Accessibility links

"Диссиденттен саяси тұтқынға айналды". Арон Атабек және Шаңырақ оқиғасы

Арон Атабектің Шаңырақ оқиғасы кезіндегі суреті. Алматы, 14 шілде 2006 жыл.
Арон Атабектің Шаңырақ оқиғасы кезіндегі суреті. Алматы, 14 шілде 2006 жыл.

Полиция өкілі қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен Шаңырақ оқиғасына 15 жыл толды. Билік даулы санаған жер мен үйлерді жұртқа заңдастырып берді. Бұл іс бойынша сотталған екі адам әлі түрмеде отыр. Оның бірі – 68 жастағы Арон Атабекті босатуды сұраған көптің өтінішін билік елеусіз қалдырды. Саяси тұтқын атанған ақын һәм диссидент өзін кінәсіз санайтындықтан бостандыққа сұранбайтынын айтады.

– Шаңырақтағы сай дедіңіз бе? Полициямен қақтығыс болған жер ғой, сол маңда тұрамын. Отырыңыз, – қайда баратынымды естіген таксист жігіт жылдам қимылдап көлігінің есігін айқара ашты.

Күннің қызуы төрт терезесін түгел ашып тастаған ескі көліктің төбесін ерітіп жіберердей өртеніп тұр. Тер басқан бетін мойнындағы орамалмен сүртіп қойып келе жатқан Нұрлан такси қызметін көрсетіп отбасын асырап жүргеніне тоғыз жыл болғанын айтады. Оған дейін он жылдай құрылыста істепті. Үш баласы кәмелетке толмаған, әйелі жұмыс істемейді екен.

Шаңырақ ықшамауданындағы көшеде кетіп бара жатқан жеңіл көлік. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
Шаңырақ ықшамауданындағы көшеде кетіп бара жатқан жеңіл көлік. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.

– 2003 жылы құрылыста жүргенде Шаңырақтан алақандай жер сатып алып, ауылдан бауырларым көмекке келіп, үй салғам. Сөйтсем, жер сатқандар алаяқ екен. Бізге берген қағазда билік өкілінің қолы қойылып, мөрі басылғанымен, жарамсыз болып шықты. Не істерімізді білмей біраз сенделдік қой, тек осы Шаңырақ оқиғасынан кейін билік ол жерді заңдастырып берді, – дейді Нұрлан.

– Өзіңіз қақтығыс қалай болғанын көрдіңіз бе?

– Жоқ, сол күні ертемен жұмысқа бара жатқанымда сайдың бергі жағында ел жиналып, жолды жауып тұрғанын, арғы жақта полиция қызметкерлеріне оншақты әйел жиналып, әлденені айтып жатқанын ғана көрдім. Кешке үйге оралғанда қатты шайқас болып, көп адам зардап шеккенін естідім.

2006 жылы 14 шілдеде Алматының іргесіндегі Шаңырақ ауылына "жерді заңсыз иеленіп" алғандардың үйін сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық көрсеткен. Тура бір апта бұрын Түрксіб ауданына қарасты Бақай ауылында осындай "заңсыз салынған" ондаған үйді бірнеше сағаттың ішінде трактормен таптап бұзған еді.

Билік өкілдері трактормен таптап бұзған үйінің жұртында жылап отырған адамдар. Бақай, Алматы, 7 шілде 2006 жыл.
Билік өкілдері трактормен таптап бұзған үйінің жұртында жылап отырған адамдар. Бақай, Алматы, 7 шілде 2006 жыл.

Бақайда болған жағдайды естіген Шаңырақ тұрғындары – елдің түрлі өңірінен күнкөріс қамымен Алматыға көшіп келген азаматтар баспанасын қорғауды ұйғарған. Қазақстанның жаңа тарихына Шаңырақ оқиғасы деген атаумен енген қақтығыс кезінде ондаған адам зардап шекті.

Билік өкілдері мен тұрғындар арасында болған қақтығыс барысында полиция қызметкеріне әлдекімдер от қойып, қатты күйіп қалған жас офицер бірнеше күннен кейін ауруханада жан тапсырды.

Шаңырақ оқиғасы, 14 шілде 2006 жыл.

Шаңыраққа ертең сот шешімін орындаушылар келіп, тұрғын үйлерді бұзады дегенді естіген жұрт түнді көз ілмей өткізді.
1/25 Шаңыраққа ертең сот шешімін орындаушылар келіп, тұрғын үйлерді бұзады дегенді естіген жұрт түнді көз ілмей өткізді.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Шаңырақта негізінен елдің өзге өңірлерінен күнкөріс қамымен Алматыға қоныс аударғандар тұратын. Сот "олар заңсыз иеленіп алған жерге баспана тұрғызған" деп шешім шығарған.
2/25 Шаңырақта негізінен елдің өзге өңірлерінен күнкөріс қамымен Алматыға қоныс аударғандар тұратын. Сот "олар заңсыз иеленіп алған жерге баспана тұрғызған" деп шешім шығарған.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Шаңырақтың шетіне полиция жасағы шілденің 14-і ертемен, күн шықпай кірді.
3/25 Шаңырақтың шетіне полиция жасағы шілденің 14-і ертемен, күн шықпай кірді.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Өз баспанасын қорғауға бекінген тұрғындар кіреберіс жолды тас үйіп, ескі автокөлік дөңгелектерін қойып жауып тастады.
4/25 Өз баспанасын қорғауға бекінген тұрғындар кіреберіс жолды тас үйіп, ескі автокөлік дөңгелектерін қойып жауып тастады.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Полицияның алдынан шыққан әйелдер олардан елді мекенге кірмей-ақ қоюын жалынып сұрады.
5/25 Полицияның алдынан шыққан әйелдер олардан елді мекенге кірмей-ақ қоюын жалынып сұрады.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Оппозиция белсендісі Рысбек Сәрсенбай (ортада) полицияны даулы мәселені келіссөз арқылы бейбіт жолмен шешуге үндеді.
6/25 Оппозиция белсендісі Рысбек Сәрсенбай (ортада) полицияны даулы мәселені келіссөз арқылы бейбіт жолмен шешуге үндеді.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Басшылардан сот шешімін орындау туралы бұйрық алған полицияның алдын кес-кестеген әйелдер оларды тоқтатуға тырысты.
7/25 Басшылардан сот шешімін орындау туралы бұйрық алған полицияның алдын кес-кестеген әйелдер оларды тоқтатуға тырысты.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Полиция жасағы әйелдердің әлсіз тосқауылын бұзып өтіп, Шаңыраққа кіруге бет алды.
8/25 Полиция жасағы әйелдердің әлсіз тосқауылын бұзып өтіп, Шаңыраққа кіруге бет алды.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Полиция әйелдерге күш қолданған соң, бағанадан оқиғаны алыстан сырттай бақылап тұрған адамдар полицейлерге тас лақтыра бастады.
9/25 Полиция әйелдерге күш қолданған соң, бағанадан оқиғаны алыстан сырттай бақылап тұрған адамдар полицейлерге тас лақтыра бастады.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Бетпе-бет қақтығыстан соң полиция кейін шегінді, екі жақтан да жараланғандар болды.
10/25 Бетпе-бет қақтығыстан соң полиция кейін шегінді, екі жақтан да жараланғандар болды.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Шаңырақ тұрғындары Алматы полициясы бастығының орынбасары Нұрлан Самалиховтан (оң жақтан екінші) жасақты алып кетуін өтінді.
11/25 Шаңырақ тұрғындары Алматы полициясы бастығының орынбасары Нұрлан Самалиховтан (оң жақтан екінші) жасақты алып кетуін өтінді.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Осындай талап-тілекті Шаңырақ өкілдері осы жерге келген Алматының Әуезов ауданы әкімі Владимир Устюговке (оң жақтан төртінші) де айтты.
12/25 Осындай талап-тілекті Шаңырақ өкілдері осы жерге келген Алматының Әуезов ауданы әкімі Владимир Устюговке (оң жақтан төртінші) де айтты.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Билік сөзімізге құлақ асар деп үміттенген тұрғындар өздері алғашқы қақтығыс кезінде кепілге алған полицейлерді босатты.
13/25 Билік сөзімізге құлақ асар деп үміттенген тұрғындар өздері алғашқы қақтығыс кезінде кепілге алған полицейлерді босатты.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Бірақ біраздан соң полиция қайтадан Шаңыраққа кіруге бірнеше мәрте әрекет жасады.
14/25 Бірақ біраздан соң полиция қайтадан Шаңыраққа кіруге бірнеше мәрте әрекет жасады.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Бұл жолы полиция тұрғындарға қарсы түрлі арнайы құрал қолданып, өрт сөндіретін команданы да жұмылдырды.
15/25 Бұл жолы полиция тұрғындарға қарсы түрлі арнайы құрал қолданып, өрт сөндіретін команданы да жұмылдырды.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Полицейлер үйді сүруге қарсылық танытқан адамды әкетіп бара жатыр.
16/25 Полицейлер үйді сүруге қарсылық танытқан адамды әкетіп бара жатыр.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Мұндай шараға алғаш рет қатысқан кейбір полиция қызметкерінің жүзінен абыржып қалғаны байқалады.
17/25 Мұндай шараға алғаш рет қатысқан кейбір полиция қызметкерінің жүзінен абыржып қалғаны байқалады.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Әлдекімдер тұрғындар кепілге алған полиция офицерінің үстіне жанғыш зат құйып, от қойды.
18/25 Әлдекімдер тұрғындар кепілге алған полиция офицерінің үстіне жанғыш зат құйып, от қойды.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Қатты күйген 24 жастағы полиция офицері Әсет Бейсенов бірнеше күннен соң ауруханада дүние салды.
19/25 Қатты күйген 24 жастағы полиция офицері Әсет Бейсенов бірнеше күннен соң ауруханада дүние салды.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Шаңырақ оқиғасы кезінде жараланған диссидент, ақын Арон Атабек. Кейін сот оны &quot;Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды&quot; деп танып, <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/1831499.html" target="_self">18 жылға соттады</a></strong>. Тағы үш адамға 14, 15 және 16 жыл түрме жазасын кесті. 20 адамға 1-3 жыл аралығында шартты жаза беріліп, 1 адам ақталды. Түрмеде аурудан әбден әлсіреген Атабекті 2021 жылы күзде өзін толық ақтау туралы талабын орындамастан қамаудан шығарды. Ол денсаулығының нашарлауына түрмедегі қатаң жағдай мен азаптау себеп болғанын айтқан. Арон Атабек 2021 жылы 24 қарашада 68 жасында Алматыда <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-the-funeral-of-kazakh-dissident-poet-aron-atabek/31580523.html" target="_self">қайтыс болды</a></strong>.
20/25 Шаңырақ оқиғасы кезінде жараланған диссидент, ақын Арон Атабек. Кейін сот оны "Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп танып, 18 жылға соттады. Тағы үш адамға 14, 15 және 16 жыл түрме жазасын кесті. 20 адамға 1-3 жыл аралығында шартты жаза беріліп, 1 адам ақталды. Түрмеде аурудан әбден әлсіреген Атабекті 2021 жылы күзде өзін толық ақтау туралы талабын орындамастан қамаудан шығарды. Ол денсаулығының нашарлауына түрмедегі қатаң жағдай мен азаптау себеп болғанын айтқан. Арон Атабек 2021 жылы 24 қарашада 68 жасында Алматыда қайтыс болды.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Әрекеттері сәтсіз аяқталған соң полиция Шаңырақтан кетті, бірақ жұрт олардың қайтып келуінен сақтанып біразға дейін тарамады.
21/25 Әрекеттері сәтсіз аяқталған соң полиция Шаңырақтан кетті, бірақ жұрт олардың қайтып келуінен сақтанып біразға дейін тарамады.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Жол үстінде өртке қарсы қызметтің отқа оранған автокөлігі қалды.
22/25 Жол үстінде өртке қарсы қызметтің отқа оранған автокөлігі қалды.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Ашу-ызаға булыққан топтың қаһарынан полицейлерді Шаңырақ тұрғындарының өздері қорғап, оларға араша түсті.
23/25 Ашу-ызаға булыққан топтың қаһарынан полицейлерді Шаңырақ тұрғындарының өздері қорғап, оларға араша түсті.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Тұрғындар қақтығыс кезінде жараланған полиция қызметкерлерін медициналық жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
24/25 Тұрғындар қақтығыс кезінде жараланған полиция қызметкерлерін медициналық жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Шаңырақ қақтығысында жеңіске жеткен тарап болған жоқ. Бұл оқиға қоғам мәселесін күш қолданып шешуге болмайтынын көрсетті.
25/25 Шаңырақ қақтығысында жеңіске жеткен тарап болған жоқ. Бұл оқиға қоғам мәселесін күш қолданып шешуге болмайтынын көрсетті.
Алматының "Шаңырақ" ықшам ауданында "заңсыз салынған үйлерді" сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті халық қарсылық танытты. Полиция жасағы мен тұрғындар арасында қақтығыс болып, салдарынан бір полицей қаза болды, ондаған адам зардап шекті. Шаңырақ оқиғасы кезінде Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Previous slide
Next slide

2007 жылы 5 қазанда Алматы қаласының соты "Шаңырақ ісі" бойынша айып тағылған 25 адамға үкім шығарды.

Сот "тәртіпсіздікті ұйымдастырған" деп тапқан диссидент ақын Арон Едігеевті (Атабек – әдеби бүркеншік аты) – 18 жылға бостандығынан айырды. "Полиция өкілінің қазасына кінәлі" деп танылған Құрманғазы Өтегеновке 16 жыл түрме жазасын кесті. Ерғанат Тараншиев – 15, Рүстем Тұяқов – 14 жылға түрмеге қамалды.

Бұған қоса сот тағы 18 адамға үш жылдан шартты жаза кесті. Екі адам бір жылдан шартты мерзімге сотталып, бір адам ақталды.

Шаңырақ ісі бойынша сот, 5 қазан 2007 жыл

Үкім шығатын күні таңертең Алматы қалалық сотының алдына айыпкерлердің туыстары мен дос-жарандары жиналды.
1/13 Үкім шығатын күні таңертең Алматы қалалық сотының алдына айыпкерлердің туыстары мен дос-жарандары жиналды.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Соттың ашық өтетіні туралы биліктің уәдесі болғанымен, келген жұрттың жолын шеппен тұрған полиция бөгеп, сот залына кіргізбеді.
2/13 Соттың ашық өтетіні туралы биліктің уәдесі болғанымен, келген жұрттың жолын шеппен тұрған полиция бөгеп, сот залына кіргізбеді.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Сот залының есігін мықтап күзеткен полициядан ішке қарай айыпкерлердің қорғаушылары әзер өтті.
3/13 Сот залының есігін мықтап күзеткен полициядан ішке қарай айыпкерлердің қорғаушылары әзер өтті.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Сот және полиция өкілдері &quot;залда бос орын жоқ&quot; деген сылтаумен, айыпкерлердің туған-туыстарын ішке өткізбей қойды.
4/13 Сот және полиция өкілдері "залда бос орын жоқ" деген сылтаумен, айыпкерлердің туған-туыстарын ішке өткізбей қойды.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Ең жақын адамына сот үкімі шыққалы жатқанда полицейлер ғимаратқа кіргізбеген соң, әйел шарасыздықтан жылап жіберді.
5/13 Ең жақын адамына сот үкімі шыққалы жатқанда полицейлер ғимаратқа кіргізбеген соң, әйел шарасыздықтан жылап жіберді.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Сот залындағы орындардың жартысында полиция формасындағы және жай киім киген адамдар отырды.
6/13 Сот залындағы орындардың жартысында полиция формасындағы және жай киім киген адамдар отырды.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Қоғамдық қорғаушы Жасарал Қуанышалин залдағы орындарды полиция өкілдері мен жай киімді &quot;бейтаныс адамдардан&quot; босатып, айыпкерлердің сыртта қалған туыстарын ішке кіргізуді талап етті.
7/13 Қоғамдық қорғаушы Жасарал Қуанышалин залдағы орындарды полиция өкілдері мен жай киімді "бейтаныс адамдардан" босатып, айыпкерлердің сыртта қалған туыстарын ішке кіргізуді талап етті.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Сотқа келгендердің арасында оппозиция қайраткерлері Болат Әбілов пен Төлеген Жүкеев, тәуелсіз журналистер Еермұрат Бәпи, Бақытгүл Мәкімбай болды.
8/13 Сотқа келгендердің арасында оппозиция қайраткерлері Болат Әбілов пен Төлеген Жүкеев, тәуелсіз журналистер Еермұрат Бәпи, Бақытгүл Мәкімбай болды.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Қылмыстық іс бойынша 25 адамға &quot;Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, билікке бағынбады&quot; деген айыптар тағылды.
9/13 Қылмыстық іс бойынша 25 адамға "Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, билікке бағынбады" деген айыптар тағылды.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Ақын Арон Атабекке (Едігеев) &quot;Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, кісі өлтіруге қатысқан&quot; деген айып тағылды.
10/13 Ақын Арон Атабекке (Едігеев) "Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, кісі өлтіруге қатысқан" деген айып тағылды.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Қылмыстық істі Алматы қалалық сотының төрағасы Адайбек Бейімбетов (ортада) бастаған үш қазы қарады.
11/13 Қылмыстық істі Алматы қалалық сотының төрағасы Адайбек Бейімбетов (ортада) бастаған үш қазы қарады.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Сот Арон Атабекке - 18 жыл, &quot;полиция өкілін өлтірген&quot; деген айып тағылған Құрманғазы Өтегеновке (оң жақтан бірінші) 16 жыл түрме жазасын кесті.
12/13 Сот Арон Атабекке - 18 жыл, "полиция өкілін өлтірген" деген айып тағылған Құрманғазы Өтегеновке (оң жақтан бірінші) 16 жыл түрме жазасын кесті.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Сот тағы екі адамға 14 және 15 жыл түрме жазасын, 20 адамға 1-3 жыл аралығында шартты жаза беріп, 1 адамды ақтады. Көп жыл түрмеде отырып, аурудан әбден әлсіреген Арон Атабекті билік 2021 жылы күзде өзін толық ақтау туралы талабын орындамастан қамаудан шығарды. Диссидент ақын денсаулығының нашарлауына түрмедегі қатаң жағдай мен азаптау себеп болғанын айтқан. Арон Атабек 2021 жылғы 24 қарашада 68 жасында Алматыда&nbsp;<strong><a href="https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-the-funeral-of-kazakh-dissident-poet-aron-atabek/31580523.html" target="_self">қайтыс болды</a></strong>.
13/13 Сот тағы екі адамға 14 және 15 жыл түрме жазасын, 20 адамға 1-3 жыл аралығында шартты жаза беріп, 1 адамды ақтады. Көп жыл түрмеде отырып, аурудан әбден әлсіреген Арон Атабекті билік 2021 жылы күзде өзін толық ақтау туралы талабын орындамастан қамаудан шығарды. Диссидент ақын денсаулығының нашарлауына түрмедегі қатаң жағдай мен азаптау себеп болғанын айтқан. Арон Атабек 2021 жылғы 24 қарашада 68 жасында Алматыда қайтыс болды.
Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты. Фотоларды түсірген – Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы
Previous slide
Next slide

Түрме жазасын алған төртеу тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген. Жақтастары оларға "қолдан жасалған айып тағылған" деп санайды. Шаңырақ ісі бойынша сотқа төрағалық еткен судья Адайбек Бейімбетов кейін Азаттыққа сұхбатында сотталғандарға тағылған айыптың "бәрі видеоматериалда қолмен қойғандай көрініп тұр, ол үкімге қазір де қол қоя аламын" деген еді.

Тараншиев пен Тұяқов 2018 жылы мерзімінен бұрын босап шықты. 2013 жылы түрме әкімшілігінің "заңды талабына бағынбағаны" үшін Өтегеновтің жаза мерзіміне тағы екі жарым жыл қосылған.

ШАҢЫРАҚТЫҢ БҮГІНГІ ТЫНЫСЫ

Қазір Алматының Алатау ауданына қарайтын Шаңырақ ықшам ауданына асфальт төселген көшемен келіп кірдік. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын Шаңырақта кейінгі он бес жылда көп нәрсе өзгерген.

15 жыл бұрын осы жерде полиция мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болған. Қазір асфальт төселген жолдың екі жағында жеке үйлер тұр. Шаңырақ ауылы, Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын осы жерде полиция мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болған. Қазір асфальт төселген жолдың екі жағында жеке үйлер тұр. Шаңырақ ауылы, Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.

Таксист Нұрлан екі жағында қаз-қатар үйлер салынып, жарық бағандары орнатылған көшенің бір тұсына тоқтап, "діттеген жеріңізге де келдік" деді.

Күн ыстық болғасын ба, көшеде жүрген адам аз. Мектеп жанындағы аялдамада қала ішінде жүретін автобусты күтіп бірнеше кісі тұр.

Жол бойындағы дүкеннен азын-аулақ көкөніс салынған пакет ұстап шыққан адамды сөзге тарттық. 42 жастағы Бейбіт Әжітаевтың Шаңырақта тұрып жатқанына бес жыл болыпты. Алматыға 2005 жылы Жаркент қаласынан көшіп келген екен.

Шаңырақ тұрғыны Бейбіт Әжітаев биыл көкөністің күрт қымбаттап кеткенін айтады. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
Шаңырақ тұрғыны Бейбіт Әжітаев биыл көкөністің күрт қымбаттап кеткенін айтады. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.

– Орбита ықшамауданында тұрғам, бірақ пәтер қымбаттады. Қазір осында біреудің аядай бір бөлмесін жалдап тұрамыз. Әйелім төртінші балаға босанғасын көп балалы отбасы ретінде үй кезегіне тұрдық. Кім білсін, ол кезек қашан келетінін, күтеміз, қайтеміз енді. Өзім сатып алуға ақша жоқ, үйді қойып тамақ сатып алу қиындап кетті қазір. Міне, бұрын бір-бір жарым келі сатып алатын ақшаға мына төрт тал қияр мен екі қызанақ алдым үйге, түскі асқа талғажау етеміз, – дейді ол қолындағы көкөністі көрсетіп.

Бейбіт Әжітаев 15 жыл бұрын Шаңырақта болған оқиға жайлы онша хабары жоғын айтты. "Әйтеуір жер үшін бір шайқас болған дейді, бірақ бүге-шігесін білмеймін" деді ол.

62 жастағы Балғабай Қыстаубаев осыдан үш жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келіпті. Қазір екі ұлымен бірге Шаңырақта тұрып жатыр.

Шаңырақ ықшамауданында тұратын Балғабай Қыстаубаев. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
Шаңырақ ықшамауданында тұратын Балғабай Қыстаубаев. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.

– Анау жерде біреудің үйінде тұрамыз, өзім ештеңе істемеймін, денсаулығым жарамайды. Балалар азаннан кешке дейін жұмыста, әзірге өз баспанасы жоқ, – дейді ол.

– Он бес жыл бұрын осында болған қақтығыс жайлы не білесіз?

– Қандай қақтығыс?

– "Жерді заңсыз пайдаланып отырсыңдар" деп үйін сүруге келген полицияға жергілікті халық қарсылық танытқан. Көп адам зардап шегіп, бір полицей мерт болған. Кейін бірнеше адам сотталды. Олар жайлы не білесіз?

– Жоқ, естімеппін ондайды.

Көшеде кетіп бара жатқан жолаушы автобусы. Шаңырақ, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
Көшеде кетіп бара жатқан жолаушы автобусы. Шаңырақ, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.

Ары-бері өтіп жатқан тағы бірнеше қыз-жігіт, мектеп жасындағы балалардан да сұрап көрген едік. Бірақ ешбірі Шаңырақ оқиғасы жайлы жарытып ештеңе айта алмады.

Бір кезде қарсы жолыққан орта жастағы ер адам ғана оқиға жайлы білетін болып шықты. Өзін Арман Өміржанов деп таныстырған ол суретке түсуден бірден бас тартты. Шаңырақта тұрып жатқанына жиырма жылдан асыпты.

– Мына Шаңырақ-1 мен Шаңырақ-2 арасындағы сайда салынған үйлерде тұрып жатқан халық жалғыз баспанасынан айрылатын болғасын еріксіз қарсы шықты ғой күреске. Шындығында ол тұруға қолайсыз, сазды жер еді. Бірақ басқа жерден үй салуға не сатып алуға шамасы жоқ жандар өзінше амалдап, қарызданып-қауғаланып жүріп салып алған ғой баспананы, – дейді ол.

Арманның пікірінше, кейін тұрғындардың жері мен үйін бәрібір заңдастырып берген билік әу баста келіссөзбен шешкенде, іс насырға шаппас еді.

Полиция жасағының кезекті мәрте шабуылға шыққан кезі. Шаңырақ, Алматы, 14 шілде 2006 жыл.
Полиция жасағының кезекті мәрте шабуылға шыққан кезі. Шаңырақ, Алматы, 14 шілде 2006 жыл.

– Ақыр соңында қан төгілді, бір полиция мерт болды, қаншама адам сотталды. Оларға қысым да көрсеткенін жақында Рүстем Тұяқов сұхбатында айтты, анау диссидент Арон әлі отыр, халық оны саяси тұтқын деп жүр. Әділет болмады ғой, жұрт үйін қорғағаны үшін жазықты болды, – дейді Шаңырақ тұрғыны.

2006 жылғы 14 шілде оқиғасынан кейін билік Шаңырақ тұрғындарына даулы жер телімін заңдастыруға рұқсат етті. Қала шетіне коммуникация тартып, инфрақұрылым жасады. Алматыда Алатау ауданы деген жаңа аудан құрылып, Шаңырақ соның құрамына ықшамаудан болып енді.

Шаңырақтың қазіргі келбеті

Шаңырақ ауылындағы №26 орта мектеп. Он бес жыл бұрын мектеп ғимараты жалғыз қабат болатын. Қақтығыс болған күні ол полиция штабына айналған еді.&nbsp;Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
1/10 Шаңырақ ауылындағы №26 орта мектеп. Он бес жыл бұрын мектеп ғимараты жалғыз қабат болатын. Қақтығыс болған күні ол полиция штабына айналған еді. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақтағы №26 орта мектептің қасынан өтіп бара жатқан &quot;Зил-130&quot; жүк көлігі.
2/10 Шаңырақтағы №26 орта мектептің қасынан өтіп бара жатқан "Зил-130" жүк көлігі.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақтан Алматының орталық бөлігіне бірнеше бағыт бойынша автобус қатынайды.
3/10 Шаңырақтан Алматының орталық бөлігіне бірнеше бағыт бойынша автобус қатынайды.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақ ауылында көшеде кетіп бара жатқан жеңіл көлік. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
4/10 Шаңырақ ауылында көшеде кетіп бара жатқан жеңіл көлік. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақта көшеде такси ұстап тұрған адамдар. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
5/10 Шаңырақта көшеде такси ұстап тұрған адамдар. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақ тұрғыны Бейбіт Әжітаев биыл көкөніс күрт қымбаттап кеткенін айтады. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
6/10 Шаңырақ тұрғыны Бейбіт Әжітаев биыл көкөніс күрт қымбаттап кеткенін айтады. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақ ауылындағы көшеде. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
7/10 Шаңырақ ауылындағы көшеде. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақ көшесіндегі жолаушы автобусы. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
8/10 Шаңырақ көшесіндегі жолаушы автобусы. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақ көшесінде. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
9/10 Шаңырақ көшесінде. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақ ауылында, Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
10/10 Шаңырақ ауылында, Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Previous slide
Next slide

ТҮРКОЛОГ, АҚЫН, ДИССИДЕНТ

Шаңырақ ісі бойынша ең ауыр жаза алған, қазір 68 жастағы Арон Едігеев (Атабек – әдеби лақап есімі) қоғамдық-саяси қызметке совет кезінен араласқан. Замандастары оның СССР тұсында коммунистік билікке, Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін авторитарлық жүйеге қарсы күрескен диссидент ретінде танылғанын айтады.

Ресейдің Астрахань облысында дүниеге келген Арон Атабек Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Кейін Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің моңғолистика және түркология кафедрасы аспирантурасында оқыған. Біраз уақыт кино, баспа саласында жұмыс істеген.

Мәскеудің шешіміне наразылық білдіріп, Алматының орталық алаңына бейбіт шеруге шыққан қазақ жастары. 17 желтоқсан 1986 жыл. Орталық мемлекеттік архив қорындағы сурет.
Мәскеудің шешіміне наразылық білдіріп, Алматының орталық алаңына бейбіт шеруге шыққан қазақ жастары. 17 желтоқсан 1986 жыл. Орталық мемлекеттік архив қорындағы сурет.

Куәгерлердің айтуынша, 1986 жылы желтоқсанда Геннадий Колбинді Қазақ ССР-і компартиясына басшы етіп жіберген Мәскеудің шешіміне наразылық білдіріп, Алматының орталық алаңына шыққандардың арасында Арон Атабек те болған. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сотталған совет диссиденті Хасен Қожа-Ахмет Аронды 17 желтоқсанда алаңнан көргенін айтады.

– Қазақ радиосында бірге істейтін Жарқын Шәкәрім, Ерсайын Байғабылов үшеуміз күндіз алаңға барып қайтқанбыз, мінберге қарсы екі жүздей адам тұр екен, басшылардан ешкім жоқ. Кешке алаңға қайта бардым, ол кезде алаңға милиция көп жиналып қалыпты. Арон мен Рашидті (Арон Атабектің туған інісі Рашид Нұтышев – ред.) сол жерде кездестірдім, түнде бірге болдық. Ал кейін мен сотталып кеткен соң Мәскеуден Алмас Естеков Хельсинки тобының саяси тұтқындар тізімінде аты-жөнім барын айтып, менің тағдырымды білуге іздеп келгенде Арон мен Рашид екеуі оны үйіме ертіп барыпты, – дейді Хасен Қожа-Ахмет.

Ресми ақпарат бойынша, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін Қазақстанда 99 адам түрлі мерзімге түрмеге қамалған (2 адам ату жазасына кесілген).

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан төртеу (солдан оңға): Ертай Көпесбаев, Түгелбай Тәшенов, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев сотта тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. Юрий Беккер түсірген сурет.

Арон Атабек өз естелігінде 1989 жылғы сәуірде СССР халық депутаттарының бірінші съезіне 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қайта баға беріп, оған қатысқаны үшін сотталғандардың барлығын толық ақтап, түрмеден босатуды және Қазақстанға егемендік беруді талап етіп, Мәскеудегі билікке петиция жазуды ұйымдастырғанын айтады. Оның сөзінше, хатқа қазақ ақын-жазушылары Сафуан Шаймерденов, Фариза Оңғарсынова, Әбдіжәміл Нұрпейісов, академик Әбдуали Қайдар, профессор Мекемтас Мырзахметов қол қойған. Бұл сөзін Хасен-Қожахмет те растайды.

– Ол кезде, 1989 жылы сәуірде Тбилисиде совет әскері бейбіт шеруге шыққан халықты солдат күрегімен ұрып таратып, ондаған адам қаза тапқан. Грузиядан сайланған депутаттар наразылық ретінде толық құрамда съезге қатысудан бас тартқан. Сондай кезде Арондар әлгі талап хатты съез мінберінен айтқызуға күш салған, сөйтіп оны Мұхтар Шахановқа оқытты ғой, – дейді совет диссиденті.

СССР халық депутаттарының бірінші съезі. Академик Андрей Сахаров (сол жақта) пен Черкасск қалалық партия комитетінің (Украина) бірінші хатшысы Сергей Червонопискийдің пікірталасы. Мәскеу, 1 маусым 1989 жыл.

Ол Совет одағында тоталитарлық жүйенің құрсауын сөгіп, коммунистік идеологияға балама ой-пікір айтқан бейресми қозғалыстар мен бірлестіктер пайда бола бастаған кезең еді. Қазақстанда сондай алғашқы ұйымдардың бірі – "Жерұйық" тарихи-этнографиялық қоғамын құруға Арон Атабек атсалысты. Хасен Қожа-Ахметтің сөзінше, "Жерұйық" пен "Желтоқсан" ұйымдары 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының үш жылдығына арнайы шара ұйымдастыру бастамасын көтереді.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысып сотталған Хасен Қожа-Ахмет Арқалық түрмесінде. 1988 жылғы қазан. "Қазақтелефильм" түсірген "Версия" деректі фильмінен скриншот.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысып сотталған Хасен Қожа-Ахмет Арқалық түрмесінде. 1988 жылғы қазан. "Қазақтелефильм" түсірген "Версия" деректі фильмінен скриншот.

– Бұған қарсы болған қалалық атқару комитеті, тіпті Компартия орталық комитетінің адамдары бізді күнде шақырып, райымыздан қайтармақшы болды. Біз көнбедік, ақыры билік "сендер алаңға шықпай-ақ қойыңдар, жабық залда жиын өткізуге рұқсат береміз" деді. Оған келістік, сөйтіп желтоқсанның үш жылдығы қарсаңында Алматы мединституты ғимаратында Желтоқсан құрбандарын, жазықсыз жапа шеккендерді алғаш рет көпшіліктің алдында еске алып, биліктің өтірігін түгел әшкерелеп, шындықты айттық. Бізбен айтыспақшы болып келген Қазақ ССР Жоғарғы сотының төрағасы Тамас Айтмұханбетов, республика прокуроры Ғалым Елемесов ештеңе дей алмай отырып қалды. Кейін осындай жиын тағы 4 жоғары оқу орнында өтті, солардың бәрінде Арон, Аманжол Нәлібаев үшеуміз бірге қатысып, жазықсыз қудаланғандарды ақтау қажетін айтып сөйледік, – дейді Хасен-Қожахмет.

Серіктерінің сөзінше, Арон Атабек Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды толық ақтау, Қазақстанның егемендігін жариялау жайлы талапты Қазақстан компартиясы басшылығына да үнемі қойып жүрген.

– 1990 жылғы қаңтарда Алматы мақта-мата комбинатында Қазақстан коммунистерінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастармен кездесуінде Арон Атабек Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынған. Дүр көтерілген бүкіл залмен бірге соған дейін желтоқсандықтарды ғайбаттап келген партократтар да орнынан тұруға мәжбүр болды. Ол "Нұрсұлтан, халықтың қарғысына қалма!" деген жазу ұстап барған еді, – дейді сол жиынға қатысқан Мәдина Хабибула.

Қазақстан парламенті алдында наразылық акциясын өткізіп жатқан оппозициялық партиялар тіккен палатка. Алматы, 1992 жыл.
Қазақстан парламенті алдында наразылық акциясын өткізіп жатқан оппозициялық партиялар тіккен палатка. Алматы, 1992 жыл.

"АЛАШ" ПАРТИЯСЫ, "ХАҚ" ГАЗЕТІ ЖӘНЕ САЯСИ ЭМИГРАЦИЯ

1990 жылы көктемде Арон Атабек пен бірнеше серігі "Алаш" ұлттық тәуелсіздік партиясын құрғанын жариялайды. Дәл осындай атаумен газет те шығарады. Сол кездегі газет материалдарында тіркелмеген ұйымның саяси платформасында "исламшыл, түрікшіл және демократиялық" партия екені жазылды. 1991 жылдың бас кезінде Арон Атабек Мәскеуге қоныс аударып, күзден бастап "Хақ" саяси басылымын шығарып тұрды, оның "Алаш және қазақ ұлты" ("Алаш и казахская нация") деген брошюрасы көп тиражбен баспадан жарық көрді.

Сол жылы желтоқсанда тіркелмеген "Алаш" партиясының бірнеше белсендісі "Алматы мешітіне баса-көктеп кіріп, тәртіпсіздік жасады" деген айыппен тұтқындалып, сотқа тартылды. Бұдан соң "Алаш" партиясының белсенділігі бәсеңдеді.

2013 жылы Азаттыққа түрмеден берген сұхбатында Арон Атабек: "Саналы адам өзгереді, өзгермейтін нәрсе жоқ. Алғашқы мақалаларымда "Демократия. Тюркизм. Ислам" деп жазғанмын. Қазір де соны қолдаймын. Демократияны бірінші орынға қоямын. Ислам – қазақтың төл діні, тюркизм – біздің тарихымыз. Демократия мен үшін бірінші орында болған, бола береді де. Бірақ ұлттық болмыс та сақталу керек, әлеуметтік теңдік те қамтылу керек" деген еді.

"Хақ" газетіне жарияланған диссидент жазушы Кәрішал Асановтың "Президенттің күлкісіне сенбе" атты мақаласы.
"Хақ" газетіне жарияланған диссидент жазушы Кәрішал Асановтың "Президенттің күлкісіне сенбе" атты мақаласы.

Атабек Мәскеуден шығарған "Хақ" газетінде белгілі қазақ диссиденті Кәрішал Асановтың "Егемендік елесі" атты қолжазба кітабынан "Президенттің күлкісіне сенбе" деген тақырыппен үзінді жарияланды. Осыған байланысты 1992 жылы Қазақстан тергеу орындары Арон Атабекті жауапқа тартпақ болады.

Бірақ Атабек Ресейден кетіп, Әзербайжаннан пана тапқан соң, Қазақстан билігі Кәрішал Асановтың үстінен "президенттің ар-намысына тиді" деген бап бойынша іс қозғап, диссидентті тұтқындайды. "Асанов Қазақстанның жаңа тарихында осы баппен тұтқындалған алғашқы адам еді" деп жазады Қазақстан баспасөзі тарихын зерттеуші Андрей Свиридов. Кәрішал Асановтың ісі батыс елдері мен халықаралық ұйымдардың назарына ілігіп, Қазақстан билігіне сын айтылады. Ақырында "арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін" шешім қабылданады: сот Асановқа бір жыл шартты жаза кесіп, Қазақстан тәуелсіздігінің бір жылдығына орай оған амнистия жариялайды.

ҚАЗАҚСТАНҒА ОРАЛУ ЖӘНЕ БАСПАНА ҮШІН КҮРЕС

1993 жылы Әзербайжанның демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті Әбілфайыз Елшібей қызметінен кетіп, бұрынғы коммунист басшы Гейдар Әлиев билікке оралған соң Арон Атабек те Әзербайжаннан кетуді ұйғарады. Бірнеше жылдан соң Қазақстанға қайтып оралады. Келіні Мәдина Хабибуланың айтуынша, Қазақстанда ол қудалаудан қауіптеніп, шиеттей жас балаларымен бірге саяжайды паналайды. Тұрақты жұмысы, табысы болмағандықтан тұрмыс тауқыметін де тартады.

Әйтсе де өзінің сүйікті ісі – шығармашылықтан қол үзбейді. "Кочевье памяти знакам Зодиака", "Йоллыг-тегин. Памятник Куль-Тегин", "Махамбет. Өлеңдер. Стихи", "Тамга Небесного кагана", "Махамбет и эпоха" атты еңбектерін жазады.

Бақай тұрғындардың үйін сүруге қарсылық кезінде аяғынан жарақаттанған ақын, диссидент Арон Атабек. Алматы, 13 мамыр 2006 жыл.
Бақай тұрғындардың үйін сүруге қарсылық кезінде аяғынан жарақаттанған ақын, диссидент Арон Атабек. Алматы, 13 мамыр 2006 жыл.

2000 жылдардың ортасына қарай Арон Атабек "Қазақ ұлты" қоғамдық бірлестігін құрып, саяси өмірге белсене араласа бастайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған авторитар билік жүйесін сынап, өзге оппозициялық партиялармен бірге бірнеше акцияға қатысады. Ол үйсіз қазақтардың құқығын қорғайтын қозғалыс құру туралы бастама көтереді.

Алматыдағы "Әйгерім", "Бақай", "Ұлжан", "Шаңырақ" сияқты елдімекендерге елдің әр өңірінен күнкөріс қамымен көшіп келген азаматтарға өздері салып алған баспананы қорғау үшін күш біріктіруді ұсынады.

Сот "заңсыз салынған" деп шешім шығарған үйді бұзып жатқан трактор. Бақай ауылы, Алматы, 7 шілде 2006 жыл.
Сот "заңсыз салынған" деп шешім шығарған үйді бұзып жатқан трактор. Бақай ауылы, Алматы, 7 шілде 2006 жыл.

– Арон мемлекеттен қолдау таба алмай, өз күнін өзі көріп жатқан жандарды баспанасынан айырмақ болған биліктің саясатына қарсы шықты. Ол солардың сөзін сөйлеп, билікке бұл істе адам тағдырын далаға лақтырмай, мәселені шешу жолын бірлесіп табуды ұсынды. Бірақ қашанғы әдетіне басып, күшке жүгінуді құп көрген билік әлеуметтік мәселені өзі ушықтырып, саясиландырып жіберді. Арон кісі өлтіретін адам емес, оның кінәлі екеніне нақты дәлел ұсынған жоқ. Билік оны босатудың орнына, саяси тұтқын жасап отыр, – дейді Хасен Қожа-Ахмет.

САЯСИ ТҰТҚЫНДАР ТІЗІМІНДЕ

Сот үкімі шыққаннан кейін Арон Атабек Алматыдан тысқары жерде бірнеше түрмеде қамауда болды. 2014 жылдың сәуірінен бері Павлодар тергеу изоляторында жалғыз адамдық камерада отыр. Қамауда отырған кезде екі мәрте "түрме ішіндегі түрме" шарасымен жазаланған, яғни хат жазысу мен кездесу құқығынсыз, ұзақ уақыт жалғыз қамалған. Тұтқынның түрмеде өзіне әкімшіліктің жасаған іс-әрекетін қатыгез әрі адамның ар-намысына тию деп тануды сұраған талабы қанағаттандырылмады.

Үлескерлер мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауда көрсетілген Шаңырақ оқиғасы туралы фильмдегі ақын Арон Атабектің бейнесіне қарап отырған адамдар. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан), 11 қыркүйек 2010 жыл.
Үлескерлер мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауда көрсетілген Шаңырақ оқиғасы туралы фильмдегі ақын Арон Атабектің бейнесіне қарап отырған адамдар. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан), 11 қыркүйек 2010 жыл.

2014 жылы Атабек Павлодар түрмесінен жазған хатында ем алу жайлы өтінішін қабылдамай жатқанын хабарлаған. Алайда түрме басшысы оның денсаулығы "емделуді қажет етпейді" деп жауап берді. Диссидент енді денсаулығы жайлы ешқайда және ешкімге шағынбайтынын жазған. Кей жылы оған сәлемдеме беру де қиындап кеткен еді.

Ол 18 жылдық түрме жазасының үштен екісін өтеген соң мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу туралы өтініш білдіру құқығын иеленген. Бірақ Арон Атабек түрмеде өзімен жолыққан жергілікті құқық қорғаушыларға биліктен мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды немесе рақымшылық жасауды сұрамайтынын, себебі өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген.

Павлодардағы тергеу абақтысында отырған ақын, диссидент Арон Атабек және онымен кездесуге барған құқық қорғаушы Елена Семенова. 26 шілде 2019 жыл.
Павлодардағы тергеу абақтысында отырған ақын, диссидент Арон Атабек және онымен кездесуге барған құқық қорғаушы Елена Семенова. 26 шілде 2019 жыл.

– Ол дәрігерге қаралуға үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Тіпті жай ғана денсаулық жағдайын тексеруге де келіспейді. Мен өзінен де сұрадым, мерзімінен бұрын босату жайлы әңгіме қозғамауды өтінді, – дейді павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова.

Биыл ақпан айында Мұрат Әуезов, Ұлықбек Есдәулет, Олжас Сүлейменов, Бақыт Беделхан, Амантай Асылбек, Гүлжан Ерғалиева, Талғат Айтбай сынды бір топ ақын-жазушы мен журналист Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан түрмеде отырған диссидент ақын Арон Атабекті босатуды сұрап хат жазды.

"... Жасы 70-ке таяған қарттың екі қол мүлдем көтерілмейді, жүректің ишемиялық ауруы қан қысымы, бүйрек-өкпе, буын ауруларына т.б. өміріне қауіп төндіретін, түрме жағдайында емделуге келмейтін кеселдерге душар болды. "Көзімнің тірісінде қадірле мені!.. Өлгесін басыма көк тас қойып, құрметтеп керек емес!" деген екен бір қарт назаланып... Сол айтпақшы, халық батырын көзі тірісінде бостандыққа шығарып, денсаулығын түзетуге жағдай жасасаңыз нұр үстіне нұр болар еді. "Елім-қазағым!" деп жанын шүберекке түйген батырымыздан тас зынданда айырылып қалсақ, арымызға сын болары хақ! Ұрпақ алдында ұятты болмайық, президент мырза!" деп жазылған хатта.

Ақын-жазушылар Тоқаевтан Атабекті босатуды сұрайды. 25 ақпан 2021 ж.

Ақын-жазушылар Тоқаевтан Атабекті босатуды сұрайды. Ал диссидент "екі қолын көтере алмайды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

Бұл үндеуге Ресейдің ПЭН-Москва және "Свободное слово" ассоциациясы құқық қорғау ұйымдары да қосылып, Қазақстан билігінен Арон Атабекті қамаудан босатуды сұраған.

Алайда Қазақстан билігі әзірге ешқандай жауап берген жоқ. Адвокат Шынқуат Байжановтың айтуынша, көктемде президенттің амнистия жобасы әзірленгені туралы хабар жеткенімен, кейін жым-жырт қалған.

– Жұрт ол құжатты Назарбаевтың туған күнімен дөп келетін Астана күні мерекесіне жариялап қала ма деп күткен еді, болмады. Бәлкім, Конституция күні (30 тамыз – ред.) шығып қалар, – дейді адвокат.

Қазақстандық құқық қорғаушылар елдегі саяси тұтқындар тізімін 2013 жылдан бері тұрақты жүргізіп келеді. Осыған дейін бірнеше рет жаңартылып, жаңа есімдер қосылған бұл тізімде Арон Атабектің аты-жөні алғашқы күннен бері аталып келе жатыр.

АҚШ мемлекеттік департаментінің Адам құқықтары жөніндегі биылғы есебінде Қазақстанда саяси астары бар іспен қамауда отырған 20-дан астам адамның арасында Арон Атабек те аталған.

Биыл ақпанда Еуропарламент Қазақстандағы адам құқығы ахуалы туралы қабылдаған қарарында Нұр-Сұлтанды елде түрмеде отырған саяси тұтқындарды босатуға үндеген. Еуропарламент депутаттары олардың арасында Арон Атабекті де атаған.

Қазақстан билігі еуропалық құқық қорғаушылар мен депутаттарға түрмеде отырған Арон Атабекпен кездесуге рұқсат етпеген.

Түрмеде отырған ақын Арон Атабектің Атырау баспасынан шыққан "Сердце водолея" кітабы мен Лондонда жарық көрген "Re-zona-nce" жинағы мұқабасы.
Түрмеде отырған ақын Арон Атабектің Атырау баспасынан шыққан "Сердце водолея" кітабы мен Лондонда жарық көрген "Re-zona-nce" жинағы мұқабасы.

2010 жылы Арон Атабекке "Тұтқындағы шығармашылық иесі" (Imprisoned аrtist) номинациясы бойынша Freedom to Create халықаралық сыйлығы берілді. Ақын түрмеде жатқан кезде оның бірнеше кітабы баспадан шықты және электрон нұсқада жарияланды.

Қазақстанда саяси тұтқын барын мойындамайтын билік құқық қорғаушылардың тізіміне енген адамдарды "қасақана заң бұзушылар" деп атайды.

  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

Айдар
XS
SM
MD
LG