Құрбан Айт қарсаңындағы Астананың көк базар маңындағы «Нұрбереке» мал базары. 24 қазан 2012 жыл. Фотоларды түсірген Өркен Жоямерген.
Астанадағы құрбан шалу
1
2
3
4
Құрбандық шалуға ниетті астаналықтардың бірі – Қайыргүл Қойбағарова. Ол былтыр 18 мыңға алған тоқтысын биыл 20 мың теңгеге сатып алды. 
5
Қайыргүл сол жерде құрбандығын Құран оқытып сойдырып, қызметі үшін қасапшы жігіттерге 1 500 теңге төледі.
6
Астаналық қасапшы
7
Шалынған құрбандықты асықпай сойғанда 1 сағат уақыттарын жұмсайтын қасапшы жігіттер басты үйітіп, ішек-қарынды сол жерде тазалап береді.
8
Сатушылардың бірі мереке қарсаңында сырттан әкелінетін қойлардың есебінен құрбандық бағасы арзандайды десе, енді бірі сұраныс болып тұрғанда тауардың қымбаттайтыны заңды деген пікірде. 
9
Шалынатын құрбандық малды арзанға сату өздеріне тиімсіз деп санайтын мал сатушылар сөйте тұра әр қойдың құнын ары кеткенде 1500-2000 теңгеге ғана қымбаттататынын айтады.
10
Сатушы Азамат Садықов үш күнге созылатын Құрбан айт мерекесі кезінде Астанаға көрші облыстар – Қарағанды, Павлодар және Семейден құрбандық үшін саудаланатын 5-6 мың бас ұсақ мал келетінін айтады.
11
Азаматтың сөзінше, ол апта басынан бері 20 қой сатып үлгерген, әрбір қойдың үстінен 1-2 мың теңге аралығында пайда көреді.
12
13
14
15
16