Мұсылмандар Ораза айт мерекесін тойлап жатыр. Үш күнге созылатын Ораза айт кезінде жұрт мешітке барады, туған-туыс, дос-жаранның үйлеріне кіріп-шығады, мұқтаж адамдарға қайырым жасайды.
Ораза айт

1
Кабулда Ораза айт кезінде әткеншек теуіп жүрген балалар.

2
Джалалабад шетінде намаз оқып тұрған ауғандықтар.

3
Карачидегі (Пәкістан) мерекеде қолындағы қыналы оюды көрсетіп тұрған қыз.

4
Ораза айт кезінде ауылдарына асыққан пәкістандықтар автобусқа отырып жатыр (Лахор).

5
Үндістанның Нью-Дели қаласында севиян деген тамақтың дәмін көріп жатқан мұсылмандар.

6
Мосулда Ораза айтты тойлап жүрген ирак қызы.

7
Ирактың Мосул қаласындағы босқындар Ораза айттың бірінші күні гуманитарлық ұйымдар жеткізген тағамдар мен сусындарды әкетіп барады.

8
Тегерандағы құлшылыққа келген әйелдер. (Иран)

9
Бішкек орталығындағы намаз.

10
Бішкектен 250 километр жердегі Шолпан-ата қаласында намаз оқып отырған бала.

11
Босниялық ер адам Сараево қаласындағы таң намазынан кейін нан сатып алып жатыр.

12
Приштинадағы (Косово) намазға келген бала.

13
Минск мешітіндегі намаз. Мешіт Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Беларуське сапары кезінде былтыр ашылған.

14
Беларусь мұсылмандарының көпшілігі - татар-липка қауымдастығы өкілдері. Бұл қауым Беларусьте 13-14-ғасырларда қалыптасқан.

15
Мәскеудегі намазға келген жамағат.

16
Евпаториядағы Жұма-Жәми мешітіндегі Қырым татарлары.

17
Йеменнен шыққан АҚШ мұсылмандарының Ораза айттың бірінші күніндегі таңғы дастарханы. (Бруклин, Нью-Йорк)