын баяндаған.

"Маңғыстау облысы әкімдігінің араласуымен 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккен жекелеген адамдардың проблемасы шешілгенін жоққа шығармаймыз, бірақ ол тек кейбір адамдарға ғана қатысты жүзеге асты. Сонымен қатар "Жаңаөзендегі зардап шегушілер" мәртебесінің нормативтік актімен бекітіліп, тұрақты, жүйелі түрге енуінің уақыты келді деп санаймыз" деп жазылған хатта.

Арызданушылар жергілікті биліктің бұл сауалдарды заң жүзінде шешуге ат салысудың орнына "кедергі жасап отырғандарына" шағымданады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңаөзендегі қайғылы оқиға кезінде өртенген көшедегі суреті. 19 желтоқсан 2011 жыл.

Жүзбе-жүз кездесу талап еткен жаңаөзендіктер "оқ тигендерді, егер олар еңбекке жарамсыз болса, жақын туыстарын жұмысқа орналастыруды, жаралы болғандардың жеңіл жұмысқа өтуіне мүмкіндік беруді, оқ тигендерге медициналық жәрдем көрсетуді (емдету, реабилитация), әлеуметтік мәселелерді (оқ тигендер мен қайтыс болғандардың балаларын балабақшаларға орналастыру, коммуналдық төлемде жеңілдіктер қарастыру, студент балаларын оқыту) шешуді" сұрайды.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендер әлі емделіп жүр

Зардап шекккен жаңаөзендіктер бұған дейін былтырғы желтоқсанда осыған ұқсас талап қойып, Маңғыстау облысы және Жаңаөзен қаласы әкімдігіне, "Өзенмұнайгаз" компаниясына шағымданған еді.

Олар алдымен Маңғыстау облыстық әкімдігіне, Жаңаөзен қаласы әкімдігіне, кейін "Өзенмұнайгаз" кеңсесіне жиналған болатын. Солардың бірі 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде кездейсоқ көшеде оқ тиіп, жараланған Ринат Жүсіповтің Азаттыққа айтуынша, тоғыз адам былтырғы талаптан соң аутсорсингпен "Өзенмұнайгаздың" мердігер мекемелеріне 2018 жылғы сәуірдің 1-інен бастап жұмысқа қабылданған. Оның сөзін растаған "Өзенмұнайгаз" компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Әділ Сүйебай қазір аутсорсингпен жұмысқа қабылдайтын бос орындар жоқтығын айтты.

- Былтыр талап білдіріп келгендердің тоғызы мердігер мекеме "Самұрық Сервиске" жұмысқа алынды. "Өзенмұнайгазға" жұмысқа қабылдауға мораторий жарияланған, ал аутсорсинг арқылы жұмысқа қабылдау қажеттігі әзірге жоқ, - дейді ол.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Бекежан Әуезов бұл мәселенің осы күнге дейін шешілмей тұрғанын, айналысып жатқандарын мәлімдеді.

2011 жылғы желтоқсанның 16-сында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында полиция бірнеше ай бойы ереуілдеп тұрған мұнайшыларға қарсы оқ жаудырып, күшпен таратқан. Ресми есеп бойынша, Жаңаөзен оқиғасы кезінде Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында болған ереуіл мен толқу кезінде 17 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып бойынша 37 адам сотқа тартылып, оның үшеуі толық ақталып шықты. 21 адам шартты түрде, ал 13 адам үш жылдан алты жылға дейін сотталған болатын. Кейін Қазақстан үкіметі жараланғандарға 500 мың теңге, ал оққа ұшқандарға бір миллион теңге өтемақы төлеген еді. Кейбір оқ тигендер арасында бұл ақшаны алмағандар да бар.

Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі суреттер

Қызмет қаруы мен арнайы құралдары бар полиция жасағы Ақтау қаласының орталық алаңында тұр. 18 желтоқсан 2011 жыл.
1/15 Қызмет қаруы мен арнайы құралдары бар полиция жасағы Ақтау қаласының орталық алаңында тұр. 18 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңаөзендегі қайғылы оқиға кезінде өртенген көшедегі суреті. 19 желтоқсан 2011 жыл.
2/15 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңаөзендегі қайғылы оқиға кезінде өртенген көшедегі суреті. 19 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Жаңаөзендегі оқиғадан кейін бірнеше күн өткенде бұрынғысының орнына жаңадан ілінген биллборд. Онда президент Назарбаевтың бейнесімен бірге ол басқаратын «Нұр Отан» партиясының сайлауалды үгіт материалы басылған. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.
3/15 Жаңаөзендегі оқиғадан кейін бірнеше күн өткенде бұрынғысының орнына жаңадан ілінген биллборд. Онда президент Назарбаевтың бейнесімен бірге ол басқаратын «Нұр Отан» партиясының сайлауалды үгіт материалы басылған. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жаңаөзенде журналистермен кездесуде "полиция қаруды заң негізінде қолданды" деп мәлімдеді. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.
4/15 Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жаңаөзенде журналистермен кездесуде "полиция қаруды заң негізінде қолданды" деп мәлімдеді. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Ішкі істер министрлігінің ерекше жасағы. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.
5/15 Ішкі істер министрлігінің ерекше жасағы. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Жаңаөзен көшесінде кездескен адамды полиция тексеріп жатыр. Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.
6/15 Жаңаөзен көшесінде кездескен адамды полиция тексеріп жатыр. Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Шетпе кентіне кіреберіс жолда тұрған арнайы жасақ қызметкерлері. Маңғыстау облысы, 22 желтоқсан 2011 жыл.
7/15 Шетпе кентіне кіреберіс жолда тұрған арнайы жасақ қызметкерлері. Маңғыстау облысы, 22 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Шетпе кентінде жүрген полиция қызметкерлері. Маңғыстау облысы, 18 желтоқсан 2011 жыл.
8/15 Шетпе кентінде жүрген полиция қызметкерлері. Маңғыстау облысы, 18 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде зардап шеккен адам Ақтау қаласындағы ауруханада тұр. 18 желтоқсан 2011 жыл.
9/15 Жаңаөзен оқиғасы кезінде зардап шеккен адам Ақтау қаласындағы ауруханада тұр. 18 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Ақтаудың орталық алаңын күзетіп тұрған полиция. Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.
10/15 Ақтаудың орталық алаңын күзетіп тұрған полиция. Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Ақтау қаласында жүрген әскерилер. Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.
11/15 Ақтау қаласында жүрген әскерилер. Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Әкімшілік ғимаратын күзетіп тұрған қарулы әскерилер. Ақтау, Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.
12/15 Әкімшілік ғимаратын күзетіп тұрған қарулы әскерилер. Ақтау, Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Жаңаөзенде тұрған арнайы жасақ өкілі. 17 желтоқсан 2011 жыл. 
13/15 Жаңаөзенде тұрған арнайы жасақ өкілі. 17 желтоқсан 2011 жыл. 
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Жаңаөзенде жүрген әскерилер. 17 желтоқсан 2011 жыл. 
14/15 Жаңаөзенде жүрген әскерилер. 17 желтоқсан 2011 жыл. 
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Жаңаөзендегі полицейлер. 17 желтоқсан 2011 жыл.
15/15 Жаңаөзендегі полицейлер. 17 желтоқсан 2011 жыл.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG