Accessibility links

Митинг күні полиция көше мен алаңды жауып, белсенділерді топтап ұстады

Полиция наразы азаматты көлікке күштеп салуға әкетіп барады. Алматы, 1 наурыз 2020 жыл.
Полиция наразы азаматты көлікке күштеп салуға әкетіп барады. Алматы, 1 наурыз 2020 жыл.

Оппозициялық топтар "митинг өтеді" деп жариялаған көктемнің алғашқы күні бірнеше қалада ондаған белсендіні полиция ұстады. Әкімдік ғимараттары мен алаңдарда күзет күшейіп, интернет байланысы нашарлады.

Қазақстанда тіркелмеген бірнеше оппозициялық топ "наразылық шарасы өтеді" деп жариялаған наурыздың 1-і күні облыстық және қалалық әкімдіктердің маңы қоршалып, полиция күзеті күшейді. Орталықтағы кей көшелер мен алаңдар жабылып, интернет байланысы нашарлады.

Бұған дейін оппозициялық топтар 43 жастағы азаматтық белсенді Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтанның тергеу абақтысында жұмбақ жағдайда көз жұмғаннан кейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ол былтыр наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған, алайда әлі де билікке ықпал ететін құқыққа ие) пен оның маңайындағылардың билікке араласпауын талап етіп, наурыздың 1-і күні жергілікті уақытпен сағат 12:00-де облыс және қала әкімдіктері алдына қарсылық шеруіне шығатынын мәлімдеген. Ағаділдің қазасы туралы суыт хабар тараған соң осы аптада бірнеше қалада өткен қаралы акцияларға қатысушылар белсендінің "жүрек талмасынан қайтыс болғаны" туралы полиция сөзіне сенбейтінін айтып, оның өліміне билікті айыптаған.

Жексенбі күні түске қарай "шеру өтеді" деп хабарланған орындарға бара жатқан белсенділерді полиция діттеген жерге жеткізбей ұстай бастады. Шымкентте полиция Түркістан облыстық әкімдігінің өкілдері отыратын ғимараттың маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті. Полиция әкетіп бара жатқан кезде кей белсенділер "Шал, кет!" деп айғайлады.

Наразылардың билікке талабы қандай болды?

"Халықты еститін басшы керек!" Наразылардың билікке талабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:21 0:00

Алматыда қала әкімдігі алдындағы Республика алаңы жексенбі күні қоршалып, полиция көліктері тұрды. Алаңда бірнеше жұмысшы Тәуелсіздік ескерткішін жуып жүрді.

Түске қарай жан-жағы темір шарбақпен қоршалған Республика алаңына өтпекші болған отыз шақты адамды полиция әкетті.

Полиция ұстағандардың арасында журналистер - оппозициялық "Дат" газетінің жетекшісі Ермұрат Бапи, тәуелсіз журналист Бақытжан Қосбармақов бар екені хабарланды.

"Соқыр мылқау танымас тірі жанды". 1 наурыздағы шеруде полиция жұртты қалай ұстады?

Алматыда полиция Республика алаңында наразылардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматыдағы орталық көшелер мен алаңдар жабылып, интернет байланысы нашарлады.
1/24 Алматыда полиция Республика алаңында наразылардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматыдағы орталық көшелер мен алаңдар жабылып, интернет байланысы нашарлады.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Полиция ұсталғандардың бірін автозакқа салып жатыр. Қазақстан билігі &quot;экстремистік&quot; деп таныған, Еуропарламент &quot;бейбіт оппозициялық қозғалыс&quot; деп атаған ҚДТ қозғалысы мен оның жетекшісі, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, билік сынаушысы Мұхтар Әблязов жұртты 1 наурыз әкімдіктер алдында билікке қарсы наразылыққа шақырған. Бұған қоса, осы күні билікті сынап жүрген&nbsp;&quot;Oyan, Qazaqstan&quot; ұйымы, &quot;Демократиялық партия&quot; құруды көздейтін бастамашыл топ пен Respublika қозғалысы да жұртты 1 наурызда митингіге шақырды.&nbsp;<br />
&nbsp;
2/24 Полиция ұсталғандардың бірін автозакқа салып жатыр. Қазақстан билігі "экстремистік" деп таныған, Еуропарламент "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған ҚДТ қозғалысы мен оның жетекшісі, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, билік сынаушысы Мұхтар Әблязов жұртты 1 наурыз әкімдіктер алдында билікке қарсы наразылыққа шақырған. Бұған қоса, осы күні билікті сынап жүрген "Oyan, Qazaqstan" ұйымы, "Демократиялық партия" құруды көздейтін бастамашыл топ пен Respublika қозғалысы да жұртты 1 наурызда митингіге шақырды. 
 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Азаматтық белсенді Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған соң елде билікке қарсы <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-dulat-agadil-video-alleged-torture/30459097.html" target="_blank">наразылық күшейді.</a></strong> Біраз белсенді биліктің &quot;Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды&quot; дегеніне сенбейді. Белсендінің өліміне билікті айыптайтындар да бар.&nbsp;<br />
<br />
&nbsp;
3/24 Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Азаматтық белсенді Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған соң елде билікке қарсы наразылық күшейді. Біраз белсенді биліктің "Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды" дегеніне сенбейді. Белсендінің өліміне билікті айыптайтындар да бар. 

 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Оппозициялық топтар 1 наурыздағы митингіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ол былтыр наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған, алайда әлі де билікке ықпал ететін құқыққа ие) пен оның маңайындағылардың билікке араласпауын талап етпек болған.&nbsp;
4/24 Оппозициялық топтар 1 наурыздағы митингіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ол былтыр наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған, алайда әлі де билікке ықпал ететін құқыққа ие) пен оның маңайындағылардың билікке араласпауын талап етпек болған. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін күштеп әкетіп барады. Билік 1 наурызға белгіленген шеруді заңсыз деп санайды. 28 ақпанда бас прокуратура демалыс күні митингіге шыққандар жазаланатынын ескерткен.&nbsp;
5/24 Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін күштеп әкетіп барады. Билік 1 наурызға белгіленген шеруді заңсыз деп санайды. 28 ақпанда бас прокуратура демалыс күні митингіге шыққандар жазаланатынын ескерткен. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Алматыда полиция мен арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап әкеткен сәт.&nbsp;Қала әкімдігі мен Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясы орналасқан жермен жапсарлас алаң мен көшелерде қозғалыс шектелген. Республика алаңы маңындағы кейбір дәмханалар жабық тұр.
6/24 Алматыда полиция мен арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап әкеткен сәт. Қала әкімдігі мен Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясы орналасқан жермен жапсарлас алаң мен көшелерде қозғалыс шектелген. Республика алаңы маңындағы кейбір дәмханалар жабық тұр.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Respublika қозғалысының мүшесі, белсенді Бэлла Орынбетованы әкетіп барады.&nbsp;
7/24 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Respublika қозғалысының мүшесі, белсенді Бэлла Орынбетованы әкетіп барады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті әкімдікке таяу жерде тұрған Абай ескерткішінің жанында Азаттық тілшілерінің көзінше полиция 14 адамды ұстап әкетті.&nbsp;
8/24 Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті әкімдікке таяу жерде тұрған Абай ескерткішінің жанында Азаттық тілшілерінің көзінше полиция 14 адамды ұстап әкетті. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда наразылыққа келген белсенділер. Олардың бірі қолындағы плакатта қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңіндегі &quot;Соқыр мылқау танымас тірі жанды...&quot; деген жолды жазып алған.&nbsp;
9/24 Нұр-Сұлтанда наразылыққа келген белсенділер. Олардың бірі қолындағы плакатта қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңіндегі "Соқыр мылқау танымас тірі жанды..." деген жолды жазып алған. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Арнайы жасақ плакат ұстағандардың бірін әкеткен сәт.
10/24 Арнайы жасақ плакат ұстағандардың бірін әкеткен сәт.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ белсенді Айсұлтан Жақыповты ұстап әкетіп барады.&nbsp;
11/24 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ белсенді Айсұлтан Жақыповты ұстап әкетіп барады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда митинг жоспарланған жерде жүрген арнайы жасақ.
12/24 Нұр-Сұлтанда митинг жоспарланған жерде жүрген арнайы жасақ.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда полиция ұсталғандардың бәрін автозакқа салып, бөлімшеге әкетті.&nbsp;
13/24 Нұр-Сұлтанда полиция ұсталғандардың бәрін автозакқа салып, бөлімшеге әкетті. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтандағы наразылардың бірі.&nbsp;Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.
14/24 Нұр-Сұлтандағы наразылардың бірі. Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Қазақстан ішкі істер министрлігі 1 наурызда қанша адам ұсталғанын нақты айтпады.&nbsp;
15/24 Қазақстан ішкі істер министрлігі 1 наурызда қанша адам ұсталғанын нақты айтпады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда полиция наразылардың бірін ұстап жатыр.
16/24 Нұр-Сұлтанда полиция наразылардың бірін ұстап жатыр.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде наразылар жергілікті әкімдік маңына жиналды.&nbsp;
17/24 Ақтөбеде наразылар жергілікті әкімдік маңына жиналды. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбе қаласында да полиция жергілікті әкімдік маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті.
18/24 Ақтөбе қаласында да полиция жергілікті әкімдік маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде полиция наразылардың бірін күштеп ұстап жатыр.&nbsp;
19/24 Ақтөбеде полиция наразылардың бірін күштеп ұстап жатыр. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде ұсталғандардың бірі автобус терезесінен билікке қарсы наразылығын білдіріп тұр.&nbsp;
20/24 Ақтөбеде ұсталғандардың бірі автобус терезесінен билікке қарсы наразылығын білдіріп тұр. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде наразылар биліктің отставкаға кетуін талап етті.&nbsp;
21/24 Ақтөбеде наразылар биліктің отставкаға кетуін талап етті. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Шымкентте полиция қала әкімдігі маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті. Полиция әкетіп бара жатқан кезде кей белсенділер &quot;Шал, кет!&quot; деп айғайлады.&nbsp;
22/24 Шымкентте полиция қала әкімдігі маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті. Полиция әкетіп бара жатқан кезде кей белсенділер "Шал, кет!" деп айғайлады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Шымкенттік белсенділерді полиция күштеп әкеткен соң қолдарындағы суреттер жерде қалды.&nbsp;
23/24 Шымкенттік белсенділерді полиция күштеп әкеткен соң қолдарындағы суреттер жерде қалды. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Шымкентте полиция белсенді Мұрат Аштаевты көлікке күштеп салып жатыр.&nbsp;Бұл - Қазақстандағы кейінгі екі аптада билікке қарсы екінші наразылық. 22 ақпанда да наразылық шарасында полиция алаңға келгендерді жаппай ұстаған. Құқық қорғаушылардың есебінше, 22 ақпандағы наразылықта полиция 300-ден адам әкеткен. ІІМ сол күні 53 адам ұсталғанын айтады.&nbsp;
24/24 Шымкентте полиция белсенді Мұрат Аштаевты көлікке күштеп салып жатыр. Бұл - Қазақстандағы кейінгі екі аптада билікке қарсы екінші наразылық. 22 ақпанда да наразылық шарасында полиция алаңға келгендерді жаппай ұстаған. Құқық қорғаушылардың есебінше, 22 ақпандағы наразылықта полиция 300-ден адам әкеткен. ІІМ сол күні 53 адам ұсталғанын айтады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Previous slide
Next slide

Қала әкімдігі мен Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясы орналасқан жермен жапсарлас алаң мен көшелерде қозғалыс шектелген. Республика алаңы маңындағы кей дәмханалар жабық тұрды.

Оқиға болып жатқан жерлерде мобильді интернет байланысы ажырағандықтан, Азаттық тікелей трансляция жүргізетін LiveU сервисі жұмыс істемей қалды. Алаң маңында түске қарай Tele 2, Kcell байланыс операторларының мобильді интернеті мүлде істеген жоқ. Beeline интернеті тұрақты істемеді.

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00

Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті әкімдікке таяу жерде тұрған Абай ескерткішінің жанында Азаттық тілшілерінің көзінше полиция 14 адамды әкетті. Наразылардың қолында "Дулат – жүйе құрбаны", "Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды", "Назарбаевтық қылмыстық билік жоғалсын!", "Диктатураға жол жоқ. Шал, кет!" деген жазуы бар плакаттар болды. Полиция ұстағандардың арасында Respublika қозғалысының жетекшісі Бэлла Орынбетова да бар.

Ақтөбе қаласында да полиция жергілікті әкімдік маңына жиналып, саяси ұран көтерген он шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті. Ал шетелден әкелген автокөлігін Қазақстанға тіркете алмай, наурыздың 1-і күні Ақтөбеде наразылыққа шыққан азаматтарға полиция тиіскен жоқ.

Ақтөбеде наразыларды полиция ұстаған сәт. 1 наурыз 2020 жыл.

Ақтөбе: "Шеру" өтетін жерде полиция наразыларды ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:54 0:00

Полиция қызметкерлері наразылық болып жатқан жердегі оқиғадан хабар әзірлеп жатқан журналистердің құжаттарын тексерді. Билік өкілдері "Пресса" деген жазуы бар сарғылт кеудеше киген бірнеше адамды алаң маңындағы көшеден басқа жаққа алып кетті.

ҮЙІНЕН ҰСТАЛҒАНДАР МЕН ПОЛИЦИЯҒА ШАҚЫРЫЛҒАНДАР

Түске дейін кей белсенділер үйінен шыға бергенде торуылдап тұрған полицияға кезіккенін, кейбірін ұстап әкеткенін хабарлады.

Журналист Әсем Жәпішева жексенбі күні таңертең Алматыда полиция "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының белсендісі Бауыржан Сәбитовті үйінен әкетіп, Бостандық аудандық полиция бөліміне апарғанын хабарлады. Қозғалыстың тағы бір мүшесі Әнел Шаханованы жұбайымен бірге Шевченко және Желтоқсан көшелерінің қиылысында ұстаған деп хабарлады Жәпішева. Сағат 11-лердің шамасында белсенді Айгүл Нұрболатова "Әсем Жәпішеваны үйінен шыға бергенде полиция ұстап әкеткенін" айтты.

Алматылық белсенді Ирина Ким Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей трансляциясында үйінің сыртында полиция бақылап тұрғанын айтты.

Белсенді Марат Тұрымбетов үйінің сыртында жай киімдегі әлдекімдер торуылдап жүргенін хабарлады. Кейін ол Азаттыққа полицейлер өзіне ешқандай шақыру қағазын тапсырмай, полиция департаментіне "әңгімелесуге" апарғанын айтты.

Белсенді Жасарал Қуанышәлин де полицияға "үстінен қозғалған әкімшілік іспен танысуға" шақырғанын хабарлады.

Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай жары Инга Иманбайға жексенбі күні таңертең үйінің жанына келген қарапайым киімдегі адамдардың шабуылдағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, Мамайға өзін Наурызбай аудандық полиция бөлімінің қызметкері деп таныстырған жай киімдегі адам оны белгісіз қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырып жатқанын айтқан. Әлгі қызметкер тікелей трансляция жасап тұрған Инга Иманбайдың смартфонын тартып алуға тырысқан. Кейін Мамай қызметкердің іс-әрекетінен аяғы ауыр әйелінің зардап шеккенін және жедел жәрдем қызметін шақыртқанын хабарлады. Кейінірек "миы шайқалған болуы мүмкін" деген алдын ала диагноз қойылған Инга Иманбайдың Алматы облысы Қаскелең қаласындағы ауруханаға жатқызылғаны мәлім болды.

Полиция наразы азаматты ұстап жатқан сәт. Алматы, 1 наурыз 2020 жыл.
Полиция наразы азаматты ұстап жатқан сәт. Алматы, 1 наурыз 2020 жыл.

БЕЛСЕНДІ ҚАЗАСЫНАН КЕЙІН ШЕРУГЕ ШАҚЫРУ

Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтанның тергеу абақтысындағы жұмбақ жағдайда көз жұмғаннан кейін шетелде тұратын қуғындағы оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы жақтастарын жексенбі, наурыздың 1-і күні наразылық шеруіне шығуға шақырған. Қазақстан билігі ҚДТ-ны "экстремистік ұйым" деп атап, оған тыйым салған, ал Әблязовтың өзін "бизнес әріптесін өлтіруге тапсырыс беру", өзі жетекшілік еткен банктен "ірі көлемде қаржы жымқыру", "қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету" тәрізді бірнеше ауыр қылмысқа айыптап, оған сырттай үкім шығарып, өмір бойына түрмеге кескен. Әблязов бұл айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеп, оларды жоққа шығарған. 2019 жылы наурызда Еуропарламент қабылдаған қарарында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.

ҚДТ-дан бөлек наурыздың 1-і күні шеруге шығуға жас белсенділер құрған "Oyan, Qazaqstan" азаматтық қозғалысы, "Демократиялық партия" құру жөніндегі бастамашыл топ және Respublika қозғалысы да шақырған.

Жұма күні Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарға "заңсыз шеруге" қатысқандардың әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертті. Қазақстанда заң бойынша, жұрт митингіге шығу үшін жергілікті әкімдіктен алдын ала рұқсат алуы тиіс.

Ақпанның 29-ы күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің қазасы жайлы алғаш рет пікір білдірді.

"Ірі қоғамдық резонанс тудырған іспен мұқият танысып шықтым. Өкінішке қарай, белсенді Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды деп сеніммен айта аламын. Басқаша тұжырымдау - ақиқатқа қарсы шыққандық. Бәріміз Жаратушының еркіне бойұсынамыз" деді Тоқаев в Infomburo.kz басылымына берген сұхбатында. Президент бұл сөзін белсендінің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс тергеуі аяқталмай және сот-медициналық сараптама қорытындысы шығарылмай тұрып айтты. Бұған дейін қылмыстық істі тексеріп жатқан Нұр-Сұлтан прокуратурасы барша жұртты сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шықпай тұрып, "асығыс байлам жасамауға" шақырған еді.

Ағаділ жерленгеннен кейін бірнеше сағаттан соң әлеуметтік желіде тараған видеода автор марқұмның денесін көрсетіп, ондағы қара дақтар "соққы іздері болуы мүмкін" деген тұжырым жасаған. Видеоны жариялаған Ағаділдің серіктері "жүрек талмасынан көз жұмды" деген билік мәлімдемесіне сенбегендіктен видеоны түсіргенін, оны арнайы мамандарға (патологоанатом) көрсеткісі келгенін айтқан.

Ақпанның 28-і күні Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы видеоның интернетке белсендінің жақындарының рұқсатынсыз жарияланып кеткенін айтып, марқұмның сүйегіндегі қара дақтар - "биологиялық өлім белгілері" деп мәлімдеген.

Дулат Ағаділдің анасы мен әпкесі Азаттыққа видеоны өздерінің келісімінсіз жариялағандардың үстінен прокуратураға шағым түсіргенін растады. Ағаділдің шешесі Гүлбаршын Жолмұхамбетова бұған қоса ақпанның 24-і күні түнде ұлын үйінен ұстап әкеткен полицейлердің үстінен де арызданғанын айтты.

43 жасында мезгілсіз қаза болғанға дейін Дулат Ағаділ әлеуметтік желіде белсенді блогер ретінде танылды. Ол қоғамда резонанс туғызған соттар мен наразылықтарға қатысып, тікелей трансляция жүргізді. Ағаділ биліктен саяси тұтқындарды босатуды, азаптауды тоқтатуды, азаматтардың бейбіт шеру өткізу бостандығын қамтамасыз етуді және әділ сайлауды талап етіп, наразылық акцияларына қатысты. Өткен жылы Дулат Ағаділ бірнеше мәрте әкімшілік жауапқа тартылып, кемінде 60 тәулік қамауда отырып шыққан еді.

Дулат Ағаділ өзіне билік таққан "полицияға қарсылық көрсетті", "сотты құрметтемеді", "заңсыз митингіге шықты" және "әлеуметтік желі арқылы жұртты заңсыз шеруге шақырды" деген айыптарды жоққа шығарған.

Айдар
XS
SM
MD
LG