Алматы облысы Талғар ауданының аумағындағы күре жолдың бойында құрбан айтқа шалынатын мал саудасы қызып тұр. Мал сатушылар алыс ауылдардан келгендерін айтады. 31 тамыз 2017 жыл.
Құрбан айт алдындағы қарбалас

1
Алматы мен Талғардың арасындағы күре жолдың бойы мал базарына айналып кеткен.

2
"Бұл қойдың бағасы - 50 мың теңге" дейді иесі.

3
Жол бойында көлікпен мал сатып тұрған жігіт.

4
Құрбандыққа шалынатын мал тиелген мына бір көлікті жаяу жүргіншілер өтетін жолақтың тура аузына қойыпты.

5
Мал сатып алушылар.

6
Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісі қой шарбағының ішінде қалған.

7
Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы Калинин ескерткіші алдындағы қой саудасы.

8
Мал сатушылар үш күн бұрын Алматы облысы Райымбек ауылынан келгендеріне айтады.

9
Өздерін "Талғар аудандық ветеринарлық станциясының өкілдеріміз" деп таныстырған мына екі жігіт сатушыға "малды жол бойында союға болмайтынын" ескертіп тұр.

10
Алматы облысы Талғар ауданындағы мал саудасы.

11
"Мал сатқаныма 10 жыл болды. Бұрын "Развилкада" орналасқан базарда сатушы едік. Базарды көшірген соң амалсыз жол бойына шықтық" дейді саудагерлердің бірі.

13
Құрбан айтқа соятын мал базары.

14
Үлкен жолдың бойындағы мал базары.

15
Мал сатушылардың бірі.